Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджменттен емтихан сратары аржы (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать
  1. Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз

Бұл тәсіл көшбасшылықты жүйелі түрде зерттеудің алғашқы талпыныстарының бірі. 1900-ші жылдардың басында көптеген ғалымдар келесі сауалға өз назарларын аударды: адамның қандай қасиеттері оны ұлы көшбасшыға айналдырады? Мысалы: Наполеон Бонапарт, Абрахам Линкольн, Махатма Ганди және т.б. Бұл теория «ұлы адамдар» теориясы деген атау алды. Ол бойынша адамдар нағыз көшбасшы болып қалыптаспайды, олар көшбасшы болып туады. Бұл теория бойынша басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталған, егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші бола алар еді. Бұл ерекшеліктер мынадай: интеллект пен білім деңгейі; әсерлі сыртқы келбет; адалдық; дұрыс бағыттағы ақыл; экономикалық және әлеуметтік білім; өзіне деген сенімділік. Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады.Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуте болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші (басқарушы) бола алар еді.Бұл ерекшеліктер төмендегідей: Интеллектуалды білім деңгейі,Әсерлі сыртқы келбет (бейне), Адалдык, Дұрыс бағыттағы ақыл т.б. Басқару қызметіме айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін құрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс.. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқару да болмайды. Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы, басқару үрдістерінің өзгермелілігі, шешілуін күтетін мәселелердің кешенділігі, жүйелік өзара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің аталмыш нысаны оның ұтымдылығының негізгі алғышарты болып табылады. Тек мазмұны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі, сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп-салдарларды жан-жақты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады.Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты – басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету.Басқару қызметкерлерінің қоғаммен, әр түрлі ұйымдармен, топтармен, бірлестіктермен байланыстарын күшейтудің де басқару стилін жетілдіруде маңызы зор. Лауазымды тұлғалардың азаматтармен өзара байланыстар, қарым-қатынастар орнатуы арқылы басқару тікелей қабылданып, кездесу барысында алған әсер негізінде басқарудың мән-мағынасы айқындалады.