Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджменттен емтихан сратары аржы (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать
  1. Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз

Миссияның мағынасы - ұйымдағы қызметтерге тиімді түрде көрсетілген себеп. Егер басқарушылар ұйым алдына қойған мақсатты білмесе, онда олардың логикалық жағынан баламаны таңдауы болмайды. Мысалы: "Бюргер Кинг" фирмасының басшылары фирманың алдына қойған мақсаты ол - адамға қымбат емес және тез дайындалған тағамдарды ұсыну болып табылса, онда олардың мәзірге 10 долларлық түстік бифштексті кіргізу немесе жаңа фирмалық 1,5 доллар тұратын сэндвичті ұсыну керектігіне логикалық жағынан ойламады.

Белгілі бір ұйым миссиясы оның статусын, қағидаларын, қызмет ету ерекшеліктерін, басшылықтың шынайы ниетін айқындайды. Сондықтан да ол жалпы ұйымның өмір сүруінің маңызды себебі. Ол ұйымның келешекке ұмтылысын, ұйымның негізгі күші қайда бағытталатынын айқындайды. Сонымен қатар бұл қызмет қандай қағдаларға негізделе отырып жүзеге асырылатынын да түсіндіреді. Миссия ұғымы әдетте келесі элементтерді қамтиды: өнім немесе қызмет сипаттамасы, негізгі тұтынушылар ды анықтау, ұйым мақсаттары- пайдалылық, өсім, технология (құрал – жабдық сипаттамасы, процесстер, инновациялар), философия (ұйым құндылықтары мен қағидаларын анықтап алу), ішкі концепция, ұйымның сыртқы көрінісі (имиджі). Бүгінгі таңда миссияны қалыптастыруға қатысты бекітіліп қойған ғылыми көзқарастар жоқ. Көптеген компаниялар тұтынушыларының қалауына, қызығушылықтарына негізделе отырып миссиясын қалыптастырады. Миссия өзінің басты мақсаты ретінде ақша табуды қарастырмау керек, себебі пайда табу – ұйымның ішкі мәселесі. Кезінде Генри Форд «Форд» компаниясының миссиясы – « халыққа қолжетімді, арзан көлікті ұсыну » деген болатын. Миссия мағынасы кез келген қызмет үшін өте ерекше: ол – фирманың барлық кейінгі мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау үшін қабылданатын жоспарлы шешімдердің негізі, қызметкерлердің зейінін таңдалған жолға бағыттауға, күштерін біріктіруге септігін тигізеді, ұйымның сыртқы қатысушыларының түсіністік танытуын және қолдауын қамтамасыз етеді.

Жалпы миссияның қысқаша нұсқасы 1-2 сөйлемнен (әдетте, ол ұйым слоганы болып табылады) тұрады және ол ұйым брендінің қалыптасуына бағытталады. Екінші нұсқасы ұйымның ішкі қолданысына арналады, ол жоғарыда аталған элементтерді қамтиды. Ұйымның мақсаттар иерархиясының орталық, бірақ жалғыз емес элементі. «Миссия» ұғымымен «құндылықтар», «мақсаттар», «мақсатты көрсеткіштер», «компетенция», «жетістікке жету жолдары» деген түсініктер қатар қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың барлығы миссияның негізінде қалыптасады.

  1. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау д/з қажетті бір шараға байланысты қабылданатын адамның ойлау ісінің нәтижесі. Сонымен қататр басқару шешімі альтернативаны таңдау болып табылады.Шешім қабылдау сонымен бірге үдеріс ретінде де қарастырылады.

«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда, ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім қабылданатын орта 3 түрге бөлінеді:

• Анықталған орта

• Тәуекелді орта

• Анықталмаған орта

Анықталған ортада шешімнің бірінші баламасын анықтап оны талдау негізінде шешім қабылдаймыз

Тәуекел ортада шешімнің екі ғана баламасы болуы мүмкін

Анықталмаған ортада мәселе бойынша ешқандай ақпарат,ешқандай шешім баламасы болмауы мүмкін

Шешімдер жіктелуі. Шешімдерді шығару және қабылдау технологиясы

Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдердің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

 Әкімшілік шешім

 Қоғамдық ұйымдар шешімі т.б.

Басқаруобъектісі б-ша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым. Жалпы шешім әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды, ал жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету объектісі б-ша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пйымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.

Шешімді жүзеге асыру 3 кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау, жүзеге асыру.

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы (коллегиалды) және ұжымдық (коллективтік) болып бөлінеді.

Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдардың келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім, немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Жекелей шешімнің түрлері:

Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарын таңдайды.

Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Ғылыми техниканың жетістіктері – негізделген шешім – есептеу, лабораториялық тәжірибе, сынақтар жасау, яғни осыған негізделген шешім.

Тәуекел шешім – қауіп-қатертөнген жағдайда пайда табу мүмкіндігі туған жағдайда қабылданады. Тәуекелсіз зор табысқа жету мүмкін емес. Батыл шешім қабылдай алмайтын менеджер – ізденіске бейімсіз, ұйым үшін қауіпті, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз, ұйымды тоқыратушы болып табылады.

Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен (алқа, кеңес т.б.) бірлесіп, ақылдасып отырыпжасалатын шешім. Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әртүрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.

Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып, сонда қабылданады.