Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджменттен емтихан сратары аржы (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

1 .Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз

2. Мотивацияға басқару функциясы ретінде анықтама беріңіз

3. Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

4. Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

5. Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз

6. Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз

7. Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз

8. Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз

9. Ішкі орта және оның факторларына сипаттама беріңіз

10. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз

11. Бақылаудың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз

12. Болжаудың сапалық әдістерін анықтап сипаттама беріңіз

13. Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз

14. Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз

15. Бақылау процесінің сатыларын анықтап, мәнін ашыңыз

16. Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз

17. Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз

18. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.

19. Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз

20. Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз

21. Дау-жанжал түсінігі мен типтеріне сипаттама беріп, оның себептерін анықтаңыз

22. Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз

23. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз

24. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз

25. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз

26. Жанама сыртқы ықпал ету ортасының мәнін ашып, оны құраушы факторлардың түрлерін белгілі бір ұйым мысалы негізінде тізбектеңіз

27. Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз

28. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының негізінде стратегия түсінігіне және стратегиялық басқаруға түсініктеме беріңіз. SWOT-талдау әдісінің мәні мен мақсатын түсіндіріңіз

29. Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз

30. Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз

31. Биік мәртебелі басшыларының бірі - менеджерлер үлкен көлемдегі жеңілдіктерге және кепілді жоғары зейнетақыға байланысты өздерін тым қауіпсіз сезінеді – деп айтады. Өзінің бағыныштыларына олардың алған тәуекелдеріне сәйкес төлейді, ал көптеген жеңілдіктерді алып тастады. Осы көзқарас менеджерлерді ынталандыра ма? Неге?

32. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді? Студенттік көшбасшылар өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін толық билікке иелену қажет пе, әлде өзінің өкілеттіліктердің бір бөлігін басқа студенттерге делегирлеу қажет пе?

33. Сіздің ойыңызша, көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әр жағдайларда бірдей құнды ма?

34. Кейбіреулердің айтуынша, матрицалық құрылым тек амалсыз жағдайда (в крайнем случае) қолдану керек, өйткені екі еселенген басқару тізбектері шешуден гөрі көп мәселелерді тудырады. Осы оймен келісесіз бе? Неге?

35. Сізге танымал стресстік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай?

36. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасаңыз (SWOT- талдауы). Қалай ойлайсыз, университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?

37. Мысалы, сіз шығындарды азайтуға бағытталған жаңа стратегияны жүзеге асыруға тағайындалған орта деңгейдегі менеджерсіз. Бірақ сізге бағыныштылар сенімсіздікпен, қарсылықпен, ал кейде ашық түрде жаугершілікпен қарайды. Осы жағдайды сіз немесе сіздің компанияңыз қандай жолмен түзетер едіңіз? Сіз қандай бағытта жұмысты бастар едіңіз?

38. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?

39. Өз Өз алдыңызға өте жоғары қойған мақсаттың мысалын келтіріңіз. Осы мақсатқа жету мәнін қалай анықтайсыз?

40. Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және 25 жыл бұрынғы жоспарлауды салыстырып бағалаңыз? Қазіргі әлемде, барлығы тез арада өзгеріп жатқанда және де дағдарыстар әр ұйымның ажыраусыз бөлігі болғанда жоспарлаудың мәні өсе ме немесе төмеңдей ме? Неге?

41. Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы оқу орындарына қарағанда абитуриенттерді ұтымдырақ тарту үшін қандай стратегиялық жоспарларды жасау қажет? Осы жоспарлар мектептердің жоспарлармен қандай байланыста болу керек?

42. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз. Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?

43. Білікті кадрларды дайындауға, білім сапасын көтеруге, сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала, ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.

44. Бір белгілі топ-менеджер былай айтқан екен: “Компаниялардың негізгі міндеті - өзінің пайдалылығын қамтамасыз ету. Табыссыз кәсіпорындардың әлеуметтік жаупкершілікті болуына мүмкіндігі жоқ”. Осы сөзбен келісесіз бе?

45. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде, тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементі ретінде жиі қарастырылады. Осымен келісесіз бе? Осылай түсіну қате екендігін көрсететін жағдайлар болу мүмкін бе?

46. Жаһанданып жатқан іскерлік ортада сіз - кластағы және кластан тыс- студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?

47. Бүгінгі уақытта хоторн зерттеулерін жүргізген ғалымдардың тұжырымдары қате боп есептелінеді, бірақ соған қарамастан менеджмент тарихында осы зерттеулер бұрылу пункті деп аталынады. Неге?

48. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді еңгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті: ұйымдағы адами ресурстарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?

49. Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, кейбір ғылыми менеджменттің және бюрократияның қағидаларының қолдануын сипаттаңыз. Қалай ойлайсыз, осы сипаттамалар ұйымдарда мәңгі болады ма?

50. Мысалы, сіз төменгі сатыдағы қабілетті еңбекқор менеджерсіз және қызмет бойынша жоғарлауды өте қалайсыз. Сіздің техникалық қабілетіңіз өте жоғары бағаланады, бірақ адамдармен қарым-қатынасты құру сіз үшін өте қиын. Адамдармен қарым-қатынастарды құруды үйренуге болады деп ойлайсыз ба? Егерде үйренуге болады деп ойласаңыз, оның қандай жолдары бар?

Жауаптары

  1. Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз

Менеджмент – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады.

Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.

Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.

Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру (жүргізу), мотивация(жігерлендіру), бақылау.

Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ғылымының алғашқы белгісі «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет «ғылыми басқару» мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1986 – 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңаық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәіспорынды басару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853–1931), Генри Форд (1863–1947), Френк Гилберт (1868–1919), Лилиан Гилберт (1861–1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841–1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынандай қорытындыға келді: «басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу».

Бихевиористік (мінез–құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20–шы жылдардың аяғы мен 50–ші жылдардың басында қарқын белең алды.Бл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880–1949) болды. Осы ілім формалық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950–1960) қазіргі сандық негізінде басқаруда математика иен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп, «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа.