Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. Испаниядағы Альтамира үңгіріндегі суреттерді алғаш көрген.

A) Саутуоланың баласы.

B) Саутуоланың қызы.

C) Саутуоланың әйелі.

D) Саутуоланың жол көрсетушісі.

E) Археолог Саутуола.

2. Ежелгі Грециядағы ересектер жиналып гимнастикамен шұғылданып, демалатын әйгілі оқымыстылардың дәрісін тыңдайтын қала сыртындағы орын.

A) Академия.

B) Гимнасия.

C) Стадион.

D) Ипподром.

E) Амфитеатр.

3. Италияда қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген Рафаэль Санти.

A) Суретші.

B) Мүсінші.

C) Инженер болды.

D) Жазушы.

E) Тас қалаушы.

4. АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада екінші майдан ашу туралы:

A) Париж Конференциясында мәлімдеді.

B) Потсдам Конференциясында мәлімдеді.

C) Сан-Франциско Конференциясында мәлімдеді.

D) Қырым Конференциясында мәлімдеді.

E) Тегеран Конференциясында мәлімдеді.

5. Ауғанстаннан Кеңес әскері шығарылды.

A) М.С.Горбачев тұсында

B) Н.Хрущев тұсында

C) Ю.Андропов тұсында

D) В.Путин тұсында

E) Б.Ельцин тұсында

6. Б.з.д. V ғасырдағы Римдегі плебейлердің мүддесін қорғаушылар:

A) Консулдар.

B) Сенаторлар.

C) Абыздар.

D) Ақсақалдар.

E) Халық трибундары.

7. Крест жорығына қатысқан батыс европалық рыцарлардың Иерусалим қаласын басып алған жылы:

A) 1094 жылы.

B) 1090 жылы.

C) 1079 жылы.

D) 1099 жылы.

E) 1086 жылы.

8. XV ғ. құл саудасын бастаған ел.

A) Испандықтар.

B) Бельгиялықтар.

C) Француздар.

D) Ағылшындар.

E) Португалдар.

9. 1517 жылы папаның индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан профессор ғалым-монах:

A) Томас Мюнцер.

B) Игнатий Лойола.

C) Жан Кальвин.

D) Мартин Лютер.

E) Ян Гус.

10. Тоқымашылықта еңбек өнімділігін арттырған “Дженни” механикалық ұршығын ойлап тапқан ағылшын:

A) Аркрайт.

B) Кей.

C) Картрайт.

D) Харгривс.

E) Уатт.

11. Ағылшын отаршыларына қарсы Үнді халқының көтерілісінің болған жылдары:

A) 1849-1852.

B) 1857-1859.

C) 1850-1855.

D) 1856-1859.

E) 1853-1858.

12. XVIII ғасырдың I жартысында өмір сүрген, көп жылдар бойы Лейпциг шіркеуінде органист болған неміс композиторы:

A) Л.Бетховен.

B) В.И.Моцарт.

C) Ф.Шопен.

D) Р.Шуман.

E) И.С.Бах.

13. Москва Көркем театрының негізін қалаушы(лар):

A) А. М. Скрябин, С. В. Рахманинов.

B) В. Ф. Нижинский.

C) В. Ф. Комиссаржевская .

D) К. С. Станиславский, В. И. Немирович - Данченко.

E) М. Н. Ермолова.

14. Қытайдағы “зор секіріс” саясатының мәні.

A) Ұсақ шаруашылықты дамыту.

B) Қысқа уақытта коммунистік қоғам орнату.

C) Жеке шаруашылықты дамыту.

D) Шет ел капиталын енгізу.

E) Ғылыми-техниканы дамыту.

15. Адамдардың, тайпалардың, халықтардың шығу тегі туралы мәліметтер

A) Даталар.

B) Жылнамалар.

C) Шежіре (генеалогия).

D) Өмірбаян.

E) Аңыз-әңгіме.

16. V ғасырдың аяғында Италияға қоныстанған Герман тайпасы:

A) Вандал.

B) Остгот.

C) Англ.

D) Вестготт.

E) Франк.

17. Англияда VІІ Генрих Тюдор қашан король болды?

A) 1485 жылы

B) 1482 жылы

C) 1511 жылы

D) 1480 жылы

E) 1503 жылы

18. XVIII ғасырда Францияда бірінші сословиеге жатты:

A) Дворяндар.

B) Ұсақ буржуазия.

C) Дін басылары.

D) Ірі буржуазия.

E) Банкирлер.

19. Аболиционистер ол:

A) Нәсілшілдер.

B) Құлдықты жоюды жақтаушылар.

C) Құл иеленушілер.

D) Ірі жер иеленушілер.

E) Көтіріліске шыққан құлдар.

20. Париж Коммуннасының революциялық - социалистік насихатын жүргізген жұмысшы - әйелдердің бірі:

A) Роза Люксембург.

B) Клара Цеткин.

C) Луиза Мишель.

D) Елизавета Дмитриева.

E) Надежда Крупская.

21. Жапон экспансиясына ең алдымен ұшыраған материктегі мемлекет.

A) Ресей.

B) Вьетнам.

C) Қытай.

D) Корея.

E) Малайя.

22. Мюнхенде А.Гитлердің басшылығымен фашистердің алғашқы ірі бас көтеруі қашан болды?

A) 1922 ж. 5 наурызда

B) 1920 ж. 12 қазанда

C) 1923 ж. 8 қарашада

D) 1924 ж. 10 тамызда

E) 1921 ж. 2 қыркүйекте

23. 1943 ж. қарашада Югославияның азат етілген бөлігінде коммунистік партияның басшылығымен құрылған ұлттық комитеттің жетекшісі.

A) М.Ковач.

B) В.Гавел.

C) А.Дубчек.

D) Милошевич.

E) И.Броз Тито.

24. 1949-53 ж.ж. социализм жүйесін құруда КСРО-ға ұқсамауға тырысқан ел:

A) Венгрия.

B) Польша.

C) Болгария.

D) Югославия.

E) Чехословакия.

25. Ежелгі Египетте құдаймен теңестірілгендер:

A) Перғауындар.

B) Шонжарлар.

C) Ақсүйектер.

D) Чиновниктер.

E) Абыздар.

26. XІІ ғасырдың аяғында болгарлар кімге қарсы шықты?

A) Византиялықтарға.

B) Оғыздар мен қыпшақтарға.

C) Арабтарға.

D) Түріктерге.

E) Египеттіктерге.

27. Оңтүстік-батыс Африкада 1904 жылы гереро тайпасының көтерілісі кімдерге қарсы бағытталды?

A) Ағылшын отаршыларына.

B) Португал отаршыларына.

C) Бельгия отаршыларына.

D) Француз отаршыларына.

E) Германия отаршыларына.

28. Шығыс Европада индустриалды қоғам құрылысының аяқталу кезеңі:

A) XXғ. 50-ші жылы.

B) XXғ. 40-шы жылы.

C) XXғ. 70-ші жылы.

D) XXғ. 80-ші жылы.

E) XXғ. 60-шы жылы.

29. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің қорытынды актісі өткен қала…

A) Хельсинки.

B) Вашингтон.

C) Москва

D) Париж.

E) Женева.

30. Мини-процессорды шығарған фирма:

A) Антелл.

B) Самсунг.

C) Интел.

D) Сони.

E) Майкрософт.

97-вариант