Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. Алғашқы аңшылар аң аулауға шығар алдында…

A) Аңдардың суретін салып «сиқырлаған».

B) Аттарын дайындаған.

C) Тау басына шығып тәңірге жалбарынған.

D) Жуынған.

E) Аңшы иттерін дайындаған.

2. "Илиада","Одиссея" поэмасында суреттелетін қала:

A) Спарта.

B) Троя.

C) Олимп.

D) Микены.

E) Афин.

3. «Евгений Онегин» романының авторы:

A) М.Лермонтов.

B) Н.Гоголь.

C) А.С.Пушкин.

D) А.Грибоедов.

E) Т.Шевченко.

4. Қызыл Армия Қиыр Шығыста жапон Әскерін:

A) 24 күнде талқандады

B) 4 айда талқандады

C) 43 күнде талқандады

D) 3 айда талқандады

E) 1 айда талқандады

5. 1991 жылы Алматыда ТМД-ні құру туралы Декларацияға қол қойған мемлекеттер саны:

A) 10 мемлекет

B) 11 мемлекет

C) 13 мемлекет

D) 12 мемлекет

E) 9 мемлекет

6. Алғашқы таптық қоғам мен мемлекеттердің қалыптасуы және дамуы басталған жер:

A) Грецияда.

B) Америкада.

C) Азия мен Солтүстік Африкада.

D) Үндістанда.

E) Еуропада.

7. Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі:

A) Римдіктерден бой тасалау.

B) Сицилияда бейбіт өмір сүру.

C) Африкаға өту.

D) Аралға жеке мемлекет орнату.

E) Сицилиядағы құлдарды көтеріліске шығару.

8. Папа III Иннокентийдің XIII ғасырдың басында оңтүстік Франциядағы еретиктермен күресінің созылған уақыты:

A) 31 жыл.

B) 10 жыл.

C) 7 жыл.

D) 20 жыл.

E) 15 жыл.

9. Еуропалықтардың Африкадан Америкаға әкелген “жанды тауары”:

A) Пілдер.

B) Иттер.

C) Қойлар.

D) Құлдар.

E) Сиырлар.

10. Германиядағы Реформацияның негізін салушы.

A) Мюнцер.

B) Лойола.

C) Лютер.

D) Альба.

E) Кальвин.

11. XVІІ ғ. аяғында Оңтүстік Америка елдерінің барлығы дерлік қай елдердің отары болды?

A) Испания.

B) Португалия.

C) Англия.

D) Германия.

E) Франция.

12. XIX ғасырдың 40-шы жылдарында Африкадағы Гвинея шығанағының батысындағы территориясында құрылған АҚШ ықпалындағы мемлекет:

A) Нигерия.

B) Ангола.

C) Марокко.

D) Сенегал.

E) Либерия.

13. 1905-1908 жылдардағы Үндістандағы революциялық қозғалыстың басты бағыты.

A) Жер иеленушілерге қарсы.

B) Ислам дінінің үстемдігіне қарсы.

C) Монополистерге қарсы.

D) Ағылшын үстемдігіне қарсы.

E) Ұлттық буржуазияға.

14. 1905 жылы актриса Ермолованың портретін салған орыс суретшісі:

A) В. А. Серов.

B) М. В. Добужинский.

C) М. А. Врубель.

D) И. Е. Репин.

E) А. Н. Бенуа.

15. Цинь Шихуанды қызықтырған жерлер:

A) Сары теңіз жағалауындағы жерлер.

B) Оңтүстік Қытай теңізінің жағалауындағы тайпалар жері.

C) Көшпелі ғұн тайпалары жері.

D) Шығыс Қытай теңізі жағалауындағы елдердің жері.

E) Сақтар жері.

16. Микеланджелоның әйгілі туындысы.

A) “Мона Лиза”.

B) “Ертеңгі ас“.

C) Давид мүсіні.

D) “Сикст Мадоннасы”.

E) “Төрт салт атты“ гравюрасы.

17. Франциядағы 1799ж. 9 қарашадағы төңкеріс нәтижесінде Наполеон Бонапарт кім болды?

A) Үшінші консул.

B) Протектор.

C) Екінші консул.

D) Бірінші консул.

E) Император.

18. Париж Коммуннасының революциялық - социалистік насихатын жүргізген жұмысшы - әйелдердің бірі:

A) Луиза Мишель.

B) Надежда Крупская.

C) Клара Цеткин.

D) Елизавета Дмитриева.

E) Роза Люксембург.

19. XIX ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы АЌШ парламентінің атауы:

A) Ұлттыќ жиналыс.

B) Кортес.

C) Конгресс.

D) Бундестаг.

E) Сенат.

20. Версальда өткен конференцияда Германияға ұстауға рұқсат етілген әскер саны:

A) 75 мың.

B) 100 мың.

C) 150 мың.

D) 50 мың.

E) 20 мың.

21. 1939 жылы 28 қыркүйекте достық және шекара туралы келісім шартты жасаған елдер.

A) Франция мен Италия.

B) Ұлыбритания мен КСРО.

C) КСРО мен Германия.

D) Франция мен КСРО.

E) Франция мен Ұлыбритания.

22. 1948-53 жылдары репрессия құрбандары болғандар саны.

A) 6,2 млн. адам.

B) 6,7 млн. адам.

C) 6,3 млн. адам.

D) 6,5 млн. адам.

E) 6,6 млн. адам.

23. 1956 жылы тоталитарлық социализмге қарсы төңкеріс болған мемлекет:

A) Чехословакия.

B) Болгария.

C) Албания.

D) Румыния.

E) Венгрия.

24. Үндістан Республика болып жарияланған жыл.

A) 1945 ж.

B) 1946 ж.

C) 1949 ж.

D) 1947 ж.

E) 1950 ж.

25. Орта ғасырлар тарихы қамтитын кезеңдер:

A) ІІ-VІІ ғ.ғ.

B) V-XVІІ ғ.ғ.

C) ІV-XІІ ғ.ғ.

D) ІІІ-X ғ.ғ.

E) І-V ғ.ғ.

26. Орта ғасырда Иран, Орта Азияда ақындардың поэзияны жазған тілі:

A) Түрік.

B) Парсы-Тәжік.

C) Пуштун.

D) Араб.

E) Хинди.

27. XІІ ғасырдың аяғында болгарлар кімге қарсы шықты?

A) Түріктерге.

B) Египеттіктерге.

C) Арабтарға.

D) Оғыздар мен қыпшақтарға.

E) Византиялықтарға.

28. XVII ғ. поляк жазалаушыларынан қорғану үшін Ресейге келген украиндықтар орналасқан Харьков пен Сум маңындағы жерлер аталуы:

A) Слобод Украинасы.

B) Құтқарылған Украина.

C) Посад Украинасы.

D) Жаңа Украина.

E) Орыс Украинасы.

29. 1989 жылы Куба елінің әскери контингенті қай елден шығарылды?

A) Египеттен.

B) Аргентинадан.

C) Мозамбиктен.

D) Мексикадан.

E) Анголадан.

30. Өкілдері А.Франс, Т.Манн, Т.Драйзер, Б.Шоу, Д.Лондон болатын әдебиеттегі бағыт:

A) Модернизм.

B) Романтизм.

C) Импрессионизм.

D) Сыншыл реализм.

E) Авангардизм.

84-вариант