Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. Васко да Гаманың Үндістанға барған жылы:

A) 1510.

B) 1501.

C) 1499.

D) 1520.

E) 1498.

2. Д.Бруно ілімі бойынша:

A) Жерді көк өгіз мүйізімен көтеріп тұр.

B) Әлем шексіз, оның бастамасы да, ақыры да болмайды.

C) Жер де, күн де қозғалмайды.

D) Жер айналмайды.

E) Жер диск тәрізді жайпақ.

3. "Саналы адамдар" табиғаттың көптеген құбылыстары алдында қандай жағдайда болды?

A) Қарсы тұра білді.

B) Түсіне білді.

C) Дәрменсіз болды.

D) Қорғана білді.

E) Бірігіп қорғана білді.

4. ТМД құрылған жыл.

A) 1992 ж.

B) 1991 ж.

C) 1993 ж.

D) 1990 ж.

E) 1989 ж.

5. Ежелгі гректердің күн құдайы:

A) Деметра.

B) Посейдон.

C) Зевс.

D) Гелиос.

E) Аполлон.

6. Жаулап алынған территорияларда диверсия түрінде жүргізілген күрес:

A) Революция.

B) Ұлт-азаттық соғыс.

C) Партизан соғысы.

D) Отан соғысы.

E) Локальды соғыс.

7. Цинь империясының Солтүстік Монғолияны бағындырған кезі:

A) XVIII ғасыр.

B) XVII ғасырдың ортасы.

C) XIX ғасыр.

D) XVIII ғасырдың басы.

E) XVII ғасырдың аяғы.

8. XIX ғасырдың аяғында ќұрамына көптеген шахта, кеніш, металлургиялыќ завод сияќты 150 бірлестікті біріктірген АЌШ-тың ірі монополиясын көрсетіңіз:

A) «Жалпыға бірдей электр компаниясы».

B) «Форд моторс».

C) «Юнайтед стил корпорейшн».

D) «Стандарт ойл».

E) «Шеврон».

9. XV ғасырдағы Франция халқының сословиелік құрамы:

A) 3 сословие.

B) 5 сословие.

C) 4 сословие.

D) 7 сословие.

E) 2 сословие.

10. XVIII ғасырда ағылшын дәрігері Э. Дженнердің медицина саласында ашқан жаңалығы:

A) Рентген сәулесімен емдеу.

B) Линза жасау.

C) Көз ауруын емдеу.

D) Соқырішекке операция жасау.

E) Шешекке қарсы алдын ала егу.

11. XVI ғасырда көтеріліске шыққан неміс шаруаларының бағдарламасы.

A) “Игі іс”.

B) “95 тезис”.

C) “12 статья”.

D) “Хельброндық бағдарлама”.

E) “Вормдық бағдарлама”.

12. Ең биік Хеопс пирамидасы салынды:

A) Б.э.д. 2600 жылы.

B) Б.э.д. 1500 жылы.

C) Б.э.д. 3000 жылы.

D) Б.э.д. 2700 жылы.

E) Б.э.д. 1750 жылы.

13. Отто Бисмарк қашан Германия канцлері болып тағайындалды?

A) 1870 жылы

B) 1871 жылы

C) 1864 жылы

D) 1862 жылы

E) 1861 жылы

14. Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі:

A) Аралға жеке мемлекет орнату.

B) Сицилияда бейбіт өмір сүру.

C) Римдіктерден бой тасалау.

D) Сицилиядағы құлдарды көтеріліске шығару.

E) Африкаға өту.

15. Алғашқы славян ағартушылары:

A) Мюнцер мен Лютер.

B) Кирилл мен Мефодий.

C) Болеслав пен Мешко.

D) Ян Гус және Ян Жижка.

E) Неміс епископтары.

16. Фарабунда Марти ...

A) Чили қайраткері.

B) Никарагуа қайраткері.

C) Гондурас қайраткері.

D) Ливия қайраткері.

E) Сальвадор қайраткері.

17. XVIII ғасырда Францияда бірінші сословиеге жатты:

A) Ірі буржуазия.

B) Банкирлер.

C) Ұсақ буржуазия.

D) Дін басылары.

E) Дворяндар.

18. 1935 ж. 2 мамырда Франция үкіметі қол қойған құжат.

A) Жапониямен сауда-саттық байланысы туралы келісім.

B) Германиямен шабуыл жасаспау.

C) Ұлыбританиямен сауда-экономикалық келісім.

D) Халық майданының бағытын қолдану туралы құжат.

E) Кеңес одағымен өзара көмектесу туралы келісім.

19. Электромагниттік толқындардың сәуле шашу және қабылдау әдісін тапқан, радионың негізін қалаған ғалым:

A) Г. Герц.

B) А. Резерфорд.

C) А. Беккерель.

D) М. Ломоносов.

E) А. Попов.

20. Францияда император І Наполеонның кезінде құрастырылған “Наполеондық” кодекстің аталуы.

A) Моральдық.

B) Азаматтық.

C) Қылмыстық.

D) Әскери.

E) Аграрлық.

21. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған жылы:

A) 1943 ж.

B) 1942 ж.

C) 1945 ж.

D) 1944 ж.

E) 1946 ж.

22. Брахманың аузынан пайда болған деп есептелінген каста:

A) Жауынгерлер.

B) Қолөнершілер.

C) Патшалар.

D) Абыз-брахмандар.

E) Шудралар.

23. 1949-53 ж.ж. социализм жүйесін құруда КСРО-ға ұқсамауға тырысқан ел:

A) Польша.

B) Чехословакия.

C) Югославия.

D) Болгария.

E) Венгрия.

24. 1940 ж. қыркүйекте құрылған «Үштік пактіге» енген мемлекеттер:

A) Италия, Жапония, Германия.

B) Жапония, Германия, Румыния.

C) Италия, Болгария, Германия.

D) Венгрия, Германия, Италия.

E) Германия, Болгария, Румыния.

25. 1982 жылы Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін болған әскери жанжал қай елдер арасында болды?

A) Жапония мен КСРО арасында.

B) АҚШ пен Мексика арасында.

C) Чили мен Бразилия арасында.

D) Ұлыбритания мен Аргентина арасында.

E) Қытай мен Вьетнам арасында.

26. Англия мен Ресейдің Иранды ықпал ету аймағына бөлісу туралы келісім құрған жылы:

A) 1907.

B) 1900.

C) 1902.

D) 1911.

E) 1910.

27. 1920 ж. шыққан «Фиеста» шығармасының авторы:

A) Т.Манн.

B) Э.Хемингуэй.

C) Б.Шоу.

D) Т.Драйзер.

E) А.Франс.

28. 1787-1791 жж. Орыс-түрік соғысында А.В.Суворов алған түріктің күшті бекіністерінің бірі Измаил орналасқан жер.

A) Дунай өзені сағасында.

B) Қрымда.

C) Буг өзенінде.

D) Азов теңізі жағалауында.

E) Кубань өзенінде.

29. 1870 жылы 4 қыркүйектегі Франциядағы революцияның нәтижесін көрсетіңіз:

A) Елде социалистік революция болды.

B) Франция республика болып жарияланды.

C) Екінші империя билігі күшейді.

D) Пролетарлық күштер билікке келді.

E) Пруссиямен бейбіт келісімшарт орнатылды.

30. Скандинавиядағы норман мемлекеттері:

A) Дания, Швеция, Норвегия.

B) Карелия, Эстландия.

C) Литва, Латвия.

D) Польша, Чехия.

E) Финляндия, Исландия.

70-вариант