Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. "Илиада","Одиссея" поэмасында суреттелетін қала:

A) Афин.

B) Троя.

C) Спарта.

D) Микены.

E) Олимп.

2. 70 жасқа келгенде шіркеу сотының қысымымен өз көзқарасынан бас тартуға мәжбүр болған ғалым.

A) Г.Галилей.

B) Микеланджело.

C) М.Лютер.

D) Н.Коперник.

E) Д.Бруно.

3. ТМД-ға мүше емес бұрынғы КСРО республикалары.

A) РФ, Қазақстан, Украина.

B) Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан.

C) Молдoва, Беларусь.

D) Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан.

E) Грузия, Латвия, Литва, Эстония.

4. Колумбтың 1496 жылы салған Испанияның ең бірінші отары болған қала:

A) Рио-де-Жанейро.

B) Гавана.

C) Санто-Доминго.

D) Сан-Сальвадор.

E) Мехико.

5. Алғашқы адамдардың ойынша әрбір адамның бойында табиғаттан тыс болатын тіршілік тетігі.

A) Ой.

B) Уайым.

C) Сенім.

D) Сезім.

E) Рух.

6. Париждегі “Қанды апта“ кезеңін көрсетіңіз:

A) 1871 жыл 20 – 27 сәуір.

B) 1871 жыл 2 – 9 сәуір.

C) 1871 жыл 20 – 27 мамыр.

D) 1871 жыл 9 – 16 сәуір.

E) 1871 жыл 21 – 28 мамыр.

7. 1905 жылы актриса Ермолованың портретін салған орыс суретшісі:

A) В. А. Серов.

B) М. В. Добужинский.

C) М. А. Врубель.

D) А. Н. Бенуа.

E) И. Е. Репин.

8. Жаулап алынған территорияларда диверсия түрінде жүргізілген күрес:

A) Локальды соғыс.

B) Партизан соғысы.

C) Ұлт-азаттық соғыс.

D) Революция.

E) Отан соғысы.

9. 1959 ж. Куба революциясын басқарған қайраткер:

A) Ф. Кастро.

B) Д. Ортега.

C) Э. Че Гевара.

D) Л. Корвалан.

E) С. Альенде.

10. 100 жылдық соғыстан кейін Франция жерінде қалған ағылшын иелігі:

A) Кале порты.

B) Орлеан.

C) Фландрия.

D) Леон.

E) Марсель порты.

11. Австралия доминиондық статус алған жыл.

A) 1907 жыл

B) 1900 жыл

C) 1867 жыл

D) 1910 жыл

E) 1911 жыл

12. XVI ғасырда Испан королі мен католик шіркеуіне қарсы әрекет еткен нидерланды партизандары.

A) Пуритандар.

B) Кальвинистер.

C) Гугеноттар.

D) Гёздер.

E) Диггерлер.

13. Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі:

A) Африкаға өту.

B) Сицилияда бейбіт өмір сүру.

C) Римдіктерден бой тасалау.

D) Аралға жеке мемлекет орнату.

E) Сицилиядағы құлдарды көтеріліске шығару.

14. 1860 ж. АҚШ-та республикалық партиядан сайланған президент.

A) Дж. Вашингтон.

B) Б. Франклин.

C) Д. Браун.

D) Г. Джефферсон.

E) А. Линкольн.

15. Франция Шілде монархиясы кезінде жаулап алған бай колония.

A) Ливия.

B) Марокко.

C) Алжир.

D) Египет.

E) Судан.

16. 1962 жылы Кеңес зымырандары орналастырылды:

A) Чехословакияда.

B) Вьетнамда.

C) ГДР-да.

D) Монғолияда.

E) Кубада.

17. Англияда республика және революцияға қарсы бағытталған контрреволюциялық төңкерістің болған жылы:

A) 1661.

B) 1653.

C) 1669.

D) 1649.

E) 1642.

18. 1956 жылы тоталитарлық социализмге қарсы төңкеріс болған мемлекет:

A) Болгария.

B) Венгрия.

C) Румыния.

D) Албания.

E) Чехословакия.

19. Болгар патшалығы құрылды:

A) VII ғасырдың басында.

B) VIII ғасырдың басында.

C) VIII ғасырдың аяғында.

D) VII ғасырдың аяғында.

E) IX ғасырда.

20. Испан халқының өз жерін жат жерлік басқыншылардан азат ету күресі:

A) Пиреней.

B) Халифат.

C) Реконкиста.

D) Реформа.

E) Кордова.

21. 1954-1962 ж.ж. Франция отарлық соғысты қай елге қарсы жүргізді?

A) Алжирге.

B) Египетке.

C) Кореяға.

D) Вьетнамға.

E) Мароккоға.

22. 1919 ж. 28 маусымдағы Версаль бейбіт шартының нәтижесі:

A) Фракия жағалауы Грецияға өтті.

B) Словакия Чехияға берілді.

C) Югославияның тәуелсіздігі танылды.

D) Рейндік демилитарланған аймақ құрылды.

E) Оңтүстік Тирроль Италияға өтті.

23. Кирдің Вавилонды басып алу үшін қолданған әскери қулығы:

A) Вавилон қаласын қоршап алды.

B) Қала қабырғалары астынан жер қазды.

C) Арна қазып Евфрат өзенінің бағытын бұзды.

D) Тұтқындарға тиіспеуге уәде берді.

E) Шегінген болды.

24. Египет мемлекеті орналасқан жер:

A) Шығыс Африка.

B) Орталық Африка.

C) Солтүстік-Шығыс Африка.

D) Батыс Африка.

E) Солтүстік-Батыс Африка.

25. 1944 жылдың 6 маусымында болды:

A) Ленинград блокадасының алынуы.

B) Екінші майдан ашылуы.

C) Муссолини режимінің күйреуі.

D) Тегеран конференциясы.

E) Крым конференциясы.

26. XIX ғасырдың ортасында Англияның сәулет өнерінде басым болған стильді атаңыз:

A) Викториандық.

B) Романдық.

C) Римдік.

D) Барокко.

E) Псевдоготикалық.

27. XIX ғасырдың аяғында Ұлыбританияның либерал партиясының жетекшісі және 1916-1922 жылдары елдің прьемер-министрі болған адам:

A) Г. Вильсон.

B) Н. Чемберлен.

C) Р. Макдональд.

D) Д. Ллойд Джордж.

E) У. Черчилль.

28. XІІ ғасырдың аяғында болгарлар кімге қарсы шықты?

A) Египеттіктерге.

B) Арабтарға.

C) Түріктерге.

D) Византиялықтарға.

E) Оғыздар мен қыпшақтарға.

29. ХІХ ғ. 90-жылдарындағы Куба халқының азаттық күресінің басшысы:

A) Боливар.

B) Сапата.

C) Марти.

D) Идальго.

E) Вилья.

30. Алғашқы компьютер құрастырылды:

A) 1950 жылы.

B) 1985 жылы.

C) 1961 жылы.

D) 1976 жылы.

E) 1990 жылы.

68-вариант