Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. Кеңес елінің әскерінің Шығыс Еуропадан шығарыла бастаған уақыты:

A) 1995 жылы.

B) 1989 жылы.

C) 1975 жылы.

D) 2000 жылы.

E) 1964 жылы.

2. Ежелгі Грецияда Олимпия жеңімпаздарына көрсетілген құрмет.

A) Туған қаласына есімі берілген.

B) Туған қаласына қола мүсіні орнатылып өмір бақи тегін тамақтандырылған.

C) Медальдармен марапатталған.

D) Бейнесі бейнеленген медаль жасалған.

E) Стратег етіп сайланған.

3. Америка құрлығы ашылғаннан кейін Португалдықтардың басып алған жері:

A) Бразилия.

B) Куба.

C) Ямайка.

D) Перу.

E) Аргентина.

4. Испаниядағы Альтамира үңгірінде ежелгі заман суретшісінің салған бейнелері.

A) Түйеқұстар.

B) Қой мен ешкілер.

C) Бұғылар мен бизондар.

D) Түйе мен жылқылар.

E) Сиырлар.

5. 1941 жылы 8 тамызда соғыс жағдайына байланысты Жоғары бас қолбасшы болып тағайындалды:

A) К.Е.Ворошилов.

B) С.М.Буденный.

C) С.К.Тимошенко.

D) И.В.Сталин.

E) Б.М.Шапошников.

6. Отто Бисмарк қашан Германия канцлері болып тағайындалды?

A) 1861 жылы

B) 1870 жылы

C) 1871 жылы

D) 1862 жылы

E) 1864 жылы

7. АҚШ-тың бірінші президенті:

A) Линкольн.

B) Вашингтон.

C) Гамильтон.

D) Франклин.

E) Джефферсон.

8. XIX ғасырдың соңына қарай Ауғанстанды отарлауға ұмтылған империалистік мемлекет:

A) Ұлыбритания.

B) АҚШ.

C) Италия.

D) Германия.

E) Франция.

9. 40 жасқа келген, саңырау болғанымен ұлы шығармалар жазуды тоқтатпаған немістің ұлы композиторы:

A) Ф.Шопен.

B) Л.Бетховен.

C) И.С.Бах.

D) В.А.Моцарт.

E) А.Дворжак.

10. Цинь империясының Солтүстік Монғолияны бағындырған кезі:

A) XVII ғасырдың ортасы.

B) XVIII ғасырдың басы.

C) XIX ғасыр.

D) XVIII ғасыр.

E) XVII ғасырдың аяғы.

11. XIX ғасырдың аяғында ќұрамына көптеген шахта, кеніш, металлургиялыќ завод сияќты 150 бірлестікті біріктірген АЌШ-тың ірі монополиясын көрсетіңіз:

A) «Юнайтед стил корпорейшн».

B) «Форд моторс».

C) «Стандарт ойл».

D) «Жалпыға бірдей электр компаниясы».

E) «Шеврон».

12. 1905 жылы актриса Ермолованың портретін салған орыс суретшісі:

A) И. Е. Репин.

B) А. Н. Бенуа.

C) М. А. Врубель.

D) М. В. Добужинский.

E) В. А. Серов.

13. XVI ғасырда көтеріліске шыққан неміс шаруаларының бағдарламасы.

A) “Игі іс”.

B) “95 тезис”.

C) “12 статья”.

D) “Вормдық бағдарлама”.

E) “Хельброндық бағдарлама”.

14. XV ғасырдағы Франция халқының сословиелік құрамы:

A) 3 сословие.

B) 2 сословие.

C) 4 сословие.

D) 5 сословие.

E) 7 сословие.

15. Революцияшыл жұмысшы табының гимні "Интернационал" әнінің сөзін жазған адам:

A) Лео Франкель.

B) Эжен Потье.

C) Карл Маркс.

D) П. Дегейтер.

E) Петр Лавров.

16. 1923 ж. қазанда Гамбургте Коминтерннің ұйымдастыруымен болған көтерілістің жетекшісі.

A) Эберт.

B) Шейдеман.

C) Тельман.

D) Капп.

E) Куно.

17. Бұрынғы британдық отар Үндістанды екі мемлекетке бөлгенде негізге алынған принцип:

A) Географиялық.

B) Экономикалық.

C) Демографиялық.

D) Діни.

E) Ұлттық.

18. Англияда 1945 ж. өкімет басына келген лейбористік партияның жетекшісі.

A) У.Черчилль.

B) Г.Макленнон.

C) Ж.Мейджор.

D) М.Тэтчер.

E) К.Эттли.

19. Б.з.д. II ғасырда Рим провинциясындағы Спартак бастаған ең ірі құлдар көтерілісі Италияны қақ жарып қай аралға бет алды?

A) Кипр.

B) Корсика.

C) Сицилия.

D) Крит.

E) Қасиетті Елена.

20. ІV ғ. аяғында германдықтар жаулап алуға көшкен мемлекет:

A) Скандинавия.

B) Алдыңғы Азия.

C) Византия.

D) Русь.

E) Рим империясы.

21. Кирдің Вавилонды басып алу үшін қолданған әскери қулығы:

A) Қала қабырғалары астынан жер қазды.

B) Вавилон қаласын қоршап алды.

C) Шегінген болды.

D) Арна қазып Евфрат өзенінің бағытын бұзды.

E) Тұтқындарға тиіспеуге уәде берді.

22. Ватикан шіркеуінің бөлмелерін 4 жыл әшекейлеген аса көрнекті суретші:

A) Рафаэль Санти.

B) Альбрехт Дюрер.

C) Леонардо да Винчи.

D) Диего Веласкес.

E) Микеланджело Буанарроти.

23. 1814 ж. Вена конгресі бойынша Ресей алған жер.

A) Пьемонт қаласын.

B) Рейн аймағын.

C) Мальта аралын.

D) Польшаның көп бөлігін.

E) Цейлон аралын.

24. 1956 жылы тоталитарлық социализмге қарсы төңкеріс болған мемлекет:

A) Болгария.

B) Румыния.

C) Албания.

D) Венгрия.

E) Чехословакия.

25. Ресей үшін Ливон соғысының нәтижесі:

A) Балтық теңізіне жол ашылды.

B) Ресей Балтық теңізіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

C) Речь Посполита талқандалды.

D) Ресейге Смоленск толық қосылды.

E) Швецияны талқандады.

26. XІ Людовиктің Батыл Карлды жеңген жылы:

A) 1400ж.

B) 1470ж.

C) 1500ж.

D) 1407ж.

E) 1477ж.

27. Адамзат тарихында ең алғашқы мемлекет қалыптасты:

A) Б.з.б. I мыңжылдықта.

B) Б.з.б. II мыңжылдықта.

C) Б.з.б. IV мыңжылдықта.

D) Б.з.б. VI мыңжылдықта.

E) Б.з.б. V мыңжылдықта.

28. КСРО-ны Ұлттар Лигасынан шығару себебі:

A) Финляндияға қарсы соғыс.

B) Кеңес әскерлерінің Польшаға кіруі.

C) Балтық елдерін қосып алу.

D) Германиямен келісім.

E) Белоруссияның бір бөлігін қосып алу.

29. Алғашқы компьютер құрастырылды:

A) 1976 жылы.

B) 1950 жылы.

C) 1985 жылы.

D) 1990 жылы.

E) 1961 жылы.

30. 1960 жылы мамырдың ортасына белгіленген Н.С.Хрущев пен Д.Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды, өйткені:

A) АҚШ ПРО (зымыранға қарсы қорғаныс) келісімін бұзды.

B) Кеңес ракеталары Кубада орналастырылды.

C) КСРО әуе кеңістігінде американдық барлаушы-ұшақ атып түсірілді.

D) Жаңа араб-израиль соғысы басталды.

E) АҚШ Кубаға қарсы әскери агрессия қолданды.

61-вариант