Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. ТМД – ны ќ±ру туралы Декларацияға қол қойылған қала:

A) Киев

B) Алматы

C) Кишинев

D) Минск

E) Москва

2. «Одиссей» поэмасындағы жалғыз көзді дәулердің аты.

A) Минотаврлар.

B) Циклоптар.

C) Харибдалар.

D) Сциллалар.

E) Кентаврлар.

3. Алғашқы аңшылар аң аулауға шығар алдында…

A) Аттарын дайындаған.

B) Тау басына шығып тәңірге жалбарынған.

C) Аңшы иттерін дайындаған.

D) Аңдардың суретін салып «сиқырлаған».

E) Жуынған.

4. Х.Колумбының Америка құрлығын ашқан жылы:

A) 1492.

B) 1480.

C) 1499.

D) 1477.

E) 1474.

5. Д.Бруно өлгеннен кейін ғалымның барлық шығармалары …

A) Католик шіркеуінің тыйым салған кітаптарының тізіміне енгізілді.

B) Жарыққа шықты.

C) Тек Азияға тарады.

D) Еуропа мен Азияға таралды.

E) Тек Еуропаға таралды.

6. Жаулап алынған территорияларда диверсия түрінде жүргізілген күрес:

A) Партизан соғысы.

B) Отан соғысы.

C) Ұлт-азаттық соғыс.

D) Революция.

E) Локальды соғыс.

7. 1848-49 ж.ж. Италия революциясының басты мәселесі:

A) Буржуазиялық қатынастарға жол ашу.

B) Абсолютизмді сақтау.

C) Феодалдық тәртіпті сақтау.

D) Ұлттық тәуелсіздікті алу, елді саяси біріктіру.

E) Австрия құрамында қалу.

8. 1898 жылы АЌШ пен Испания соғысы нәтижесінде АЌШ-тың иелігіне өткен арал:

A) Мальвин.

B) Маршалл.

C) Соломон.

D) Пуэрто-Рико.

E) Канар.

9. Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі:

A) Сицилияда бейбіт өмір сүру.

B) Римдіктерден бой тасалау.

C) Сицилиядағы құлдарды көтеріліске шығару.

D) Аралға жеке мемлекет орнату.

E) Африкаға өту.

10. XVIII ғасырда ағылшын дәрігері Э. Дженнердің медицина саласында ашқан жаңалығы:

A) Шешекке қарсы алдын ала егу.

B) Рентген сәулесімен емдеу.

C) Көз ауруын емдеу.

D) Соқырішекке операция жасау.

E) Линза жасау.

11. Қытайдағы 1850-1864 жылдардағы Тайпиндер көтерілісінің басшысы:

A) Ли Сючен.

B) Чан Кайши.

C) Юань Шикай.

D) Лу Синь.

E) Хун Сюцюань.

12. 1905 жылы актриса Ермолованың портретін салған орыс суретшісі:

A) М. А. Врубель.

B) А. Н. Бенуа.

C) В. А. Серов.

D) М. В. Добужинский.

E) И. Е. Репин.

13. Крест жорығына қатысқан батыс европалық рыцарлардың Иерусалим қаласын басып алған жылы:

A) 1094 жылы.

B) 1099 жылы.

C) 1079 жылы.

D) 1090 жылы.

E) 1086 жылы.

14. Германиядағы халықтық Реформацияның көсемі.

A) Лойола.

B) Лютер.

C) Альба.

D) Мюнцер.

E) Кальвин.

15. 1956 жылы тоталитарлық социализмге қарсы төңкеріс болған мемлекет:

A) Венгрия.

B) Албания.

C) Румыния.

D) Болгария.

E) Чехословакия.

16. Германия қалаларындағы орташа дәулетті тұрғындар:

A) Дворяндар.

B) Жергілікті буржуазия.

C) Епископтар.

D) Аббаттар.

E) Бюргерлер.

17. АҚШ тарихында төрт рет қатар президенттік сайлауда жеңген президент.

A) Т.Рузвельт.

B) Г.Трумэн.

C) Г.Поллит.

D) Г.Гувер.

E) Ф.Рузвельт.

18. Цинь Шихуанды қызықтырған жерлер:

A) Сақтар жері.

B) Оңтүстік Қытай теңізінің жағалауындағы тайпалар жері.

C) Шығыс Қытай теңізі жағалауындағы елдердің жері.

D) Көшпелі ғұн тайпалары жері.

E) Сары теңіз жағалауындағы жерлер.

19. Солтүстік штаттардың Англияға қарсы тәуелсіздік үшін соғысы кезінде Ресей:

A) Ағылшын соғыс флотының теңіздегі тонаушылығын қолдады.

B) Америкаға жіберу үшін Англияға жасақтарын жіберді.

C) Англияға қаржылай көмек көрсетті.

D) “Қарулы бейтарап декларациясын” жариялады.

E) Жаңа мемлекет – АҚШ-ты ресми түрде мойындады.

20. Герман Федеративтік Республикасы құрылған жыл:

A) 1945 ж.

B) 1949 ж.

C) 1948 ж.

D) 1951 ж.

E) 1947 ж.

21. Алғашқы славян ағартушылары:

A) Мюнцер мен Лютер.

B) Ян Гус және Ян Жижка.

C) Кирилл мен Мефодий.

D) Болеслав пен Мешко.

E) Неміс епископтары.

22. Францияда император І Наполеонның кезінде құрастырылған “Наполеондық” кодекстің аталуы.

A) Қылмыстық.

B) Аграрлық.

C) Моральдық.

D) Азаматтық.

E) Әскери.

23. Революцияшыл жұмысшы табының гимні "Интернационал" әнінің сөзін жазған адам:

A) П. Дегейтер.

B) Карл Маркс.

C) Эжен Потье.

D) Лео Франкель.

E) Петр Лавров.

24. Үндістан тәуелсіздігі туралы заң қабылданды…

A) 1947-жылы.

B) 1945-жылы.

C) 1949-жылы.

D) 1951-жылы.

E) 1950-жылы.

25. 1975 ж. жалпы европалық қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесін өткізу қай елдің астанасында болды?

A) Англия.

B) АҚШ.

C) Финляндия.

D) Франция.

E) КСРО.

26. XX ғасырдың II жартысында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, американдық жазушы:

A) А.Франс.

B) У.Фолкнер.

C) Т.Манн.

D) П.Неруда.

E) В.Хора.

27. Скандинавиядағы норман мемлекеттері:

A) Литва, Латвия.

B) Польша, Чехия.

C) Финляндия, Исландия.

D) Карелия, Эстландия.

E) Дания, Швеция, Норвегия.

28. 1945 жылы Жапониямен соғыста Қиыр Шығыста құрылған кеңес әскерлерінің Бас қолбасшысы:

A) С.К.Тимошенко.

B) Р.Я.Малиновский.

C) Н.Ф.Ватутин.

D) М.А.Пуркаев.

E) А.М.Василевский.

29. Адамзат тарихында ең алғашқы мемлекет қалыптасты:

A) Б.з.б. V мыңжылдықта.

B) Б.з.б. II мыңжылдықта.

C) Б.з.б. IV мыңжылдықта.

D) Б.з.б. VI мыңжылдықта.

E) Б.з.б. I мыңжылдықта.

30. 1911-1913 жылдардағы Қытайдағы буржуазиялық революция өзінің алдына қойған міндеттерінің ішінен орындаған жалғыз міндетін атаңыз:

A) Социализм орнату.

B) Толық экономикалық тәуелсіздік алу .

C) Жерді шаруаларға беру.

D) Демократиялық мемлекет орнату.

E) Монархияны құлату.

55-вариант