Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дние жзі тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.73 Mб
Скачать

Дүние жүзі тарихы

1. Алғашқы қауым адамдарының ұйқыдағы адамды оқыс оятпауының себебі.

A) Шошып кетеді.

B) Ұйқысы бұзылады.

C) Сыртқа шығып кеткен жаны оралып үлгере алмайды.

D) Өліп кетеді.

E) Өмір бойы ұйықтай алмай кетеді.

2. Ежелгі Грециядағы театрдың актерлер ойын көрсететін бөлігі.

A) Ложа деп аталған.

B) Скене деп аталған.

C) Амфитеатр аталған.

D) Орхестра деп аталған.

E) Балкон деп аталған.

3. Д.Бруно ілімі бойынша:

A) Жерді көк өгіз мүйізімен көтеріп тұр.

B) Жер де, күн де қозғалмайды.

C) Жер айналмайды.

D) Жер диск тәрізді жайпақ.

E) Әлем шексіз, оның бастамасы да, ақыры да болмайды.

4. Кеңес Халқының неміс-фашист басқыншыларының тылындағы бүкіл халықтың күресінің формасы.

A) Cепаратистік әрекет.

B) Экстремистік әрекет.

C) Мойын ұсынбау қозғалысы.

D) Партизан қозғалысы.

E) Террористік әрекет.

5. КСРО-ның ыдыраған уақыты:

A) 1988 ж.

B) 1991 ж.

C) 1990 ж.

D) 1989 ж.

E) 1992 ж.

6. Ең биік Хеопс пирамидасы салынды:

A) Б.э.д. 1500 жылы.

B) Б.э.д. 3000 жылы.

C) Б.э.д. 2600 жылы.

D) Б.э.д. 1750 жылы.

E) Б.э.д. 2700 жылы.

7. Крест жорығына қатысқан батыс европалық рыцарлардың Иерусалим қаласын басып алған жылы:

A) 1079 жылы.

B) 1094 жылы.

C) 1099 жылы.

D) 1090 жылы.

E) 1086 жылы.

8. Үндістанға баратын теңіз жолын жалғастырып жүзеге асырған португалдық ақсүйектер өкілі:

A) Васко да Гама.

B) Колумб.

C) Бартоломеу Диаш.

D) Америго Веспуччи.

E) Магеллан.

9. Германиядағы халықтық Реформацияның көсемі.

A) Альба.

B) Лютер.

C) Кальвин.

D) Лойола.

E) Мюнцер.

10. 1848-49 ж.ж. Италия революциясының басты мәселесі:

A) Австрия құрамында қалу.

B) Феодалдық тәртіпті сақтау.

C) Ұлттық тәуелсіздікті алу, елді саяси біріктіру.

D) Абсолютизмді сақтау.

E) Буржуазиялық қатынастарға жол ашу.

11. Қытайдағы 1850-1864 жылдардағы Тайпиндер көтерілісінің басшысы:

A) Хун Сюцюань.

B) Ли Сючен.

C) Чан Кайши.

D) Лу Синь.

E) Юань Шикай.

12. XVIII ғасырда ағылшын дәрігері Э. Дженнердің медицина саласында ашқан жаңалығы:

A) Шешекке қарсы алдын ала егу.

B) Соқырішекке операция жасау.

C) Рентген сәулесімен емдеу.

D) Линза жасау.

E) Көз ауруын емдеу.

13. 1898 жылы АЌШ пен Испания соғысы нәтижесінде АЌШ-тың иелігіне өткен арал:

A) Соломон.

B) Канар.

C) Мальвин.

D) Маршалл.

E) Пуэрто-Рико.

14. Жас түріктер 1908 жылы көтеріліс жасаған жер:

A) Македония.

B) Кипр.

C) Греция.

D) Болгария.

E) Стамбул.

15. Үндістандағы ең жоғары кастаға жататындар.

A) Қызметшілер.

B) Шаруалар.

C) Абыздар.

D) Жауынгерлер.

E) Құлдар.

16. Византия империясына енген елдер:

A) Италия, Франция, Польша.

B) Балкан елдері, Кіші Азия, Сирия, Египет.

C) Испания, Франция, Польша.

D) Кавказ, Орта Шығыс.

E) Филиппин, Малайзия, Қытай.

17. “Италияның Афинасы” деп аталған қала:

A) Венеция.

B) Генуя.

C) Флоренция.

D) Рим.

E) Милан.

18. Солтүстік Америкада алғашқы ағылшын қонысы қашан пайда болды?

A) 1781 жылы

B) 1607 жылы

C) 1776 жылы

D) 1782 жылы

E) 1775 жылы

19. Аболиционистер ол:

A) Көтіріліске шыққан құлдар.

B) Нәсілшілдер.

C) Құл иеленушілер.

D) Құлдықты жоюды жақтаушылар.

E) Ірі жер иеленушілер.

20. Революцияшыл жұмысшы табының гимні "Интернационал" әнінің сөзін жазған адам:

A) П. Дегейтер.

B) Эжен Потье.

C) Карл Маркс.

D) Лео Франкель.

E) Петр Лавров.

21. Электромагниттік толқындардың сәуле шашу және қабылдау әдісін тапқан, радионың негізін қалаған ғалым:

A) А. Резерфорд.

B) А. Попов.

C) А. Беккерель.

D) М. Ломоносов.

E) Г. Герц.

22. Қашан Германия дүние жүзіндегі екінші ірі теңіз державасына айналды?

A) 1910 жылы

B) 1888 жылы

C) 1911 жылы

D) 1895 жылы

E) 1914 жылы

23. Тоталитарлық коммунистік режимге тән белгі:

A) Тауар-ақша қатынасы.

B) Көппікірлік.

C) Рыноктік қатынас.

D) Жеке меншік.

E) Жоспарлы шаруашылық.

24. Ф. Кастроның армиясы Гаванаға кірген жыл.

A) 1958 ж.

B) 1957 ж.

C) 1956 ж.

D) 1959 ж.

E) 1953 ж.

25. Франк империясының территориясында кейінірек құрылған мемлекеттер:

A) Испания, Италия, Германия.

B) Франция, Италия, Германия.

C) Германия, Франция, Англия.

D) Франция, Испания, Португалия.

E) Австрия, Италия, Испания.

26. Скандинавиядағы норман мемлекеттері:

A) Польша, Чехия.

B) Карелия, Эстландия.

C) Литва, Латвия.

D) Финляндия, Исландия.

E) Дания, Щвеция, Норвегия.

27. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде екінші майданын қай ел әскерлері ашты?

A) Италия, ағылшын, канада, швед, американ әскерлері.

B) Греция, португалия, совет әскерлері.

C) Испания, американ, француз, юогславия әскерлері.

D) Америка, ағылшын, француз, канада әскерлері.

E) Ирландия, норвегия, канада, француз әскерлері.

28. 1990 жылы тәуелсіздігін алған ел:

A) Намибия.

B) Филиппин.

C) Ангола.

D) Мозамбик.

E) Индонезия.

29. 1989 жылы Куба елінің әскери контингенті қай елден шығарылды?

A) Анголадан.

B) Мозамбиктен.

C) Египеттен.

D) Аргентинадан.

E) Мексикадан.

30. Телефонды ойлап тапқан:

A) Г.Маркони.

B) Т.А.Эдисон.

C) А.С.Попов.

D) А.Г.Белл.

E) Ағайында Люмьерлер.

25-вариант