- •1. Қазақстанның әлеументтік жағдайы
- •2. Қазақстанның географиялық орны
- •3. Қазақстанның жетістіктері
- •4. Табиғи ресурстар
- •5. Су ресурстары
- •6. Қазба байлық ресурстары
- •7. Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі
- •8. Қызыл кітап
- •9. Қорықтар мен ұлттық парктер
- •10. Қазақстандағы туризм индустриясы
- •11. Қонақ үй бизнесі
- •12. Қонақ үй түрлері
- •13. Қазақстанның экологиялық жағдайы
- •14. Экологиялық мәдениет
14. Экологиялық мәдениет
Экологиялық мәдениет — жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі. Экологиялық мәдениет – бұл жердегі тіршілікке, сонымен қатар рухани құндылықтар жүйесіне, этикалық қағидаттарға қауіп-қатер төндірмейтін қажеттіліктерді қалыптастыратын өмірді қамтамасыз ету, жүзеге асырудың тәсілдері.
Экологиялық мәдениет дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп қарастырылады. Сондай-ақ, экологиялық қауіпсіздікті болжау, айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің мұрасы болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуына, елдің және әр адамның экологиялық білім мен тәрбиесі деңгейіне байланысты қалыптасады. Ол жалпы мәдениеттің бір бөлігі.
Әрбір адам табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Қорыта айтқанда, «адам-қоғам-табиғи орта» жүйесінде мынандай қағидаттар болуы тиіс: әлем тұтастығы, адам қызметінің өркениеттілігі, экологиялық білім және т.б. Қазіргі өркениет дамуындағы экологиялық мәдениеттің маңыздығы адам мен табиғи ортаның шынайы бірлігін орнатумен, табиғи ортаның тағдырын айқындаумен айқындалады.
Жастар мен жасөспірімдер экологиялық білімнің маңыздылығын сезінуі қажет. Олардың қызығушылығын арттыру бүгінгі күннің басты талабы. Туған жерінің сұлулығына тамсануы, табиғаттан эстетикалық ләззат алу, сезіну, аялай білу қасиеті тағы бар. Экологияны танып-білу, мінез-құлық, жүріс-тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, сақтай білу қажет. Ұлттық экомәдениет
Техногенді өркениеттің дамуы адамзат қоғамының барлық саласын терең трансформациялауға әкеп соқтырады. Қазіргі техногенді әлем адамдардан да тез өзгереді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында экологиялық, өркениет мәселелеріне үлкен көңіл аударады.
Адамның өнеркәсіптік тұрмыс-тіршілігінен түзілген парниктік газдардан климат антропогендік өзгеріске ұшырады. ХІХ ғасырда температура 0,1 градусқа өсті. ХХ ғасырда бұл өсім әр жыл сайын 0,3 градусқа жетті. Ал ХХІ ғасырдың 15 жылында орташа жылдық температура 0,8 градусқа жылып отыр. Ғаламшардың жаһандық жылынуы мұздықтарды ерітіп қоймай, топырақтың беткі қабатын қуратып отыр. Шаруашылық мақсаттағы жерлердің 63 пайызы эрозияға ұшыраған.
Сондай-ақ, жаһандық жылынудан жаңа аурулар туып, қауіпті микроағзалар пайда болады. Cу ресурстарының, атмосфералық ауа мен жер қыртысының ластануынан туындаған аурулардан әлем бойынша адамдардың 40 пайызы өмірден өтіп жатыр. Фотохимиялық түтін, қышқыл жаңбыр, топырақтың құнарсыздануы, ормандардың құртылуы, құрғақшылық, ауадағы қауіпті қалдықтар, биосфера генофонының азаюы сынды қауіпті экологиялық құбылыстар, адамдар үшін қалыпты жағдайға айналды.
«Ұлттық экологиялық мәдениет қазіргі қоғамның маңызды бөлігіне айналуы керек. Табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану мәселелеріне қоғам назарын тарту жұмыстарын күшейту маңызды. Кәсіпорын мен ұйымдардың жер қойнауын, су ресурстарын, орман, қазба байлықтары мен өзге де табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануларына мемлекеттік бақылау енгізу қажет. Топырақтың, жер беті және жер асты суларының ластануына қоғам назарын күшейту керек. Атмосфераның ластануына тосқауыл қою маңызды.
Жеке кәсіпкерлік
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады. Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке құқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа құқықтары бар. Біріккен кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік құқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуінен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу құқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.
Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін де жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі басқа коммерциялық емес құрылымдардан ерекшелігі табыс пен шығын арасындағы айырмашылықтан пайда табуы. Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:
1. өндіріс ресурстары 2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту 3. кәсіпкерліктің өнімін нарыққа шығаруға тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.
4. нәтижесінде пайда табу. Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады: 1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығы мен өзектілігін протенциалды зерттеу. 2. бизнес жоспар құрастыру.
3. қажетті ресурстарды іздестіру. 4. қалыптасқан кәсіпорынды басқару. Бұл кезенде басқару стилі мен құрылымды ұйымдастыру, жеңіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап оларды жою жолдарын қарастыру және бақылау.
Шағын және орта бизнес
«Кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің 3 түрі бар: шағын, орта және ірі. Өзінің мәртебесін кәсіпкерлер өздері анықтап, растауы керек.
Шағын кəсіпкерлік субъектілері – бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны жылына белгілі бір минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын теңгені құрайды.
Орташа кəсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғалық білімі жоқ жеке кəсіпкерлер, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан кем емес жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп емес болуы керек.
Ірі кəсіпкерлік субъектілері – жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан жоғары.
Төмендегідей қызметтерді жүзеге асыратын жеке мен заңды тұлғалар шағын кəсіпкерлік субъектілері болып танылмайды:
1. есірткілік заттарды, психотроптық заттардың айналымына байланысты қызметтерді жүргізетін;
2. акциздік өнімдерді шығаратын жəне (немесе) көтерме саудада сататын;
3. астық қабылдау орындарында астықты сақтау қызметін жүзеге асыратын;
4. лотерея ұйымдастыратын;
5. ойын жəне шоу-бизнес саласындағы қызметпен айналысатын;
6. сапаны басқару саласындағы қызметпен айналысатын;
7. мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, электр жəне жылу қуатын өндіру, өңдеу жəне сату қызметімен айналысатын;
8. радиобелсенді материалдардың айналымымен байланысты қызметпен;
9. банкілік қызметпен (немесе оның жекелеген түрлерімен) жəне сақтандыру нарығындағы қызметпен (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
10. аудиторлық қызмет;
11. құнды қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
зерттеулеріне сәйкес, Қазақстандағы демографиялық жағдай қанағаттанарлық. 2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. 2050 жылға қарай еліміздегі халық саны 4 миллионға артады. Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.
Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен сипатталды. Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. 9 жасқа дейiнгi балалар саны - 22,0%. 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифметикалық жас — небәрi 25 жас. Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының өз ата мекендерiне көшуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құраған.
Ақша жүйесі
Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкноттар мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Банк туралы не білеміз?
«Банк» Италияның «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Банко-үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Алғашқы банк 1407 жылы Генуяда пайда болды. 15 ғасырда ең ірі танымал банк Флоренциядағы Медичи банкі едi. Оның Европада 16 филиалы болған.
Банктің ең негізгі қызметтерінің бірі – несие беру. Банк несиені қысқа мерзімге (1 жылға), орта мерзімге (1,3,5 жылға), ұзақ мерзімге (3,5,6 жылға) бере алады. Біздің елімізде банктің 2 түрi бар. Олар: ұлттық және коммерциялық банк. Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдаған және осы ақша бойынша пайыз төленген. Мұндай операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да болған. Ертеде шіркеулер мен храмдарда ақша мен басқа да құндылықтар сақталды. Храмдар ақшалай оперциялармен бірге қарыз (ссуда) берді. Қарыз бергені үшін пайыз өндіріп алды. Осындай операция нәтижесінде банктер пайда болды. Банк – бұл аса ірі несие орны.
Ұлттық валюта
Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі – ұлттық валюта. Оның адамзат қоғамындағы маңыздылығын айтып тауысу мүмкін емес. Әлемдік экономикадағы тауар айналымы мен халықаралық сауда-саттықтың валютасыз жүзеге асуы да мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттіміздің ұлттық валютасы – теңге туралы айтып өтейік.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығаруды шұғыл қолға алды. Теңгенің туған күні – 15 қараша. Өйткені 1993 жылы дәл осы күні теңге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен теңге айналымға шыққан болатын.
Ұлттық теңгеміздің ерекшелігі – мықты, тез тозбайтын қағаздан, дайындалды және жалған ақшаға қарсы оннан аса белгісі көрсетілген. Теңгенің алғашқы шығарылымы елімізде емес, арнайы тапсырыс арқылы сонау Англияның атақты «Харисон және балалары» деп аталатын фирмасында дүниеге келді. Ал Қазақстанда ақша шығаратын фабрика тек 1995 жылы ашылды.
Алғашқы теңгелердің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары – әлемдік философияның атасы, ұлы ғалым әрі ақын, музыка танушы Әбу Насыр әл-Фараби, халық ақыны әрі жырау Сүйінбай, ұлттық музыкамыздың классигі, күйші-сазгер Құрманғазы, тұңғыш ағартушы ғалым, этнограф Ш. Уәлиханов, ұлттық әдебиетіміздің классигі, ұлы ойшыл, философ, ақын А. Құнанбаев, жоңғар шапқыншылығы кезінде ел басқарған Әбілқайыр хан, үш жүздің басын қосқан білгір хан Абылайдың бейнелері басылған. Екінші беті ою-өрнек, табиғат көріністері және елтаңбамызбен безендірілген.
Теңгенің алғаш шыққан күнінен бастап, оның сыртқы көрінісі бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Уақыт өте келе инфляция әсерімен тиындар айналымнан шығып, орнына металл теңгелер келді. Оның да номиналы жыл сайын өсуде. 2003 жылы жаңа 10 мың теңгенің номиналдық купюрасы жарыққа шықты.
Халықаралық ұйымдардың қалыптасу тарихы
Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйымдар қатарына «Жер өлшеуші халықаралық ұйымын» (1864 ж), «Дүниежүзілік почта одағы» (1874 ж), «Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы» (1886 ж) мен «Құлдыққа қарсы халықаралық одақты» (1890 ж) жатқызуға болады.
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері бар. Олар:
> әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
> халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;
> халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
> ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат ұстанбауы тиіс.
Халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси тұрақсыздыққа жол ашпау үшін, мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Көлік логистикасы
Қазіргі кезде жүк тасымалдау тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.
ТМД мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль көлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені автомобильмен тасымалдау кезінде оны тасымалдаудың барлық ерекшеліктері ескеріле отырып қандай да болсын көлемдегі жүк тасу мүмкіндігі бар, соның ішінде температуралық режим сақталады, сонымен бірге стандартты емес және қауіпті жүктерді тасымалдауға тек автомобиль ғана қолайлы.
Автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл:
- тапсырыс беруші жүкті әрқашанда тікелей жүкті жөнелтушіден оны алушыға дейін қайта тиеп-түсірусіз жеткізе алады;
- жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады;
- көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады;
- жүк теміржолға да, өзен және теңіз порттарына да тәуелсіз тасымалдана береді.
Көлік-экспедитор компанияларының дәстүрлі нарығы жоғары, ол серпінді түрде өсуде және көптеген мүмкіндіктерді ұсынуда. Оған деген бәсекелестік күшейе түсуде, осы деңгейде ұстап тұру үшін қазақстандық операторларға ресурстарды барынша шоғырландыру қажет болады. Біздің нарықта аутсорсинг логистикасы енді ғана пайда болуда. Кейіннен ол тез өсетін болады, бірақ қарқынның қашан өрістейтінін айту қиын.
Алайда, нарыққа қатысушылардың барлығының да әлеуеттері бар. Бұл жерде ең маңыздысы - компанияның түрі мен құрылымы емес, оның ұсынатын қызметі болып табылады.
Қайырымдылық бағдарламалар
Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
* Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
* Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге үмтылу).
Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылық жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де корініс табады. Қазір
біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Қазір еліміздегі ірі компаниялар қайырымдылық шарасын өткізуге жыл сайын қаржы бөлеп отырады. Қоғамдық өмірге байыппен қарасаңыз, компаниялар бірінші кезекте жетім балалар үйіне қаржы бөліп жатады. Жетім-жесірге көмектесу бұл өте орынды іс екені даусыз.
Алматы метросы
Қоғамдық көліктің рельсті түрі дегенді білдіретін француздың «метрополитен» сөзі бүгінгі таңда көптеген елдерде өзгеріссіз қолданылады. Оның 3,6 шақырымдық алғашқы жолы 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда іске қосылды. Еуропа құрлығындағы тарихы ең ұзын метролар Будапешт (1896), Вена (1898), Париж (1900), Берлин (1902) және Гамбург (1912) қалаларында. Ал бұрынғы кеңестік республикаларда тұңғыш метро желісі Мәскеуде 1935 жылы 15 мамырда ашылды. Одан кейін бұл көлік түрі Санкт-Петербург (1955), Киев (1960), Тбилиси (1966), Баку (1967), Харьков (1975), Тәшкент (1977), Ереван (1981), Минск (1984), Нижний Новгород (1985), Новосібір (1986), Самара (1987) және Екатеринбург (1991) қалаларында қосылды.
Алматы метрополитенін салу, салмау мәселесі кеңестік дәуірдің сонау 70-жылдары көтерілген болатын. Қала қарқынды өсіп келе жатқанына қарамастан, сейсмикалық жағынан аса қауіпті аймақта орналасқандықтан, Алматы метрополитенінің салынуына қарсылық білдірушілер аз болған жоқ. Кеңес Одағында ол кезде метро миллион тұрғыны бар қалаларда ғана салынатын. Оның қажеттілігі Алматыда уақыт өткен сайын айқын сезіле бастады. Сондықтан ұзақ пікірсайыстан кейін 1980 жылы КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы А. Косыгин арнайы үкімет қаулысына қол қойды. Ал 1981 жылдың желтоқсанында Алматының миллионыншы тұрғыны өмірге келгені туралы ресми ақпарат таратылды. Бұл метро құрылысын бастауға түрткі болып, Мәскеудегі "Метрогипротранс" институты метроның техникалық экономикалық негіздемесін және оның бірінші желісінің алғашқы кезеңінің жобасын жасауға кірісті.
Бастапқы кезде КСРО Жол және қатынас министрлігі тапсырыс беруші болып, құрылыс жобасын түзету жұмысына Ленинградтағы "Ленметрогипротранс" институты қатысты. Алматы метрополитені туралы ресми мәлімдемені 1982 жылы Қазақстан Компартиясының 60 жылдығына арналған салтанатты жиында КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев жасады. Д. Ахметұлы республиканың одан әрі дамыту жолдарын айтқан кезде «Л. Брежневтің қолдауымен республика астанасында метро салу да көзделуде», деді. 1982 жылы 14 маусымда метрополтитен бекеттерінің атауы бекітілді. Алматы метрополитенінің алғашқы желісінің құрылысы КСРО Министрлер кеңесінің 1980 жылғы 4 тамыздағы №1537 ұйғарымы мен КПСС ОК-нің 1985 жылғы 21 ақпандағы қаулысында 1986-1990 жылдарға жоспарланды. Ал 1985 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев құзырлы органдарға әзірлік жасап, "Метроқұрылысы" өндірістік базасын құруды аяқтауға тапсырма берді.
