Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Кб
Скачать
☆

5. Су ресурстары

Қазақстан планетаның сумен аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қазақстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария, Шу, Нұра, Торғай өзендері. Ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс, Сырдырия, Іле, Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.

Қазақстандағы жер беті суларының көлемі жылына 89,5 текше метр шақырымды құрайды. Соңғы жылдары Сырдария өзенінің суы 19,8-ден 9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.

Жерасты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады. Бұл сулар өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады. Су қорларының 63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60

пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек.

6. Қазба байлық ресурстары

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Пайдалы қазбалар деп қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және қалайы қорынан - алғашқы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел.

Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын қорының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған. Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

7. Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Жануарлар дүниесінің адам өміріндегі рөлі үлкен. Жануарлар – азық, бағалы тері, көптеген шикізат көзі болып табылады. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Даланы тышқан, алақоржын, қасқыр, түлкі мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, ақкіс, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі мұнда да жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған. Қайыңды ормандарда бөктергі мен ителгі сияқты кұстар мекендейді. Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Олардың көпшілігі – қосаяқтар, жармасқы, құм айдаһары, қара қоңыз, жылан жемін түнде аулайды. Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Тау бөктерін қабан, сілеусін, қоңыр аю, елік, құстардан – шырша торғай, қайшыауыз мекендейді. Биік тау басында арқар мен таутеке жүреді.

Өсімдіктер әлемі – жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Өсімдіктер адамдар үшін азық-түлік пен киімнің шикізат көзі. Олар дәрілік зат, химиялық шикізат пен құрылыс материалдары болып табылады. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Қазақстанның шөлді аймақтарында сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.

Тян-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар бар. Оларда шыршалар, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Орманды аймақта қайың, итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. өсімдіктер өседі. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы.