Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.88 Кб
Скачать

12. Қонақ үй түрлері

Қонақ үйдің халықаралық тәжірибеде төмендегідей типтері жиі кездеседі:

1. Апортамент – сыйымдылығы жағынан шағын және орташа болып келеді. Бұл ірі қалаларға тән. Сондықтанда ол пәтерлік типтегі қонақ үй болып табылады.

2. Эконом класты қонақ үй – сиымдылығы жағынан шағын немесе орташа мөлшердегі кәсіпорын болып табылады және магистральдарға жақын орналасады.

3. Отель – бұл сиымдылығы жағынан әр түрлі мөлшерде болып келеді. Отель көрікті ыңғайлы жерлерінде орналасатын және де қонақжайлылықтың барлық түрі ұсынылатын кәсіпорын.

4. Мотель – автобустарға арналған қонақ үйлер. Қаланың сыртында ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады. Тұрақтары, автожағармайлары, техникалық қызмет орындары бар. Ғимараттың сыйымдылығы орташа және шағын деңгейге тән. Ең бастысы клиенттер өз өзіне жұмыс жасайды.

5. Кемпинг – бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын лагер типті қонақ үйлер. Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен және жөндеумен қамтамасыз етіледі. Автомашиналар қоятын орындары бар. Бұл жерде қосымша қызмет орындары болуы мүмкін. Кемпингтер туристік маршруттар бойында, курорттық аудандар мен туристік орталықтарда салынады.

6. Түнеу және таңғы ас типіндегі жеке меншік қонақ үйлер – бұл АҚШ – та кең таралған. Сыйымдылығы жағынан орташа болып келеді.

7. Пансион – бұл қарапайым стандартты қызметі шектеулі кәсіпорын. Бірақ бұның басты ерекшелігінен қонақтарға толық пансион көрсетіледі. 4 уақыттық ас береді. 2, 3 жұлдыздық жүйе.

13. Қазақстанның экологиялық жағдайы

Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алады.