Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.88 Кб
Скачать

10. Қазақстандағы туризм индустриясы

Туризм - әлемдік экономиканың ең ірі және қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Әлемнің көптеген елдерінде ол валюталық табыстың негізгі көзі. 2001 жылдың 13 маусымында «ҚР-сындағы туристік қызмет туралы» Заңы қабылданды. Әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі,

бүркіт асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Туризмді дамыту үшін тарихи және мәдени мұражайларға жақын ұлт аспаптарда ойнаушыларды даярлау, ұлт дәмханаларды ашу, ши тоқу, тері илеу, қамшы өру, арқан есу, зергерлерді тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.

Туристік саланың құқықтық – нормативтік базасы мен мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруіміз керек. Бұл туризмді экономиканың кірісті саласы мен бәсекеге қабілетті индустриясы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық туризмді сапалы дамыту үшін икемді салық саясатын, пайызсыз займдар мен несиелер беру, соның ішінде валютада, дотациялар қарастыру мақсатты болар еді. Туризм халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Туризм экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды. Елдің инфро құрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Республикада туристерге арналған 159 қонақүй, 34 сауықтыру орны, 29 демалыс бағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік кешен, 13 сауықтыру лагері, 10 аңшылық үйі бар. Туристік фирмалар мен туристік агенттіктер, маркетингтік зерттеу, туризмдегі БАҚ, банк саласындағы сақтандыру қызметі, қонақүй, әуе қатынасы, спорт және іскерлік туризм бірлесіп жұмыс істесе, туризмнен жақсы пайда табар едік.

11. Қонақ үй бизнесі

Нарықта дәрежесін жоғарылату және бәсекелестерінен озу үшін қонақ үй қызметтерінің сапасын жоғарылату және клиенттерді өзіне тарту үшін алдарына мақсат қояды. Қызмет көрсету маңызды сфера болып табылады. Маркетологтардың айтуы бойынша сапалы қызметті басқару өнімді еңбекті көрсетіп, ұйымды бақылауға септігін тигізеді. Сонымен, сапа клиенттердің қызметтерге қанағаттануы, ал сапалы қызмет — бұл қонақтардың сұранысын қанағаттандыратын қызмет.

Қазақстандық қонақ үйлердің қызметін жақсартуға әсер ететін негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады: көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, қызметтің баға-сапа қатынасын жақсарту бойынша шараларды жүргізу, көрсетілетін қызметтің тізімін кеңейту және оларды диверсикациялау. Сапа бәсекеге қабілетті болады. Аталған мәселелерді кешенді түрде шешу қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра алады.

Қонақ үй бизнесінде қызметшілер жұмысты стандартқа сай және шынайы ниетпен істеуі қажет. Қонақ үй кодексіндегі қызметкерлердің міндеттері: дер кезінде көмек беру, қонақжайлылық, тиянақтылық, жауапкершілік. Ұжымның еңбек өмірінде корпоративтік оқыту маңызды. Ол үш негізгі позицияға бөлінеді:

1) Инструктаж және тренинг сабақтар;

2) Ұжымды тәрбиелеу, қонақтарды 100% қанағаттандыру;

3) Практикалық оқуларды жұмыс орнында кеңінен енгізу және мини-семинарлар жүйесі арқылы енгізу.

Сапа жүйесінде негізгі мәселе іс-әрекет, проблеманың туындауын алдын-ала болдырмау, болған қатені дұрыстау.

Қазақстанға келетін туристер категориясы көбінесе іскерлік және конгрестік туризмге жатады. Көбінесе келетін туристердің 82 пайызы бизнес-қонақтар қатарына кіреді, олар негізінен Астана және Алматы қаласына келушілер.