Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сессия казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.88 Кб
Скачать

1. Қазақстанның әлеументтік жағдайы

Біріккен Ұлттар Ұйымы зерттеулеріне сәйкес, Қазақстандағы демографиялық жағдай қанағаттанарлық. 2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. 2050 жылға қарай еліміздегі халық саны 4 миллионға артады. Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.

Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен сипатталды. Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. 9 жасқа дейiнгi балалар саны - 22,0%. 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифметикалық жас — небәрi 25 жас. Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.

1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының өз ата мекендерiне көшуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құраған.

2. Қазақстанның географиялық орны

Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей қашықтықта орналасқан.

Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстанның оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен - 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Қазақстан мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде ең үлкені.