Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать
  1. Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

• жанұяда берекенің болмауы;

• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

• тәрбие берудегі кемшіліктер;

• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.

Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.

Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.

Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді.

Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.

4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

  1. Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.

Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.Экономикалық адам — бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді. Сонымен, адам капиталы — экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылар¬дың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономи¬калық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтама¬лардың тұтастай арсеналын пайдаланады. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Әлеуметтік адам-бұл топтың адамдары бүкіл қоғамдық тәртіпке бағынады.Оларды жеке жеке қарастырмаймызғяғни оларға белгілі бір шекаралар қойылмайды.Жеке адамда бір сипаты ғана басымдылық танытады.

  1. Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.

Әлеуметтік қақтығыс индивид немесе индивидтер тобының өз мақсаттарына жетуде басқа индивидті немесе индивидтер тобын өзіне бағындару немесе жою арқылы жетідегі процесс. Қақтығыс теориясында ерекше орынды Карл Маркстың жұмыстары ерекше орын алады. Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруді ұсынуы әлеумеьтік қарым қатынастарды жаңаша көзқарасмпен түсінкуге мүмкңіндңк берді. Маркстін пікірінше адамдар санасы мен еркіне тәуелді емес блоатын өзара қарым қатынасқа түседі деген.Парсонс қақтығысты аномалия деп сипаттады, және оны өткере алу керек деген. Дарендорф өзінің жанжал теориясында ол жанжалды қақтығыстар жүйесі деп есептеп, одан құтылу мүмкін емес, оған таң қалудың да қажеті жоқ, ол адамдардың қажеттілігі деген. Негізінен, қақтығыс қаншалықты теріс деп қабылдасақ та, ол Козер сияқты жанжалдың ашық және жабық типтерінің бар екенідігн ескере отырып, оны қоғамдық түсіністік пен тыныщтықты бұзатын құбылыс ретінде қарасақ, екніші жағынан, оның позитивті немесе конструктивті жағын да ескере отырумызға болады лдеп есептеймін.Боулдинг пікірінше, қақтығыс адам өмірнен ажыратылмас құбылыс, оның негізгі тұсінігін бәсекелестік деген ұғым арқылы сипаттауға болады деген. Қазіргі таңдағы қақтығыстар 2010 жылдың 11 желтоқсан күні Ресей астанасы Мәскеу қаласының қақ ортасында дәл Кремльдің түбінде орыстың шовинистік күштері мен құқық қорғау органдары арасындағы бұрын-соңды болмаған қақтығыстар орын алды. Орыс ұлтшылдарының бас көтеруіне себеп - осыған дейін «Спартак» футбол клубының жанкүйерлері мен кавказдықтардың арасында болған төбелесте Егор Свиридов деген жігіттің өлімі. Қақтығыстардың нәтижесі бойынша екі астанада полиция жүзге жуық «тентектер мен бұзақыларды» тұтқындады. Полициядан қашқан орыс жастары көше-көшедегі орыс еместердің барлығын соққыға жығып, ойына келгендерін істеді. Қанды қырғын Мәскеу метросында да жалғасты дейді көзбен көргендер.Міне, қатығыстар кейде шығын, адам өмірін қиюмен а-ды

  1. Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.

экономиканың негізгі әлеуметтік түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы арқылы эконмиканың ең түпкі мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті.Ел мен оның өңiрлерiнiң жаңа ұстанымдану мiндеттерiне жауап беретiн, бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк құруды қамтамасыз ететiн, ел дамуының геосаяси және гэоэкономикалық факторларын ескеретiн экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды тиiмдi кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру.Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады. Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық аумақтық дамудың стратегиялық осьтерi :қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi;ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады.Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады.Осы елдiң солтүстiгi мен батысындағы "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрад.Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады.

Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]