Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать
  1. Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз

Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.Эксперименттерді жүргізуде зерттелушінің эксперимент жағдайына реакциясын, оның эксперинтатормен қарым–қатынасын ескеру маңызды.Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялық–техникалық жаққа, ал екіншісінде–қажеттіліктік– мотивациялыққа.

  1. Ауытқушылық мінез-құлықты гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының зерттеу пәні ретінде дәлел келтіре отырып сипаттаңыз. «Девиантты» және «деликвентті» мінез-құлық түсініктеріне анықтама беріңіз

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.

Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда евиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады. Тар мағынада алғандағы

девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтіе ауытқулар ретінде түсініледі. Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады. Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады. Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.

Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын айқында.

Адамдардың мінез-құлқына қоғамдық үрдістер мен əлеуметтік топтардың ықпалы, ең алдымен, əлеуметтік тəсіл аясында қарастырылады. Бұл бағыттың ең танымал өкілдері: О.Конт, Г.Тард, А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон.Аномия теориясында Э. Дюркгейм əлеуметтік девиацияны алғашқы болып толық түсіндірген "Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл ескі нормалар мен құндылықтар шынайы қарым-қатынастарға сай келмеген, жаңалары əлі бекітілмеген əлеуметтік бос кеңістіктің — əлеуметтік тəртіпсіздікті туғызу күйін түсіндіреді. Бұл теорияны ол өзіне-өзі қол жұмсау болмысы туралы классикалық зерттеуінде қолданады (1897).Ғалымның пікірінше, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны тұлғаның ішкі қасиеттеріне ғана байланысты емес, адамдарды басқаратын сыртқы себептерге де байланысты. Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқулардың объективті табиғатына еш күмəнданбағаны соншалықты, ол қылмысты «əдетті жағдай» деп пайымдады. Оның пікірінше, əдетті құбылыстың даусыз белгілері бар басқа ешқандай құбылыс жоқ, «қылмыс қоғамның барлық түрінде кездеседі…қылмыс деңгейі адамзаттың дамуымен азаймайды». Осылайша Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқуларды қоғамның нормативті-құндылықтарының шырқы бұзылуының салдары ретінде қарастырады. Оның ойлары əртүрлі əлеуметтік топтар мен əлеуметтік күштердің арасындағы қарама-қайшылықты девиантты мінез-құлықтың басты себептері деп есептейтін зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын тапты, мысалы: жаңашылдық пен кертатпалық новаторлық пен консервативтік. Р. Мертон, Э.Дюркгеймнің ең көрнекті өкілдерінің бірі, девиантты мінез-құлықты — мəдениетпен анықталатын ұмтылыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін əлеуметтік құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нəтижесі ретінде қарастырады. Мəселен, қазіргі американ мəдениетінде ауқаттылық идеясы басым, бұл өз кезегінде сəттіліктің жоғары индивидуалды маңызын анықтайды. Əлеуметтік нормалар арқылы мəдениет мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға же-тудің заңды тəсілдерін де анықтайды. Сонымен, егер адам табанды еңбек етсе, оның «американдық арманы», əйтеуір, бір орындалуы тиіс. Жетістікке жету үшін барлық адамда жағдайлар бірдей емес, бірақ олар кездесетін кедергілерге бірнеше тəсілдің көмегімен бейімделе алады. Бұндай бейімделу тəсілдерін Р.Мертон анықтап көрсетті:

-Конформизм (əлеуметтік тұрғыдан мақұлданған мақсаттар мен оларға қол жеткізу тəсілдерін толық қабылдау);

-Инновация (мақсаттарды қабылдау, оларға жетудің заңды тəсілдерінен бас тарту);

-Ритуализм (берілген немесе үйреншікті тəсілдерді олқы қайталап қолдану);

- Ретризм (əлеуметтік нормаларды орындаудан пассивті бас тарту, мəселен, нашақорлық);

- Бүлік (белсенді бүлік — əлеуметтік нормаларды мойындамау).

тарихы бар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]