Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать
  1. Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз

Сухбат — бул сухбатшының сауалнамага жауап беруімен тікелей байланысын көздейтш, белгш жоспар бойынша өткізілетш әнгіме. Сухбаттың негізгі ерекшеліктері, біріншіден, зерттеушінің сауалнамага жауап беруппмен тікелей байланысы (сауалнамалык пікіртерімде соган гана катысты) болса, екінші ден, байланыстың ауызша түpi (сауалнамалык пікіртерімде байланыстың жазбаша Typi болады) болып табылады.Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері:клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ — 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады. Әлеуметтанымдық ақпаратты жинау үшін қолданылған сұхбат әдісі зерттеушінің тұрғындармен мақсатты тікелей сұрақ-жауап жүргізу жолымен ақпарат жинау әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамдардың пікірін, олардың мінез-құлық уәждемелерін, тілдерді меңгеру деңгейін, қоршаған ортаны, олардың діни дүниетанымын, өмірлік жоспарлары мен мақсат-бағыттарын, белгілі бір мәселе жөнінде хабардарлығын т.с.с. анықтау және бағалау мақсатында қолданылады.

Тереңдетілген сұхбат әдісі алдын ала әзірленген сценариймен және дайындалған сұрақтар бойынша жүргізілді. Әдетте тереңдетілген сұхбат сұхбаткерлерден сауалнамада ескеру қиын болатын сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік береді. Сұхбаттың бұл түрінде сұхбаткерге жағымды әсер етіп, таңдап алынған тақырыпта ұзақ әрі толық пайым жасауға бағытталған техникалар мен әдістемелер қолданылады. Өз кезегінде бұл жалпы алғанда елеусіз болып көрінгенімен, зерттеу міндеттерін шешу үшін аса маңызды болып табылатын мәселелерді және сұхбаткердің көзқарастарын айқындауға мүмкіндік туғызады. Сұхбаттың бұл түрі сұхбаткермен бөгде адамдарсыз жеке кездесу немесе, зерттеу сипатына қарай, телефон арқылы жүргізіледі.

  1. Бір мамандар адамдардың кедей болуы өздеріне байланысты дейді, яғни адамдар ештеңе істемейді, биікке көтерілу үшін қарқынды жұмыс істегісі келмейді, жағдайын жасауға ұмтылмайды. Басқа мамандар, кедейшілік – бұл экономикалық дағдарыс, соғыс, төтенше қауіпті жағдайлар, ірі қоғамдық трансформациялар, сонымен қатар, физикалық әлсіздік, мүгедектік, еңбекке жарамсыздық кезеңдерінде адамдардың еркінен және тілегінен тыс болатын жағдай деп ойлайды. Осы көзқарастардың қайсысы әділетті. Сіз өз көзқарасыңызды факторлар арқылы дәлелдеңіз

адамдардың тұрмысы материялдық тұрмыс және рухани тұрмыс сияқты 2 мазмұнға бөлінеді, осыған сәйкес бұл мақаламызда айтылған «барлық кедейлік» дегеніміз, бастысы економикалық кедейлік пен рухани кедейлікті көрсетеді, білім кедейлігі болса, економикалық кедейлік пен рухани кедейліктің қайнары екендігін жан - жақты дәлелдеудің негізінде, оқырмандарға білімнің кедейліктен құтылдыру ролы аса зор екенін, білім кедейлігінен құтылу білім экономикасі дәурінде кедейлік атаулыдан құтылудың бірден - бір жолы екенін ескертпекшімін.

оқу - ағарту мен тәлім алу адамдардың білімге ие болуының негізгі жолы, сондықтан да бұл мақаламыз білім экономикасі дәуірінде білім кедейлігі барлық кедейліктің қайнары, ал білім кедейлігі оқу - ағартудың кенделігінен келіп шығады, сол себепті оқу - ағартудың кенделігінен құтылу − білім кедейлігінен құтылудың бірден - бір талғамы деген ой жүлгесі бойынша өріс алады.

бірінші, білім кедейлігі − кедейлік атаулының түп қайнары

(1)білім кедейлігі − економикалық кедейліктің түп негізі

капиталдің материялдық капитал және адам күші капиталі сынды 2 формасы болады. бір мемлекет пен раённың экономикасінің дамуының қарқынын заттық капитал емес, қайта, адам күші капиталі, яғни еңбекшілердің саны мен сапасы белгілейді. экономикані дамытуда, әсіресе, экономикані баянды дамыту барысында, сөзсіз, еңбекшілердің өресін жоғарылатудан бастау керек. ал білім өндірісі еңбекшілердің өресін жоғарылатудың маңызды тәсілі. негіздік құрылғыларға қаржы қосудың мақсаты − бүгінгі өндірісті дамыту үшін болса, білім өндірісі неше он жылдан кейінгі халықтың өресін жоғарылатуға қатысты болмақ, білім өндірісі сынды келешекті гүлдендіруге қосқан қаржының маңыз өте зор, егер уақытынан кешіктіріп алса, орнын толтыру өте қиын. сондықтан да бүгінгі экономиканің дамуы кешегі үйренген білімнің қажетке жарауы, ал бүгінгі үйренген білім, сөзсіз, ертеңгі экономика үшін қызмет етуі керек. егер түп - төркініне көз жіберер болсақ, білім мен економикадағы себеп - салдарлық осы бір тізбекте егерде білімді экономиканің дамуын белгілейтін себеп десек, онда экономиканің дамуы білімнің жемісі екендігін көріп алу қиын емес. ең әлдімен білімімізді өсіретін болсақ білім мен экономиканің себеп - салдарлық тізбегінің тізгінін қолымызға аламыз. мысалы,білім экономикасі дәуіріне әлдімен қадам тастаған экономикасі құдыретты ел − жапония жері аумағы шекті, халық саны тығыз, байлығы тапшы арал ел еді. ал олардың экономикада табысқа жетуінің сыры оқу - ағартуды бастан - аяқ мықты ұстағандығынан болған. дүние жүзілік 2 - соғыстан соң жапонияда барлық касіп тұралап, қоғамы жәнсіздәніп, қазынада ауыр қиыншылық болады. бырақ жапония үкіметі экономикані гүлдендіру үшін, экономикані мықты ұстамастан қайта назарларын ұлттың жалпы өресін жоғарылатуға күш салды, оқу - ағарту сынды осы бір елді гүлдендіретін тұғырды мықты игеріп, бүкіл ел болып, ішер ас, киер киімнен іркіп, оқу - ағартуды дамытты.

а қ ш - тың дүниедегі құдыретты елге айналуының сыры, оқу - ағартуды дамытқандығы екені дәусіз. а қ ш - та дүние жүзіндегі ең алға басар оқу - ағарту жүйесі бар, оқу жасындағы балалардың оқуға түсу салыстырмасы дүние жүзі бойынша ең алдыңғы орында тұрады. а қ ш - тың ентсиклөпедия формасындағы оқу - ағартуы мен жоғары оқу - ағартуының дамуы халқының білім сауиясының дамуы үшін тамаша негіз қалады. ақ ш - тағы 1996 - жылғы сайлам жылында жүргізілген халық райын байқап көруде көп санды сайлаушылардың ең көңіл бөлген мәселесі оқу - ағарту мәселесі екен. мұндағы 67 пайыз адам оқу - ағартуды «ең әлдімен ойластыратын іс» деп қарап, экономика мәселесі одан кейін ауызға алынған. үштен екі адам «оқу - ағарту − тіршілік етудің тетігі» деп қараған. былайша айтқанда, еңбекшінің кірісі мен оның білім өресі тура салыстырмалы қатынаста болады, яғни еңбекшінің білімі мол болса, кірімі де жоғары болады. керісінше, білімі таяз болса, кіріс өресі де төмен болады.

білім экономикасі дәуірінде, білім кедейлігі − економикалық кедейліктің түп қайнары ғана болып қалмастан және ұқсамаған елдер арасындағы немесе бір мемлекеттің ішіндегі ұқсамаған сатыдағы адамдар арасындағы бай - кедейлер парқын тудыратын басты себеп.

әрқайсы елдердің білімге қосқан ұсынылымының пайда салыстырмасына талдау жасаған соң, білімге қаржы қосудың мол економикалық пайдаға кенелтіп ғана қоймай әрі ұсынылымының артуына байланысты берер пайдасы да молая түсетіндігін сезе аламыз. міне бұл білім экономикасі дәурінде білімге қалай қаржы қосудың бағынар заңдылығына айланған. білім экономикасі дәурінде білімге қаржы қосу бағдары мен құрылымы және шарт - жағдайы үйлесімді болса, білімге қосылған ұсынылымның пайдасы еңбекшінің алған тәлім - тәрбие өресінің артуына, білім қорының молаюына байланысты артады. білім мол болған сайын білім экономикасінің көлемділігі, өнімділігі қалыптасады да, білімге қосқан қаржының өнімділігі де салыстырмалы түрде жоғарылайды.

жеке адам жөнінен алып айтқанда, білім экономикасі дәуірінде алған тәлім - тәрбие өресінің өрлеуі мен білім қорының молаюына байланысты, білім алуға қосылған қаржының берер өнімі үздіксіз жоғарылайды. егер еңбекші козалдағы уақыттық ғана пайданы қоя тұрып, ұзақ болашақты ойлап, өнім алу перёдтық мерзімі ұзақ, бырақ берер пайдасы мол болған білімге қаржы қосатын болса, онда кейін, сөзсіз, мол пайдаға кенеледі. керісінше, еңбекші тез арада кіріс кіргізуді ойлап, көз алдын ғана ойлап, ұзақ болашақтық білімге қаржы қоспаса өмірлік зиян шегеді. осы мәнінен алып айтқанда, білім экономикасі дәуірінде білім кедейлігі еңбекшілердің кедейлігінің түп қайнары ғана болып қалмастан, қайта еңбекшілерді кедейліктің құй - батпағына батыра түсетін, қоғамдағы әр жіктегі еңбекшілердің арасындағы бай - кедей парқын тіпті де алшақтата түсетін қоздырғыш дей аламыз.

әрқандай бір елдің кез келген уақытта білімге қосқан қаржысынан мол өнім ала бермейтіндігін, білімге қосылған қаржы артқан сайын мол өнім жарата бермейтіндігін толық тани былуымыз керек. керсінше, бастауыш, орта, жоғары мектептердегі оқу - ағарту басқыштарында лайықты қаржыландыру бетәлісін дұрыс таңдап қаржыны лайықты қосқанда ғана, білімге болған қаржының өнімді болуына қол жеткізуге болады. бүгінгі дүниеде жасалған шешімнің дұрыс болмауы, оқу - ағарту құрылымының лайықсыз болуы сияқты себептерден көп санды оқу - ағартуға салған қаржы өнімсіз болып, осының кесірінен көптеген иқуаттық сауатсыздық жарыққа шықты. елімізде де ұқсамаған өредегі білім экономикасінің нәтижесі төмен болу ахуалы өмір сүруде. б м ұ - ның оқу - ағарту, ғылым - техника, мәдениет ұйымының жауаптысы әди сейшә: қоғамға жарамды адам тәрбиелей алмайтын, оқушыларға ешқандай пайдалы білім бере алмайтын оқу - ағартуды «бұрыс оқу - ағарту», - дейді. сондықтан бүкіл дүние жүзінде әр жылы шәмамен 35 пайыз оқу - ағарту қаражаты осы ешқандай бір өнімі жоқ «бұрыс оқу - ағартуға» және осының салдарынан пайда болған «өнімсіз білімге» сарып болуда. былайша айтқанда, бүкіл дүниеде шәмамен әр жылы 120 миллиярд долларды «бұрыс ағарту» мен «өнімсіз білімге» сарып болады. осындай зор мөлшердегі өнімсіз білім қаржысы білім экономикасінің дамуына тұсау болуда.

(2)білім кедейлігі − рухани кедейліктің түп төркіні

адамның идеясі, рухы, козқарасы және мөрәлі сияқтылар туада пайда болмайды, қайта, кейінгі алған тәлім - тәрбиесіне байланысты. егер білімнен кенде болса, уақыт пен іс жүзіндік тұрмыс адамның ішкі дүниесін бұрмалайды,ең соңында идеясі қатып семеді, рухы азғындайды, моралдық жақтан азғындайды. жұңхуа ұлттарының кләсик дастаны «үш әріпті тәпсірдің» тең жарымында білім арқылы тәрбиелеудің адамның өсіп - жетілуіндегі маңыздылығын сөйлейді. «қас тасын егей берсең асыл болар, үйренген сайын адамның білімі толар» деп түйеді. «үш әріпті тәпсірдің» өн бойында «білім кедейлігі рухани кедейліктің түп қайнары» деген козқарас мен мұндалайды.

екінші, білім кедейлігінен құтылу − барлық кедейліктен құтылудың шығар жолы

кедейліктің пайда болу механизмын анықтай білу кедейліктен құтылудың негізгі ой жүлгесі, кедейліктің тиімсіз айналысынан құтылудың алғы шарты. таяз білім барлық кедейлікті келтіріп шыға алады екен, білімнің де кедейліктен құтылдыра алатын ролы зор. сондықтан кедейліктен құтыламыз дейді екенбіз, сөзсіз, білім кедейлігінен құтылу керек. кедейліктен құтылу үшін, әуелі, надандықтан құтылу, кедейлік жағдайды оңау үшін білім алу керек. зор күшпен оқу - ағартуды дамытқанда, кедейліктен құтылудың тетігін таба білгенде ғана «білім кедейлігін тудыратын економикалық кедейлік, рухани кедейліктің» тиімсіз айналысының түп тамырына балта шаба аламыз. «экономикані дамыту үшін оқу - ағартуды қоя тұру» мен «экономика дамыған соң барып оқу - ағартуды дамыту» деген козқарастар экономиканің мәндік талабынан алшақ. надандық жәйлаған, халқы негізгі оқу - ағартуға қол жеткізе алмай отырған мемлекетте өсізәмәндәну құрылысын жүргізу дегеніміз құр сөзге айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]