Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать
  1. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы мен ерекшелігін ажыратып негіздеңіз

Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әлеуметтану және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің қайталанатындарын,тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау.Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде әлеуметтану тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді. Әлеуметтану және саясаттану.Әлеуметтану мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар: -әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады; -саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады; -саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды. Әлеуметтану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]