Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать
  1. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.

Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты

Негізгі бөлім

Сипаттама

1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.

3.Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру

4.Зерттеу болжамдарын ұсыну.

5. Зерттеу жоспарлары.

6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.

7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

Кең мағынасында алғанда әлеуметтанулық зерттеудің объектісі қандай да бір әлеуметтік мәселені таратушысы. Объектіні өте дәл, анық түрде көрсету зерттеу пәнін де дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеу заты обьектінің зерттелуге ұсынылған белгілі бір жақтары.

Әлеуметтанулық зерттеудің міндеттері оның мақсаты мен болжамдарына қатысты үрде қалыптасып,шартты түрде негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.Зерттеудің негізгі міндеттері негізгі емес сұрақтарға жауап іздеуді талап етеді.

Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді

Болжам қолдауға немесе теріске шығаруға болатын қандай да бір деректерді,құбылыстарды және процестерді түсіндіру үшін ұсынылағн ғылыми жоба.Әдетте әр бір әлеуметтанулық зерттеу эзерттегелі отырған мәселенің пайда болу себептері және сипаты туралы алдын ала тұжырымдалған болжамдардан тұрады.Бұл зерттеудің шапшаңырақ жүргізілуін қамтамасыз етіп,зерттеу обьектісін және әдісетрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады:

зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;

тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;

алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;

негізгі зерттеуді жүргізу;

алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;

Зерттеудің обьектісін анықтау арқылы зерттеуге қатыстаын адамдардың жиынтығының сипаты мен саны туралы сұрақ шешіліп бітпейді.Зерттеудің обьектісі болып табылатын барлық адамдардан сұрау рационалды болмаған болар еді.Бұл зерттеудің ерзімін ұзартып сонымен қатар керекті хабарды тез алуды да қиындатып,үлкен қаражаттық шығынды талап етіп,зерттеуді өте күрделі етіп жіберер еді.Сондықтанда әлеуметтанулық зерттеулер көп жағдайда тұтас емес,іріктеліп таңдалған сипатқа ие болады.

  1. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.

Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі.

Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.

Сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді. Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады.

Бақылау Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді.

Фокус-топ Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар.

Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады).

фокус-топты келесі типтерге бөлуге болады:

- негізінен жаңа немесе зерттеушіге беймәлім оқиғалар мен құбылыстар жөнінде мәліметтер алуға бағдарланған;

- негізінен қатынастарды, бағалауларды анықтауға бағдарланған;

- қолда бар ақпаратты анықтауға арналған;

- тауарлар мен жарнаманы тестілеуге келтірілген;

Эксперимент Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет.

Әлеуметтік эксперимент үшін іріктеулерді қалыптастыруда - олар негізі әлеуметтік өлшемдер: жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері бойынша (зерттеу мақсаты үшін) бір-бірімен теңдестірілуі қажет. Осы жағдайда ғана әлеуметтік реакциялардағы айқындалған айырмашылықтарды бақылау факторының ықпалына жатқыза аламыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]