Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505.34 Кб
Скачать
  1. Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз.

ХІХ ғасырда итальяндық дəрігер-психиатр əрі криминалист Чезаре Ломброзо (1836—1909) биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның қылмыстық іс-əрекетін оның анатомиялық құрылымымен байланыстырды. Басты назар аударылған объектілер: бас сүйегі, ми, мұрын, құлақтар, шаштың түсі, татуировка, қолтаңба, терінің сезімталдығы, қылмыскерлердің психикалық қасиеттері. Уильям Шелдон (1898—1984) темперамент түрлері (жəне мінез-құлық) арасындағы, сонымен қатар, адамның соматикалық құрылымының түрлері арасындағы байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Дене бітімнің бұл үш түрі темпераменттің: висцеротония, соматотония, церебротония секілді үш түрімен байланысады.

  1. Жанжалдың негізгі қыметтерін анықтаңыз және сипаттаңыз. Жанжалды реттеу әдістерін құрастырыңыз және оның әлеуметтік салдарына болжам жасаңыз

“Жанжал” сөзінің әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік тәжірибелер мен тарих көрсеткендей, ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек адамдар ғана емес, құдайлар да, ғарыш та қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен элиталар қызмет етеді. Олардың кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап өтеді. Жанжал біреулерге – қуаныш, екіншілерге – түсінбестік, үшіншілеріне қайғы алып келеді.

Жанжалдың қарама-қарсы жағы - бұл достық, әріптестік, өзара көмек, келісім, бірлік және бейбітшілік. Сондықтан барлық адамдар мәселенің жанжалсыз шешілу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Халықтың басым көпшілігіне адам өміріне тәни зиян келтіріп қана қоймай, сондай-ақ оның өміріне қол сұғатын жанжалдармен шақырылған кез келген мүдде, кез келген жүйке зорлығы жағымсыз. Мұндай жағдайда саясат таптар, ұлттар мен мемлекет арасындағы қатынастарға байланысты қызмет ретінде адамдар арасындағы қатынасты реттеуге және заңның негізінде мүмкіндігінше аз шығындармен пайда болған қарама-қайшылықтарды шешуге шақырады. Бірақ саясат жанжал жасаушыларды татуластырумен жиі айналыспайды. А.Г.Здравомысловтың пікірінше, ол көп жағдайда жанжалға итермелеуші құрал болып табылады. “Саясат” - дейді ол, - билікпен кездеседі. Билікке барлығы емес, бірақ көбісі, әсіресе әлеуметтік белсенді адамдар ұмтылады. Алайда қоғамда билік ұстанымдарының саны шектеулі. Егер де бұл билік ұстанымдары монархиялық саяси құрылымдардағыдай мұрагерлік нормалармен анықталмаса, онда қайсыбір билік ұстанымдарын иемденуге біршама мүмкіндіктері барлар міндетті түрде жанжалға түседі. Мұндай түрдегі ұстаным үшін күрес барлық қоғамда дерлік таралған. Оның сипаты қоғамда, қазіргі сәтте өмір сүретін саяси режимге байланысты. Сондықтан, бізге жақса да, жақпаса да, саясат адамның қызмет ету саласы ретінде (себеп салдарға байланысты) жанжалдарды тудырып, шешеді.

Сонымен шынайы өмірде жанжалдан қаша алмайтынымызға көнуге тура келеді. Олай болса, егер жанжалды оқиғаларды шешуге мүмкіндік болса, оның зиянкестігін мейлінше азайту керек. Ол үшін жанжалды және оны реттеу әдістерін зерттеу қажет. Онымен “жанжалтану” ғылымы айналысады. Жанжалтану адамдар пікірі арасындағы қатынастарды емес (бұл идея мен теория жанжалды болар еді), пікірлер мен ұсыныстар қақтығысында болатын адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттестіктерін қарастыратынын білген жөн.

Ерте заманнан бері осыған орай айтылған қызықты идеялар аз емес. Ежелгі Қытайдың ұлы философы Конфуций б.э.д. VІ ғасырдың өзінде-ақ жанжал, біріншіден, адамның ұқсас болмауы мен тәуелсіздігінен туады деп атап өтті. Ол былай деген: “Бай мен кедейге өзара қатынасты қолдау қиын, бірақ оған ұмтылу керек: өзіне қатал қатынас, жоғарыларға және үлкендерге сыйластық, қарапайым адамдарға игі ниеттілік пайдалы”. Осыған байланысты ол “айтыс-тартыс жүргізілмес” үшін әдет-ғұрыптарды жақсарту, кемістіктерді жою, ұрыстардан қашу қажет екенін атап көрсетті.

Конфуцийдің замандасы, ежелгі грек ғалымы Гераклит жанжал - қоғам өмірінің маңызды жағдайы, онсыз қоғам дами алмайды, ол барлық нәрсенің негізі деп есептеген. Оның ойымен ежелгі ғалым-материалистер де келісті. Мысалы, Эпикур жанжалдың салдары адамдарды бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүруге көндіреді дейді.

Жанжал мәселесі б.э.д. V-ІV ғасырларда өмір сүрген Платон мен Аристотель сияқты ежелгі атақты ғалымдарды да толғандырған. Олар: адам өзінің табиғаты бойынша - қоғамдық тірі организм және адамда қалыптасқан қоғамдық бастама оның басқа адамдармен серіктестік болуына мүмкіндік береді деп санаған. Сонымен бірге олар адамдардың өшпенділікке, қастандыққа, зорлыққа бейім екенін естен шығарған жоқ. Аристотельдің пікірінше, тартыстың себептері - әлеуметтік теңсіздік және бөлімдерге бөліну, біреулерді тым жоғары көтеру немесе біреулерді кемсіту.

Жанжалды болдырмас үшін Қайта өркендеу дәуіріне дейін ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қоғамда жабайы, дөрекі түрінде ұжымның діни идеялары қолдау тапты. “Жақсылық” сыйлап, адамды құдай жасаған деген библиялық ойлар таратылды. Алғашқы күнәні адам жасағандықтан, ол міндетті түрде жердегі өмірде “жамандыққа” кездеседі. Феодалдық жағдайларда ұжымның христиандық идеясы тұлғаны басу үшін күшті тетік жасаған. Алайда орта ғасырдағы (VІІ-XVІ ғғ.) жеке-даралық идеялары тәртіпсіздіктерді, бүлік пен қан төгісті соғыстарды өткір сынға алған Томас Мор, Френсис Бекон, Эразм Роттердамский т.б. сияқты әр түрлі бағыттағы ғалымдардың еңбектерінде кеңінен дәлелдене бастады. Олар қоғам дамуының факторы ретінде адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді жақтады.

Біршама басқа көзқарасты Томас Гоббс және Джон Локк ұстанды. Олар әлеуметтік жүйенің дамуын бағалағанда басымдықты қоғамға емес, тұлғаға беру керек, өйткені адамдар бір-бірімен қоғамдық байланыста болғандықтан, бір-біріне дұшпан ретінде немесе дос ретінде шығады. Жеке адамдардың барлық талаптарын қанағаттандыру мүмкін болмағандықтан, қоғамда жанжалдық жағдай пайда болады. Бірақ жанжалды адамдардың табиғи ерекшеліктері көмегімен емес, қатаң шара қолдану жолымен - “қоғамдық келісімді” бұзғаны үшін жазалау немесе қорқыту жолымен шешу керек деп санайды.

“Ағарту” ғасыры (XVІІІ) жанжалдардың табиғатына қатысты көзқарастарға (кейде қарама-қайшы) іс жүзінде маңызды өзгерістер әкелмеді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана жанжалдар әлеуметтану, тарих, психология және құқықпен қатар арнайы зерттеу пәндері қатарына ұсынылды. Жанжалтану ғылымының ғылыми негіздерін бірінші кезекте Чарльз Дарвин, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм, т.б. сияқты атақты ғалымдар жасады.

Ч.Дарвин нәтижесі әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасы болған биологиялық эволюция теориясын ұсынды. Оның жақтастары қоғам дамуын қоғамдық іріктеудің биологиялық заңы деп түсіндірді.

О.Конт жанжалдың негізгі себебін еңбек бөлінісі мен кооперациясынан, капиталдың аз адамдар қолында жинақталуы мен ел тұрғындарының көпшілігін қанаудан, ең бастысы адамның табиғи сезіміне - ынтымақтастық пен келісімдікке кері әсер еткен өзімшілдік моральдың пайда болуынан көрді.

  1. Бұрын болған әлеуметтік рөлдер мен қазір пайда болған жаңа әлеуметтік рөлдер тізімін келтіріңіз. Салыстармалы талдау жасаңыз. Жаңа әлеуметтік рөлдердің пайда болуына әсер еткен факторларды талдаңыз

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.

Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.

Әлеуметтңк рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.

  1. Орта таптың басқа таптардан өмір бейнесі, құндылықты бағыттары, білімі, жұмыспен қамтылуы және т.б. белгілері бойынша әлеуметтік айырмашылықтарын сыни сипаттаңыз. Қазақстандағы орта таптың толығу каналдарын көрсетіңіз. Өз жауаптарыныңызды дәлелдеңіз

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан;

3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;

4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.

Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]