- •Әлеуметтануды ғылым ретінде айқындаңыз, әлеуметтану объектісі және пәнін сипаттаңыз
- •Әлеуметтанулық теориялар құрылымы мен теориялық және эмпирикалық деңгейін анықтаңыз
- •Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін көрсетіңіз
- •Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы мен ерекшелігін ажыратып негіздеңіз
- •«Әлеуметтік құрылым» түсінігіне анықтама беріңіз. Әлеуметтік құрылымның элементтерін атаңыз
- •Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндегі «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». Категорияларына талдау жасаңыз
- •О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретінде негізгі идеяларын қарастырыңыз
- •О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін жіктеңіз
- •Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесі мен негізгі ойларын қарастырыңыз
- •Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын және негізгі еңбектерін сипаттаңыз
- •М.Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануын негіздеңіз
- •М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясын түсіндіріңіз
- •Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдерін көрсетіңіз
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі негізгі қызметтерін пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеуді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз.
- •Жанжалдың негізгі қыметтерін анықтаңыз және сипаттаңыз. Жанжалды реттеу әдістерін құрастырыңыз және оның әлеуметтік салдарына болжам жасаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағанды кесте арқылы құрыңыз.
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
Әлеуметтануды ғылым ретінде айқындаңыз, әлеуметтану объектісі және пәнін сипаттаңыз
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді.Әлеуметтану деген терминді ғылыми танымға өткен ғасырдың 30 жылдары фр. ғалымы О.Конт енгізді.Оның көзқарасы бойынша қоғамға қатысты барлық мәселелер әлеуметтанумен тікелей байланысты. Социологияның екі жүз жылдық тарихы өз бастамасын О.Конт пен Э.Дюркгеймнен, Т.Парсонс пен Р.Мертоннан, Г.Гарфинкель мен И.Гофманнан алатын ғылымның тындырылған теориялық және әдістемелік жетістіктерінің таңғаларлық байлығын паш етуге мүмкіндік береді.Соц.ғ.ХІХ аяғы ХХ басында бөлініп шықты.Басқа қоғамдық ғылымдар жүйесінде әлеуметтану ғылымы ерекше орынға ие:Әлеуметтану қоғам туралы,оның процестері мен құбылыстары туралы ғылым.Әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық роль атқаратын қоғам туралы жалпы әлеуметтанулық теорины қамтиды.Әлеуметтану ғылымының негізгі обьектісі-қоғам,яғни қоғамда болып жатқан барлық байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.Алматы бойынша 50 шақты қоғамдық ұйым бар.Бұл ғылымның ерекшелігін түсіндіру үшін қоғам деген ұғымды бөліп алып қарастыру жеткіліксіз.Өйткені қоғам көптеген ғылымдардың обьектісі б.т. Әлеуметтану ғылымының міндеті–жүйелерді топтастыру,типтестіру әрбір топтастырылған обьектідегі байланыстармен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу.Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін,рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.Әлеуметтанудың пәні болып әлеуметтік жүйелердегі болып жатқан іс-әрекеттердің жүзеге асуы және әлеуметік шынайылық б.т.Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды
