- •2.Патологиялық процестер түрлеріне қысқаша түсінік беріңіз
- •3.Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз
- •Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
- •Бездердің өздерінде орналасқан дерттер
- •Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
- •4.Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз Жалпы патогенез
- •5.Этиологиялық факторларды атаңыз
- •7.Аурудың негізгі туындау формалары,аурудың жүруі,аурудың соңы,кезеңдері жайлы сипаттаңыз
- •9.Эритроциттердің осмостық тұрақтылығының маңызын түсіндіріңіз.Гемолиз
- •10.А.Сали бойынша қандағы гемоглобин санын анықтау әдісін түсіндіріңіз
- •11.Гипоксия түсінігіне анықтама беріңіз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •12.Гипоксияның туындау себептерін және түрлерін атаңыз.Гипоксиялық күй жіктелуін анықтаңыз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •13.Организмнің оттектік ашығу кезіне қорғаныш-бейімделуін сипаттаңыз
- •14.Жүрек және қан айналым қызметінің жеткіліксіздігін түсіндіріңіз
- •15.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық көрінісін сипаттаңыз
- •16.Өткір жүрек жетіспеушілік симптомдарын атаңыз.Патогенезі мен этиологиясын түсіндіріңіз
- •Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары
- •17.Тыныс алу жеткіліксіздігін түсіндіріңіз.Өкпе жетіспеушілігі:туындау себебін,түрлеріне,түсінігіне анықтама беріңіз
- •18.Ас қорыту жүйесінің жетіспеушілігіне жалпы түсінік беріңіз:ағза үшін салдары,туындау себептері,көрінісі
- •Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
- •20.Ішектердегі ас қорыту бұзылысы:ішек қабырғасында ас қорыту патологиясын,алкоголь мен никотин әсерін сипаттап беріңіз
- •Адам ағзасына тигізетін психотроптық әсері[өңдеу]
- •Никотин және шизофриния[өңдеу]
- •22.Резус-фактор дегеніміз не?Қанның қан тобына бөлінуі неге негізделген
- •23.Қалтырауға(лихорадка)заманауианықтамаберіңіз.Терминге,лихорадка этиологиясы,лихорадкалық реакциялардың этиологиялық жіктелуін сипаттаңыз
- •24.Пирогендер және олардың туындауы жайлы заманауи анықтама беріңіз
- •Қызбаның сатылары
- •25.Лихорадкалық реакциялардың патогенезі:қосу механизмдері,пирогендер әсері,пирогендердің спецификалық эффектісінің дамуындағы нейрогендік механизммен гуморальдық реттелу рөлінің маңызын түсіндір
- •27.Аллергия термині,түсінігіне сипаттама беріңіз.Аллергиялық реакциялар этиологиясы(аллергендер:түсінігін анықтау,түрлері,жіктелуі)сипаттаңыз
- •Аллергияның шығу себептері:
- •28.Организм тұрақтылығы мен реактивтілігін,жіктелуін,туындауына анықтама беріңіз
- •29.Организм реактивтілігін анықтаудың негізгі факторларын айтыңыз
- •30.Тромб түсінігі.Тромбо түзілу фазасы,тромбтар жіктелуіне анықтама беріңіз
- •31.Бүйрек қызметінің жетіспеушілігін:бүйректің абсорбциялық және сүзгіштік бұзылыстарына сипаттама беріңіз
- •32.Гипер және гипогидаратация түсініктеріне анықтама беріңіз.Ісік түсінігіне,түрлеріне,бүйрек ісігіне сипаттама беріңіз
- •33.Жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын сипаттап жазыңыз
- •Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
- •Мазмұны Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Гормондар[өңдеу]
- •Ішкі секреция бездері[өңдеу]
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]
- •Қалқанша без[өңдеу]
- •35.Жүйке жүйесінің бұзылыстарына мысл келтіріңіз.Невроз,депрессиялық күй,күйгелектік жайлы түсінік
- •Толығырақ[өңдеу]
- •37.Ұйқы безі қызметінің бұзылысын қант диабеті арқылы түсіндіріңіз
- •Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі[өңдеу]
- •Аталық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •Аналық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •39.Эпифиз бен тимустың рөлін сипаттаңыз.Олар қандай гормон бөледі,және олардың функциясының бұзылыстарын сипаттаңыз
- •Айырша безі[өңдеу]
- •40.Наркомания мен алкоголизм патофизиологиясы жайлы айтыңыз
- •Токсикомания
- •Марихуана
- •Экстази
Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
Орталық нерв жүйесі эндокриндік бездердің қызметтеріне реттеуші әсер етеді. Бұл бездердің қызметтерін реттеуге мидың сыртқы қыртысы, алдыңғы таламус, лимбикалық жүйе, гиппокамп, гипоталамус ж.б. ми құрылымдары қатысады.
Әртүрлі жандүниелік күйзелістер ж. б. стрестік жағдайлар кездерінде орталық нерв жүйесі қүрылымдарынан гипоталамусқа нерв жолдарымен ақпарат бағытталады. Ұзаққа созылған жандүниелік зақымданулардың әсерлерінен тиреотоксикоз (Базед ауруы) немесе қантты диабеттің кейбір түрлері дамуы ықтимал. Бұндай эндокриндік жүйенің бұзылыстарын психогендік эндокринопатиялар деп атайды.
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңьізы өте ерекше. Оның шеткі эндокриндік бездерді реттеуінің бұзылуы көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларга инфекция, қабыну, қан құйылу, тромбоз, жарақаттану, еспе дамуы, жандүниелік зақымдану ж. б. жатады.
Бездердің өздерінде орналасқан дерттер
Шеткі эндокриндік бездерде көптеген дерттік өзгерістер байқалуы мүмкін. Сол себептен бұл бездерде гормон өндірілуі, оның қанға шығарылуы бұзылады. Эндокриндік бездерде дерттік өзгерістер: микробтардың және олардың уыттарының әсерлерінен, қан тамырларымен дұрыс қанмен қамтамасыз етілмеуінен, қан құйылудан, қабынудан, өспе есуінен, без тіндерінің аутоиммундық бүліністерінен, туа пайда болған гормон түзілуінің бұзылыстарынан, ұзақ артық қызмет атқаруынан артынан бездердің қызметі әлсіреуінен т.с.с. жағдайлардан пайда болады.
Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
Көптеген микроорганизмдер және олардың уыттары эндокриндік бездердің бүліністерін туындатады. Мысалы, жұқпалы аурулар ішкі секреция бездері қызметтерінің бұзылуына әкеледі. Менингококтық жұқпа бүйрек үсті бездерінде қан құйылуымен қабаттасуы мүмкін. Күл ауруы көрсетілген бездерде коагуляциялық некрозға әкеледі. Эпидемиялық паротит еркектерде орхит ауруына душар етеді. Сөз ауруы аталық безді бүліндіруі мүмкін. Туберкулез және мерез бүйрек үсті бездерінің, аталық бездердің, қалқанша серік бездердің қызметін бұзады.
Бүйрек үсті бездері туберкулез таяқшаларымен бүлінуден бұл бездердің созылмалы жеткіліксіздігі немесе қола түстес ауру (Аддисон ауруы) дамиды. Сол сияқты басқа да бездерде туберкулез дамуы мүмкін және олардың қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады.
4.Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз Жалпы патогенез
Патогенез (грек: раthos — зардап шегу, ауру, genesis -шығу тегі) дегеніміз — мал ауруының пайда болу механизмі, оның дамып жетілуі туралы ілім. Этиология мен патогенез бір-бірімен тығыз байланысты, патогенез даму үшін алғашқы бүліну процестерінің туындауы қажет. Организмнің патогенді факторлармен өзара қатынасу нәтижесінде ауру пайда болады. Сонымен, аурудың дамуы, барысы мен ақыры организмнің күйіне, тұқым қуалаушылығына, икемділігіне, төзімділігіне, жүйке жүйелерінің функционалдық күйіне байланысты. Ауру бүкіл организмді күйзелтіп, көбінесе жеке ағзаларға зақым келтіреді. Ауру әрқашан жергілікті ошақты және жалпы өзгерістермен сипатталады, олар өзара бірлікте болады. Кез келген жергілікті патологиялық процестер жалпы организмнің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қабыну процесі қанда лейкоциттердің, ЭТЖ көбеюіне, дене температурасының көтерілуіне және де басқа құбылыстарға өкелуі мүмкін.
Аурудың дамуында патогенездің буындары бірдей рөл атқармайды. Жетекші буындардың ішінде патогенездің негізгі буыны болып аурудың бастапқы дамуы саналады, ол себеп ықпал еткен соң басталады (мысалы, артериялық гиперемияда негізгі буыны болып тамырлардың кеңеюі саналады). Сонымен, патогенездің негізгі буынын жойса, онда патологиялық процестің дамуы тоқтатылады. Мал дәрігері негізгі процестің буынын тауып, себебін анықтап, тиімді шаралар және патогенетикалық емдеуді қолданады және де байқалған негізгі өзгерістерді қалпына келтіре алады. Көптеген аурулардың дамуында жүйке жүйесінің, әсіресе жүйке рецепцияларының маңызы өте зор. Сонымен, көптеген патологиялық процестер рефлекторлы шақырылады. Патологияда жүйке жүйесінің рөлі организмнің қорғаныс реакциясына байланысты. Бірақ патология жағдайында жүйке жүйесі өзі де зақымдалуы (мысалы, қанда жиналған көмір қышқылы, улар) және реакциялары бұрмалануы да мүмкін.
Организмде ауру тудыратын агенттердің таралу жолдары: 1) жалғасу арқылы таралуы; 2) жанаса отырып жайылу; 3) қан, лимфа тамырлары арқылы таралу; 4) жүйке жүйесі арқылы таралу.
Жалгасу арқылы таралу бір орындағы тіннің жақын орналасқан қалыпты тінге ауру тудыратын агенттің әсер етуінен болады (ауыз қуысынан өңешке, қарынға, сосын ішекке таралуы). Жанаса отырып таралу — микробтардың қабынған өкпеден плевраға әтіп, оны қабындыруы. Микробтар мен токсиндер негізінен тамырлармен таралады, оны гематогендік жолмен таралу деп атайды. Жүйке тармағы арқылы негізінен вирустар (құтыру) және токсиндер де (сіреспе) таралуы мүмкін.
Ауруға шалдыққан кезінде организм өзгерудің екі түрі болады: қорғаныс бейімделу реакциясы және патологиялық өзгерістер. Патогендік факторлар ағзаларды зақымдап, патологиялық озгерістер тудырады: ағзалар мен жүйелердің қызметін, қан айналысын, жүйке жүйесінің, эндокринді бездердің қызметін бұзады. Ал орнын толықтыру механизмдері бейімделу реакциялары мен қалпына келтіру факторлары арқылы патологиялық процестерді жойып, организмді қалпына келтіреді.
Этиология — аурудың себептері мен пайда болу жағдайлары туралы ілім. Аурудың себебі болып әдеттегіден тыс санды және сапалы ерекшелігі бар тітіркендіргіш саналады, организмде ол өзіне тән өзгерістер тудырады. Ауру себептері шартты түрде эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып бөлінеді. Аурудың эндогендік себептері туа немесе жүре пайда болған организмнің дұрыс дамымауымен байланысты болуы мүмкін. Аурудың экзогендік себептеріне сыртқы ортаның организмге әсер ететін факторлары жатады, олар механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Кейбір аурулардың себебі осы күнге дейін анықталмаған. Кейде себептік фактор көптеген экзогендік жөне эндогендік факторлармен бірігіп әсер етеді. Бұл кезде ауру даму үшін организмнің қорғану бейімделу механизмдерінің жеткіліксіздігінің маңызы зор.
Ауру себептерге байланысты былай жіктеледі:
1) жұқпалы емес аурулар (тұқым жөне даму ақаулары, механикалық жарақаттар, химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің ықпалынан және жануарларды азықтандыру, күтіп-бағу, жұмысқа пайдаланудың бұзылуына байланысты пайда болатын аурулар.
2) жұқпалы (індетті) аурулар (вирустық, бактериалдық, лейкоздар мен микотоксикоздар).
3) инвазиялық аурулар (протозооноздар, гельминтоздар, арахноэнтомоздар). Ауру туғызатын сыртқы ортаның факторлары жануарларды пайдалану, күтіп бағу, азықтандыру жағдайлары, географиялық және маусымдық климат ауытқуы жөне бейімдеу (тұқым қуалаушылық, құрылымдық, жастық, жыныстық өзгешеліктері, организм реактивтілігі) болып бөлінеді. Бұл жағдайлар бір-бірімен байланысты.
