- •2.Патологиялық процестер түрлеріне қысқаша түсінік беріңіз
- •3.Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз
- •Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
- •Бездердің өздерінде орналасқан дерттер
- •Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
- •4.Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз Жалпы патогенез
- •5.Этиологиялық факторларды атаңыз
- •7.Аурудың негізгі туындау формалары,аурудың жүруі,аурудың соңы,кезеңдері жайлы сипаттаңыз
- •9.Эритроциттердің осмостық тұрақтылығының маңызын түсіндіріңіз.Гемолиз
- •10.А.Сали бойынша қандағы гемоглобин санын анықтау әдісін түсіндіріңіз
- •11.Гипоксия түсінігіне анықтама беріңіз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •12.Гипоксияның туындау себептерін және түрлерін атаңыз.Гипоксиялық күй жіктелуін анықтаңыз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •13.Организмнің оттектік ашығу кезіне қорғаныш-бейімделуін сипаттаңыз
- •14.Жүрек және қан айналым қызметінің жеткіліксіздігін түсіндіріңіз
- •15.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық көрінісін сипаттаңыз
- •16.Өткір жүрек жетіспеушілік симптомдарын атаңыз.Патогенезі мен этиологиясын түсіндіріңіз
- •Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары
- •17.Тыныс алу жеткіліксіздігін түсіндіріңіз.Өкпе жетіспеушілігі:туындау себебін,түрлеріне,түсінігіне анықтама беріңіз
- •18.Ас қорыту жүйесінің жетіспеушілігіне жалпы түсінік беріңіз:ағза үшін салдары,туындау себептері,көрінісі
- •Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
- •20.Ішектердегі ас қорыту бұзылысы:ішек қабырғасында ас қорыту патологиясын,алкоголь мен никотин әсерін сипаттап беріңіз
- •Адам ағзасына тигізетін психотроптық әсері[өңдеу]
- •Никотин және шизофриния[өңдеу]
- •22.Резус-фактор дегеніміз не?Қанның қан тобына бөлінуі неге негізделген
- •23.Қалтырауға(лихорадка)заманауианықтамаберіңіз.Терминге,лихорадка этиологиясы,лихорадкалық реакциялардың этиологиялық жіктелуін сипаттаңыз
- •24.Пирогендер және олардың туындауы жайлы заманауи анықтама беріңіз
- •Қызбаның сатылары
- •25.Лихорадкалық реакциялардың патогенезі:қосу механизмдері,пирогендер әсері,пирогендердің спецификалық эффектісінің дамуындағы нейрогендік механизммен гуморальдық реттелу рөлінің маңызын түсіндір
- •27.Аллергия термині,түсінігіне сипаттама беріңіз.Аллергиялық реакциялар этиологиясы(аллергендер:түсінігін анықтау,түрлері,жіктелуі)сипаттаңыз
- •Аллергияның шығу себептері:
- •28.Организм тұрақтылығы мен реактивтілігін,жіктелуін,туындауына анықтама беріңіз
- •29.Организм реактивтілігін анықтаудың негізгі факторларын айтыңыз
- •30.Тромб түсінігі.Тромбо түзілу фазасы,тромбтар жіктелуіне анықтама беріңіз
- •31.Бүйрек қызметінің жетіспеушілігін:бүйректің абсорбциялық және сүзгіштік бұзылыстарына сипаттама беріңіз
- •32.Гипер және гипогидаратация түсініктеріне анықтама беріңіз.Ісік түсінігіне,түрлеріне,бүйрек ісігіне сипаттама беріңіз
- •33.Жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын сипаттап жазыңыз
- •Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
- •Мазмұны Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Гормондар[өңдеу]
- •Ішкі секреция бездері[өңдеу]
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]
- •Қалқанша без[өңдеу]
- •35.Жүйке жүйесінің бұзылыстарына мысл келтіріңіз.Невроз,депрессиялық күй,күйгелектік жайлы түсінік
- •Толығырақ[өңдеу]
- •37.Ұйқы безі қызметінің бұзылысын қант диабеті арқылы түсіндіріңіз
- •Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі[өңдеу]
- •Аталық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •Аналық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •39.Эпифиз бен тимустың рөлін сипаттаңыз.Олар қандай гормон бөледі,және олардың функциясының бұзылыстарын сипаттаңыз
- •Айырша безі[өңдеу]
- •40.Наркомания мен алкоголизм патофизиологиясы жайлы айтыңыз
- •Токсикомания
- •Марихуана
- •Экстази
18.Ас қорыту жүйесінің жетіспеушілігіне жалпы түсінік беріңіз:ағза үшін салдары,туындау себептері,көрінісі
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам менжануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Ас қорытылуының жеткіліксіздігі деп организмге түскен тамақтың қорытылмауына әкелетін ас қорыту жолдарының жағдайларын айтады.Осының нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс,витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігі дамиды,организмнің қоздырғыштарга жауап қайтару қасиеті төмендейді,балалардың дамуы мен бойы өсуі баяулайды.
Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы.
Ас қорыту бұзылыстары мына себептер әкеледі
1.Қоректенудің бұзылыстары.Қоректенудің белгілі тәртібі бұзылуы,ұзақ уақыт аш жүру, сапасыз қоректену,құрғақ тамақ немесе тым ашты тамақ қабылдау ж.б.;
2.Ас қорыту жолдарына жұқпалы аурулардың қоздырғыштары(іш сүзегінің, дизентерияның, тырысқақтың,тағамдық уытты жұқпалардың ж.б.) түсуі.Асқазанның созылмалы қабынуларын қарын қақпашысының шырышты қабықтарындағы эпителий жасушыларында өсіп-өнетін He licobacter pylori туындататыны бүгінгі күні белгілі;
3. Химиялық заттардың(ауыр металлдардың.салицилаттардың,алкогөлдің,никотиннің ж.б.),өсімдік уаларының(саңырауқұлақ ж.б.) ас қорыту жолдарына түсуі;
4.Иондағыш сәулелердің әсерлері(сәулелік ауру);
5.Өспелердің дамуы;
6.Стресстік жағдайлар,ауыр жан-дүниелік күйзелістер,жағымсыз эмоциялар ж.б.;
7. Жас балаларда аллергиялық серпілістер мен ас қорыту жолдарының даму ақаулары.
Ас қорыту жолдарының аурулары жиі тәбеттің бұзылыстарына әкеледі.
Асқазанның бүл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos — қуыс ағзалардың тегіс еттері жиырылуынан болатын тамақтың қойыртпасын жан-жағынан қоршап, қысып қозғалуы) және еттің тонусының өзгерістерімен, қарыннан тамақты ішектерге ығыстыру бұзылуымен, құсумен көрінеді.
Перистальтиканың ұлғайуы гастрит, асқазанның ойық жара ауруы кездерінде байқалады. Бұл кезде ет талшықтарының кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда ауыру сезімі пайда болады.
Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті күшейгенде асқазан сөлінің қышқылдығы да ұлғайады. Бұл кезде қышқыл тамақ қарыннан ұлтабарға түсуіне байланысты пилорустың қысқышы ұзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы баяулайды.
Асқазанның қимылдық әрекеті төмендеуі (гипокинез) жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының орнынан төмен ығысуларында (гастроптоз, спланхптоз), жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ ішу, қорқыныш, қайғы-қасірет, жағымсыз эмоцияларда асқазанның қимылдық әрекеттерін төмендетеді.
Оңеш пен асқазан арасындағы сфинктер (грек. sphinkter — қысқыш) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне әкеледі.
Пилороспазм кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады. Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы ж. б. іш қуыс ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл кезде перистальтиканың компенсациялық күшейуі қарынның еттік қабығының гипертрофиясын туындатады. Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады.
19.Ауыздағы және өңештегі ас қорыту бұзылысына мысал келтіріңіз.Асқазандағы ас қорыту бұзылысы:асқазанның моторлық,секреторлық және қор функциялары жайлы түсінік беріңіз
АСҚАЗАНДАҒЫ АС ҚОРЫТЫЛУДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Асқазанда қорытылудың бұзылыстары оның әдеттегі сөл бөлу, қимылдық, сіңірімділік, шығарымдық қызметтері бұзылғанда байқалады.
