- •2.Патологиялық процестер түрлеріне қысқаша түсінік беріңіз
- •3.Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз
- •Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
- •Бездердің өздерінде орналасқан дерттер
- •Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
- •4.Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз Жалпы патогенез
- •5.Этиологиялық факторларды атаңыз
- •7.Аурудың негізгі туындау формалары,аурудың жүруі,аурудың соңы,кезеңдері жайлы сипаттаңыз
- •9.Эритроциттердің осмостық тұрақтылығының маңызын түсіндіріңіз.Гемолиз
- •10.А.Сали бойынша қандағы гемоглобин санын анықтау әдісін түсіндіріңіз
- •11.Гипоксия түсінігіне анықтама беріңіз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •12.Гипоксияның туындау себептерін және түрлерін атаңыз.Гипоксиялық күй жіктелуін анықтаңыз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •13.Организмнің оттектік ашығу кезіне қорғаныш-бейімделуін сипаттаңыз
- •14.Жүрек және қан айналым қызметінің жеткіліксіздігін түсіндіріңіз
- •15.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық көрінісін сипаттаңыз
- •16.Өткір жүрек жетіспеушілік симптомдарын атаңыз.Патогенезі мен этиологиясын түсіндіріңіз
- •Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары
- •17.Тыныс алу жеткіліксіздігін түсіндіріңіз.Өкпе жетіспеушілігі:туындау себебін,түрлеріне,түсінігіне анықтама беріңіз
- •18.Ас қорыту жүйесінің жетіспеушілігіне жалпы түсінік беріңіз:ағза үшін салдары,туындау себептері,көрінісі
- •Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
- •20.Ішектердегі ас қорыту бұзылысы:ішек қабырғасында ас қорыту патологиясын,алкоголь мен никотин әсерін сипаттап беріңіз
- •Адам ағзасына тигізетін психотроптық әсері[өңдеу]
- •Никотин және шизофриния[өңдеу]
- •22.Резус-фактор дегеніміз не?Қанның қан тобына бөлінуі неге негізделген
- •23.Қалтырауға(лихорадка)заманауианықтамаберіңіз.Терминге,лихорадка этиологиясы,лихорадкалық реакциялардың этиологиялық жіктелуін сипаттаңыз
- •24.Пирогендер және олардың туындауы жайлы заманауи анықтама беріңіз
- •Қызбаның сатылары
- •25.Лихорадкалық реакциялардың патогенезі:қосу механизмдері,пирогендер әсері,пирогендердің спецификалық эффектісінің дамуындағы нейрогендік механизммен гуморальдық реттелу рөлінің маңызын түсіндір
- •27.Аллергия термині,түсінігіне сипаттама беріңіз.Аллергиялық реакциялар этиологиясы(аллергендер:түсінігін анықтау,түрлері,жіктелуі)сипаттаңыз
- •Аллергияның шығу себептері:
- •28.Организм тұрақтылығы мен реактивтілігін,жіктелуін,туындауына анықтама беріңіз
- •29.Организм реактивтілігін анықтаудың негізгі факторларын айтыңыз
- •30.Тромб түсінігі.Тромбо түзілу фазасы,тромбтар жіктелуіне анықтама беріңіз
- •31.Бүйрек қызметінің жетіспеушілігін:бүйректің абсорбциялық және сүзгіштік бұзылыстарына сипаттама беріңіз
- •32.Гипер және гипогидаратация түсініктеріне анықтама беріңіз.Ісік түсінігіне,түрлеріне,бүйрек ісігіне сипаттама беріңіз
- •33.Жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын сипаттап жазыңыз
- •Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
- •Мазмұны Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Гормондар[өңдеу]
- •Ішкі секреция бездері[өңдеу]
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]
- •Қалқанша без[өңдеу]
- •35.Жүйке жүйесінің бұзылыстарына мысл келтіріңіз.Невроз,депрессиялық күй,күйгелектік жайлы түсінік
- •Толығырақ[өңдеу]
- •37.Ұйқы безі қызметінің бұзылысын қант диабеті арқылы түсіндіріңіз
- •Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі[өңдеу]
- •Аталық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •Аналық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •39.Эпифиз бен тимустың рөлін сипаттаңыз.Олар қандай гормон бөледі,және олардың функциясының бұзылыстарын сипаттаңыз
- •Айырша безі[өңдеу]
- •40.Наркомания мен алкоголизм патофизиологиясы жайлы айтыңыз
- •Токсикомания
- •Марихуана
- •Экстази
15.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық көрінісін сипаттаңыз
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys —бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.[1]
Құрылысы
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі —қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.
Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.
Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.
Жүрек жетіспеушілігі деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет затармен қамтамасыз ету және метоболизм өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек) өзінің жұмысын атқара алмауын айтады[1], тіндердің метаболиттік қажеттелігін қанағаттандыру үшін керекті қан көлемінің азаюы жүректің қамтамасыз ете алмауынан туатын патологиялық процесс.
Түрлері
Пайда болу жылдамдығына қарай: жедел және созылмалы.
Жедел түрі – миокард инфарктісі, нитральды және аорта клапандарының жетіспеушілігі, сол қарынша жарылуы.
Созылмалы – біртіндеп басталады.
Жүрек бөлімдерінің зақымдалуына байланысты:
сол қарыншалық және
оң қарыншалық
Сол қарыншалық Жүрек жетіспеушілігі (СҚЖЖ) – сол қарыншаға (а.стенозында) көп күш түскенде, немесе оның жиырылу функциясы төмендегенде пайда болады (миокард инфарктінде) сол кезде мынадай жағдай пайда болады, үлкен қан айналымына түсетін қан азаяды, сол жүрекше кеңейіп, кіші қан айналымында қан іркілісі болады. СҚЖЖ:
Систолалық,
диастолалық болады.
Оң қарынша Жүрек жетіспеушілігі (СҚЖЖ) – оң қарыншаға көп күш түскенде (өкпе артериясының саңылауы тарылғанда), немесе өкпелік гипертензияда, яғни кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі болғанда.
Жедел жүрек жетіспеушілігі-жүректің насостық қызметінің бірден нашарлап, организмді қанмен қамтамасыз етілмеуі.
Жедел жүрек жетіспеушілігінің негізгі себептері[өңдеу]
миокард инфарктісі (үлкен көлемді, жарылу).
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы (тиімсіз ем, қосымша аурулар).
Аритмиялар (қарынша үсті, қарыншалық тахикардия, брадикардия, экстрасистолия, блокадалар).
Қан ағуына кедергілер (аорта саңылауының стенозы, митральды саңылауының стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатия, ісіктер, тромбылар).
Қақпақ жетіспеушілігі – митральды, аортальды.
Миокардиттер.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Өкпе текті жүрек.
Артериальды гипертензия.
Жүрек тампомадасы
Жүрек травмасы.
Қанайналымның жеткіліксіздігі деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тіпті тыныштық жағдайлардың өзінде ағзалар мен тіндердің мұқтаждығына сәйкес айналымдағы қанның тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілмеуіне әкелетін жағдайды айтады. Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері сыртқа шығарылмайды.
