Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PatFizSessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
300.75 Кб
Скачать

1.Жалпы нозология түсінігіне сипаттама беріңіз

Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.

Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған.

Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа деңгейімен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп болуы мүмкін. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен кан қысымы көтерілуі байқалады. Тамақ ішкеннен кейін шеткі қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай ж. б. жағдайларда бүларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін.

Сондықтан 1946 Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау үйымы (БДҮ) денсаулық туралы мынандай анықтама берді: «Денсаулық дегеніміз олденеде дерт пен көзбен көретін ақаулардың болмауы ғана емес, адамнын көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі».Сонымен, ауру деп қоршаған ортаның ықпалдарына организімнің бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, оның қалыпты денсаулығының бұзылуын айтады.

Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары болуы қажет: 

1. тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі;

2. дерттің дәлелімді әйгіленімдері (объективтік симптомдары);

3. қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.

Тұлғалық әйгіленімдердің негізінде адамды әлі ауру деп айтуға болмайды. Кейбір адамдар жоқ сезімді бар деп шағынуы мүмкін. Мәселен, ауыр қылмыс жасаған адам өтірік науқас болуға тырысатыны белгілі. Кейбіреулер осындай айлакерлікті соғысқа қатыспау үшін жасайды. Кейде өздерінің сезімін тым әсірелеп көрсетуі мүмкін. Сондықтан жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық әдебиет арқылы таныса бастаудан 3-курстың студенттерінің арасында сол аурулардың белгілерін өздерінде табу жиілейді. Бұндай аурулар 3-курс студенттерінің . аурулары делінеді. Кейде науқас адам өзінде бар ауруды ұзақ уақыт сезбеуі ықтимал. Артериалық гипертензиялар, бүйрек аурулары, қантты диабет, ісіктердің ж. Б. Көптеген аурулардың бастапқы кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін.

Аурудың дәлелімді әйгіленістері (объективтік симптомдары) медициналық аспаптармен клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады. Кейде бұл әйгіленістердің болуы да әлі ауру деуге негіз бермейді. Мәселен, адамның қанында глюкозанының тамақ ішкеннен кейін деңгейі әдеттегіден жоғары болады Таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттер көбірек болатыны белгілі.

Аурудың үшінші нышаны – қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке қабілетінің төмендеуі байқалады.

Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда ғана оны ауру деуге болады.

Аурулардың жіктелулері

Пайда болу себептеріне қарай: туа біткен және жүре пайда болған аурулар деп ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан дамитын болулары мүмкін. Жүре пайда болған аурулар: жұқпалы және жұқпалы емес болуы ықтимал.

Даму жолдарына қарай оларды аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, нервтік дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады.

Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай:қауырт, жіті, жедел дамитын, тез дамитын, баяу дамитын, созылмалы ауруларға ажыратылады.

Арнайы дерттік өзгерістердің денедегі деңгейіне қарай: молекулалық, хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді.

Науқас адамдардың жасына қарай: жаңа туған нәрестелердің, балалардың, ересек адамдардың және қарттардың аурулары болады;

Жынысына қарай: әйелдердің және еркектердің ауруларын ажыратады.

 

Аурулардың өту кезеңдері

Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:

1. аурудың бастапқы кезеңі;

2. аурудың айқындалу кезеңі;

3. аурудың аяқталуы мен  салдарлары;

Ауруалды деп қоршаған ортаның жағдайларына организімнің икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, сәйкес сауықтыру шаралары болмауынан ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады. Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың әсерінен бастап аурудың алғашқы клиннкалық көріністеріне дейінгі уақытқа созылады. Ол жұқпалы аурулар кездерінде инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сәулелік ауру ж. б. кездерінде латенттік, өспелер дамуында - өспе алды немесе обыралды делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (ұланулар кездерінде) бірнеше жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін және бұл кезде аурудың ешқандай көріністері болмайды.

2.Патологиялық процестер түрлеріне қысқаша түсінік беріңіз

3.Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз

Патологиялық физиология — медициналық ғылымының аурудың пайда болуы, меңдеу барысы мен салдарларын, ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін саласы. Патологиялық физиология жалпы патологиялық физиология және жүйелік патологиялық физиология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі организмдегі біртектес үрдістерді (қабыну, қызба, зат алмасудың бұзылуы, ісіктің өсуі, т.б.); екіншісі жекелеген органдар мен жүйелердің (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек және қанайналым, тыныс алу жүйелері, т.б.) жұмысының бұзылуын зерттейді. Паталогиялық физиология ғылым ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады. Қазақстанда Паталогиялық физиономия жөніндегі зерттеулер 1933 жылы қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университетінде Паталогия факультетінің кафедрасы ашылғаннан кейін басталды. Паталогиялық физиология мәселелерімен, сондай-ақ республикадағы басқа да медициналық университеттердің тиісті кафедралары мен орталық ғылыми-зерттеу лабораториялары, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтты, ҚР Денсаулық сақтау министрілігіне қарасты бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының эксперименттік лабораториялары шұғылданады.

Патологиялық физиология-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(фуекция, қызмет), logos-(uiiM, үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.

 

Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты жэне олардың, эсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. патофизиология  бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмнің қызметтерін дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады, тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттейді.

 

Патофизиология пәні клиникалық пәндердің негізгі. Клиникалық пәндерде жекелеген аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмдерін және салдарларын белгілі науқас адамдарда тексереді. Бүл кезде сырқат адамның жасына, жынысына, элеуметтік орналасқан ортасына ж.б.жағдайларға қарай аурудың пайда болу себептері, даму жолдары әртүрлі  болуы мүмкін. Сондықтан да «дертті емдемей, науқас адамды емдеу қажет» деген қағида қалыптасқан. Ал, патофизиология ауру себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын тексереді. Аурудың пайда болу себептеріне, организмнің қоздырғышқа жауап қайтару қабілетіне және сыртқы (әлеуметтік) ортаның жағдайына байланысты организмде жасушалардың, ағзалардың және реттеуші жүйелердің қызметтері өзгерулерінің әртүрлі байланыстары пайда болады. Клиникада аурудың жеке түлғаларындағы дара көріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, терінің қабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидың қабынуын-невропатологтар, жүректің қабынуын-кардиологтар, бүйректің қабынуын-нефрологтар, т.с.с.тексеріп емдейді. Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлыгының даму негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды патофизиология зерттейді. Сол сияқты ісіктерде орналасқан жеріне қарай эртүрлі клиникалық көріністермен сипатталады және олар онкологтармен зерттелсе, бүл ісіктердің дамуындағы жалпы заңдылықтарды патофизиология тексереді.

  

Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері.

1. Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады.

2.Аурудың экперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы нәтижесіне дейін байқауға болады. Клиникалық пәндердің мұндай мүмкіншілігі жоқ. Науқас адам дәрігерге әбден сырқаттанған соң ғана келеді.

3.Аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Клиникаға науқас адам келісімен оған ем тәсілдерін қолданылады да, көрсетілген мүмкіншілік жоқтың қасы болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес.

4.Жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдері ең алдымен тек жануарларда тексерістен (эксперименттік терапия) өткеннен кейін ғана клиникаға алынады. Сайып келгенде, патофизиологияның басты мақсаты - аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, оларды тиімді емдеудің жолдары мен әдістерін түсінуге жеткізеді

Патофизиология пәні жалпы және жүйелік патофизиология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Жалпы патофизиология үш тараудан түрады:

1.      Жалпы нозология;

2.      Жалпы этиология және патогенез;

3.      Біртектес дерттік (патологиялық) үрдістер.

Жүйелік патофизиология жекелеген ағзалар мен жүйелердің дерттерін зерттейді.

Организмнің тіршілігінде өтетін көптеген құбылыстардың реттелуі нерв және эндокриндік жүйелердің біріккен қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан организмнің біртұтас өзін-өзі реттейтін күрделі жүйеге бірігуі нервтік-эндокриндік реттеулердің нәтижесінде болады.

Эндокриндік бездер қанға, тін аралық сұйыққа, гормон (грек, hormao — эсер туындату) шыгарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, қалқанша без, паратиреоидты без, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныстық бездер, эпифиз, тимус ж. б. жатады.

Эндокриндік жүйенің бұзылыстары үш патогенездік жолдармен дамуы ықтимал:

1. Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстарынан;

2. Бездердің өздеріндегі орналасқан дерттерден;

3. Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылыстарынан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]