Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ОФ 2БД каз 2012г 3 кр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.01 Кб
Скачать

2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер.

спектрі кең емес препараттар (оксациллин натрий тұзы, метициллин натрий тұзы).

Спектрі кең препараттар (ампициллин, карбенициллин).

Суда жаксы еритін пенициллиндер.

Бензилпенициллин натрий тұзы. Суда жақсы ерихін ақ ұнтақ, қышқыл, сілтілі ортада ыдырайды.Әсерінің спектрі: стафилококк, стрептококк, пневмококк, дифтерия қоздырғышы, сібір жарасының қоздырғышы, гонококк, менингококк, спирохета.Пенициллинге тұрақты стафиллококктың штамдары пеницилиназа ферментін бөліп пенициллинді ыдыратады.Тек парентеральді жолмен қолданады, тез сіңеді (30-60 мин.), 3-4 сағаттан кейін ағзадан бөлініп шығады. Сондықтан әр 3-4 сағат сайын егу керек.

Қолдануы: пневмония, эндокардит, іріңді жара инфекциясында, перитонит, цистит, ангина, дифтерия, ЛОР-ауруларында, менингит, гонорея, сифилис, сібір жарасы, тері инфекцияларында.

Суда нашар еритін пенициллин препараттары. Суда нашар ерігеннен баяу сіңеді, әсері көпке созылады, тек бұлшык етке егіледі, созылмалы ауруларда қолданады. Бензилпенициллин новокаин тұзы.

Ақ ұнтақ, сумен суспензия құрайды. Қышқыл, сілтілі ортада ыдырайды. Әсері 12 сағатқа созылады: бұлшық етке егіледі, суда немесе натрий хлорид изотоникалық ерітіндісінде ерітіп.

Цефалоспориндер Бұл антибиотиктер пенициллин тобының препараттарына ұқсас, бірақ ыдырататын ферменттерге тұрақты, әсерінің спектрі кең, антибактериалдъ қасиеттері мол препараттар. Қазіргі кезеңде ең көп қолданылатын антибиотиктер, себебі бұлар барлық микробтарға энтерококктардан басқасына бактерицидтық әсерін білдіреді.

Жанама әсерлері төмен, мөлшерлеу мен қолдануы ыңғайлы және оңай. Цефалоспориндер ашылу кезеңіне байланысты 4 топқа бөлінеді:

1-ші топтағы цефалоспориндер грам+ және кейбір грам- микробтарға әсер етеді. Жақсы сіңеді. Бұл топтың антибиотиктері осы күнге дейін кең қолданылатын препараттар әр түрлі инфекцияларда: пиелонефрит, тері және бұлшық еттердің инфекциясында, артрит, сепсис (цефазолин, цефалексин).

2-ші топтағы цефалоспориндер антистафиллококтықтық белсенділігі жоғары (цефуроксим).

Ал 3-ші топтағы целоспориндердің спектрі 1,2 топқа қарағанда кеңдеу, грам- микробтарға әсер етуі аса құнды қасиеті (цефотаксим). Жаңа алынған 4-топтағы цефалоспориндер барлық микробтарға әсер

ететін дәрілер деп табылады. Цефалоспориндердің фармакокинетикалық қасиеттері әр түрлі. Қосымша әсерлері: аллергия, бүйрекке зақым келтіреді.

Цефалоридин - цефалоспориндердің 1-ші тобының препараты -Сefaloridinum (цепорин)

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

    1. Антибиотиктер.

    2. Антибиотиктердің әсер ету спектрі бойынша классификациясы .

    3. Препараттары.

    4. Қолданылуы.

    5. Кері әсерлері

Дәріс № 3.

Тақырыбы: Бактерияға қарсы әр-түрлі химиялық құрылымдағы синтетикалық дәрі-дәрмектер.

Мақсаты: студенттерді бактерияға қарсы әр-түрлі химиялық құрылымдағы синтетикалық дәрі-дәрмектердің механизмімен және сипаттамасымен таныстыру. Химиотерапевтикалық дәрілердің жалпы сипаттамасы. Олардың антисептиктерден ерекшелігі. Жіктелуі. Химиотерапияның негізгі принциптері туралы түсінік

Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың жіктелуімен танысу. Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту. Клиникалық тәжірибеде, сонымен қатар стоматолог дәрігердің тәжірибесінде, сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері. Сульфаниламидтік препараттарға, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарға, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттарға, рецепт жазу, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеуді үйрену . Сульфаниламидтік препараттардың, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттардың, сонымен қатар стоматология тәжірибесінде қолданылатын препараттардың, енгізу жолдары, жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, мөлшерлеу принциптері. Сульфаниламидтік препараттарды, әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық антибактериальды заттарды жұптастырып қолдана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу.

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы сипаттамасы.

  2. Әсер ету механизмі.

  3. Бактерияға қарсы әсер ету спектрі.

  4. Қолданылуы.

  5. Кері әсерлері

Дәріс № 4.

Тақырыбы: Паразитке қарсы дәрі-дәрмектер

Мақсаты: студенттерді паразитке қарсы дәрі-дәрмектердің механизмімен және сипаттамасымен таныстыру.

Амебиазаны емдеуге арналған дәрілік заттардың жіктелуімен танысу. Амебиазаны емдеуге арналған дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтарын оқыту. Амебалар тоқ ішектің боый мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы жара колиттерін тудырады. Амебалар тоқ ішектің шырышты қабықшасынан қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрррекке өтіп амебалы процестер шақыруы мүмкін. Сол себептен дәрілерді 2 топқа бөлеміз:

1.Ішектегі амебиазда қолданылатын дәрілер(амебты дизентерия).

2. Ішектен тыс амебиазда қолданылатын дәрілер.

Амебиаздың кез келген түріун емдеуге нитроимидазолдар: метронизадол, тинидазол. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бацилло тасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондарының 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады. Ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаға қарсы эметин(ипекакуана тамырының алкаломды) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлекторлы түрде құсық шақырады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эметин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді. Амебиазаны емдеуге арналған дәрілік заттарды жұптастырып қолдана білу, жағымсыз жанама әсерлері, олардын алдын алу.

Әдебиет:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. М - 2006.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М. - 2004.

3. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. М - 2004

4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П. - 2002.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы сипаттамасы.

  2. Әсер ету механизмі.

  3. Паразитке қарсы әсер ету спектрі.

  4. Қолданылуы.

  5. Кері әсерлері

Дәріс № 5.

Тақырыбы: Дәрілік заттармен улануды емдеудің негізгі принциптері

Мақсаты: студенттерде дәрілік заттармен улануды емдеудің жалпы принциптері бойынша білімді қалыптастыру

1. Дәрілік заттармен улануды емдеудің қазіргі кездегі принциптері.

2. Ағзаның табиғи тазарту жүйесін ынталандыру тәсілдері.

3. Жасанды физико-химиялық детоксикациялық тәсілдер.

4. Антидоттық (фармакологиялық) терапия.

5. Жедел уланудың симптоматикалық емі.

Улану - бұл адам ағзасына химиялық және басқа да заттардың токсикалық мөлшерінің түсуі нәтижесінде (соның ішінде, дәрілік) дамитын патологиялық үрдіс және адам денсаулығына және өміріне қауіп туғызатын құбылыс.

Улану деңгейіне байланысты науқасқа сәйкес шаралар жүргізілуі қажет. Жеңіл және ауыр емес жағдайларда улану шақыратын затты ағзадан алу негізгі шара болып табылады. Ауыр жағдайларда пациент токсикологиялық орталыққа немесе профилді стационарлық емдеу мекемесінің реа­нимация және анестезиология бөлімдеріне (АРБ) жеткізілуі қажет.

Улануды емдеу барысында келесі жалпы принциптерді сақтау қажет: