Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ ЕРНАР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

3.4.3 Өртке қарсы су жабдығын есептеу

V=2 м/с су ағысы жылдамдығында құбырдың ішкі диаметрі келесі теңдеумен есептелінеді

, (3.1)

мұндағы Q – дөңгелек құбырға кеткен су шығыны, м/с.

8731-74,100мм ішкі диаметрінен 108мм сыртқы диаметрімен, мемлекеттік стандарт бойынша құбырдың стандартты диаметрі қабылданады 10м ұзындықпен ғимаратты өрттен сөндіру үшін пайда болатын қажетті су күші келесі теңдеумен анықталады

, (3.2)

мұндағы L – құбыр тереңдігі ,м;

A – 100мм құбырдың диаметрінле судың үдеулік кедергісі;

h – ғимараттар тереңдігі,м;

Нор – крандағы су күші.

Орт апатын жою жоспары 3.1-кестеде көрсетілген.

3.1- кесте. Апатты жою жоспары

Апат түрі

Апатты жою шаралары және оны хабарлау тәртібі

Экскаватордағы өрт

Көлік жүргізушісі ауысым шеберіне алдын ала жариялап айтып қояды. Рация бойынша кенорынның диспечеріне хабарлайды, ал өзі өрт сөндіру бойынша шаралар қабылдайды. Диспечер өрт машиналарын шақырады.

АЗ қойшасында өрт

АЗ қоймасындағы күзетші өрт туралы кенорнының диспечеріне хабарлайды және өрт сөндіру туралы шаралар қабылдайды. Егер өрт мекеменің ішінде болған жағдайда қойманы тастап шығып кетеді. Бірақ жабық орындарды таңдап кіру жолдарын күзетеді. Диспечер кен орнының бас инженеріне хабарлап өрт сөндіру туралы шаралар қабылдайды.

Забой мен кен шығаратын орынның жағдаулары құлауы және қирауы

Шебер диспечерге хабарлап келесі шараларды қабылдайды: қираған забойлардан адамдармен жабдықтарды алып шығады.

    1. Шу және дірілмен күресу әдісі

Бас айналу ауруларын болдыртпау үшін тербелмелі орындарды дірілге қарсы орындықтар орналасады, дірілге қарсы едендерді жабу, жұмысшыларға дірілге қарсы аяқ киімдермен қолғаптармен қамтамасыз ету. Шуы бар қауіпті орындарда жұмысшылар тыңдауыштармен қамтамасыз етіледі. Есту мүшелерін қорғау үшін 500-700 гц жиілікте 500 гц-тен 50ДБ дейін жиіліктерде шуды 8ДБ дейін түсіретін миоу конструкциясы тыңдауыштарын қолданады.

Тербелу үстімен сәулеленген шуды азайту үшін олар үлкен ішкі қажалумен бірге суды соратын материалмен тартылады және резеңке, пластмасса басқада заттармен тартылады. Кен шығарылатын құарл-жабдықтарда, орындарда шудың төмендеуі өз уақытын және толық құнды жүзеге асады.

Көлік айдаушыны кабинаның шуынан қорғау үшін герметиздеуде жеткілікті. Кабинаның сыртқы қабырғасының ішкі қапталуы арасында кеңістікте айырушы заттар жинақталған. Автосамосвал, эксковатордың жүргізушісінің орындығы, болатты теміррессор түрінде орындалатын амортизацияланатын (тоздыратын) төсеніштермен бекітіледі.

Кен шығаратын орынның жарықтық есеп берілуі "кен шығарылатын орныды электрмен жабдықтау" бөлімінде шығарылады және көрсетіледі.

Дыбыс жылдамдығы қарапайым шарттарда (температура г20°С және қысым 0.1013 МПа) ауада 344 м/с құрайды, сұйықтықта - 1500 м/с және металлдарда - 5000 м/с.

Дыбыстық қозудың күші ауытқу жиілігінен айтарлықтай байланысты. Жиілігі 20 Гц-ке дейінгі (инфрадыбыс) және20 кГц-тен жоғары (ультрадыбыс) дыбыстар адамның есту қабілеті қабылдамайды. 20...20000 Гц диапазонындағы жиілікті дыбыстар әрбір октава шегінде біркелкісіз қабылданады. Орташа (300...800 Гц) және жоғары (800...4000 Гц) жиілікті дыбыстар анығырақ қабылданады, 300 Гц дейінгі жиіліктерде нашар. Күштері бірдей, бірақ жиіліктері әртүрлі дыбыстарды адам әртүрлі дауыс қаттылықты дыбыс ретінде қабылдайды. Сондықтан дауыс қаттылығының деңгейі деген түсінік еңгізілді (1000 Гц болғанда). Дауыс қаттылығының деңгейінің өлшем бірлігі ретінде 1 дБ қабылданды.

Тау-кен кәсіпорнының барлық дерлік технологиялық үдірістері – шу көздері. Өздерінің табиғаты бойынша шулар механикалық, аэродинамикалық және магнитті болып бөлінеді. Механикалық шулар динамикалық үдірістер және машина мен механизмдердің қосылуларындағы серпімді деформация нәтижесінде пайда болады, аэродинамикалық шулар пайдаланылған газдардың шығарылуы, қысымның соғуы кезінде, газдарда және сұйықтықтарда құйын тәрізді құрулар кезінде пайда болады. Магнитті шулар электрлі машинаның статоры мен роторының арасындағы ауалы саңылаудағы пайда болатын күштермен сипатталады.

Механикалық шуды төмендету үшін шуламайтын материалдан жасалған бөлшектер, вибротұтушы төсемдер мен иілгіш муфталар қолданылады. Шуды төмендету мүмкін болмағанда олардың құрылу көздерінің өздерінде олар дыбыс тұтушы қаптамада болады. Дыбыс тұтушы материал ретінде киіз, минералды мақта, асбест, асбосиликат, арболит, кеуекті шткһукатурка, поролон, резенке, пенополиуретан және басқалар пайдаланылады.

Дыбыс қысымының деңгейі мен шудың спектріне байланысты оның адамға келесі әсерлерін бөледі. Дыбыс қысымы 15...45 дБ шарты кезінде шу адамға зиянды әсер етпейді, 45...85 дБ шарты кезінде жұмыс қабілеттілігі төмендеп, хал-жайы нашарлауы мүмкін. Дыбыс қысымының деңгейі 85 дБ жоғары болатын шу денсаулыққа қауіпті, өйткені жұмыс қабілеттілігінің бұзылуына, абыржуға және физиологиялық ауытқуларға әкелуі мүмкін. Дыбыс қысымының деңгейі 90 дБ жоғары болатын шу жеке қорғаныс құралдарымен жұмыс істеген кезде ғана рұқсат етіледі,(3.2-кесте). Дыбыс қысымның деңгейі 120 дБ жоғары болатын шу есту органының механикалық бұзылуына құлақтың дабыл пердесінің жарылуына әкелуі мүмкін, сондықтан бұндай шудың адамға қысқа мезімді болсын әсері рұқсат етілмейді. Бұдан басқа шулық орта зақымдануға сеп тигізеді.

Дірілдің ұзақ әсері жүйке сүйек-бұлшық етті жүйенің өзгеруіне, ағзаның энергетикалық шығынының өсуіне, дене салмағының азаюына, бұлшық ет жүйесінің әлсіреуіне, қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Ең қауіпті болып 6...9 Гц жиілікті вибрация саналады.

Жиіліктердің негізгі жолақтарында жұмыс орындары мен зоналары үшін, экскаваторларда, бұрғылау станоктарында, бульдозерлерде, автокөліктерде, өндірістік бөлмелерде және карьер территориясында дыбыс қысымының деңгейі келесі мәндерден аспауы керек:

3.2-кесте. Дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейлері

Жиілігі, Гц

63

125

250

500

1000

Дыбыс қысымының деңгейлері, дБ

99

92

86

83

80