- •1 Алматы метрополитен аймағының геологиялық сипаттамасы мен жер асты құрлыстары туралы жалпы мәлімет
- •1.1 Алматы метрополитен аймағының геологиялық жағдайы
- •Геологиялық құрылымы
- •1.1.2 Құрылыс алаңының физикалық - географиялық жағдайлары
- •1.1.3 Климаты
- •1.1.4 Гидрогеологиялық жағдайлар сипаттамасы
- •1.1.5 Инженерлік – геологиялық жағдайлар
- •1.2 Метрополитен құрлысы жұмыстары
- •1.2.2 Эскалаторлық үңгірлермен мен бекеттер құрылысның
- •1.2.2.1 Эскалаторлық кешендерді тұрғызу
- •1.2.2.2 Құрылыс алаңы
- •1.2.3 Бекетті озба бекітпемен тұрғызу технологиясы
- •1.2.4 Тік оқпандарды тұрғызу технологиясы
- •2 Негізгі бөлім. Құрлыс жұмыстарын геодезиялық және маркшейдерлік қамтамасыз ету
- •2.1 Геодезиялық жұмыстар
- •2.1.1 Жалпы мағлұматтар
- •2.1.2 Рекогносцировка және торап пункттерін құру
- •2.1.4 Метрополитен құрылысы кезіндегі жер бетіндегі геодезиялық жұмыстарды қазіргі заманғы аспаптармен қамтамасыз ету
- •2.1.5 Нивелирлеу
- •2.1.6 Топографиялық түсіріс
- •2.1.7 Полигонометрия
- •Жобаланған метрополитен аймағындағы маркшейдерлік
- •2.2.1 Біріктіргіш үшбұрыштар арқылы тоннелдерге бағыт беру
- •2.2.2 Биіктік шамасын беру кезіндегі өндіріс алаңындағы маркшейдерлік жұмыстар
- •2.2.3 Метрополитен құрылысындағы макшейдерлік жұмыстарды қазіргі заманғы аспаптармен қамтамасыз ету ерекшеліктері
- •Жер асты қазбаларына бағыт беру
- •2.2.5 Щитті тоннельдер әдісті құрылысындағы геодезия – маркшейдерлік жұмыстар
- •3 Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •3.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары
- •3.2 Еңбек қауіпсіздігінің жалпы ережелері
- •Зиянды және қауіптті жағдайларды сараптау
- •3.4 Техникалық шаралар
- •3.4.1 Жабдықтар мен машиналарды пайдаланған кездегі орындалатын қауіпсіздік шаралары
- •3.4.3 Өртке қарсы су жабдығын есептеу
- •Шу және дірілмен күресу әдісі
- •3.6 Жарық
- •3.7 Тоо "дп" то-2 қауіпсіздік техникасы
- •3.8 Электір қауіпсіздік
- •4 Арнайы бөлім жер беті ғимараттарының
3 Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
3.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халыққаралық шарттардың осы заңның және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілетін жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Бұл тарауда өндірістік процесті таңдау үшін еңбекті қорғау бойынша жобаланған шаралар қарастырылады. Қарастырылатын обьектісі – жазатайым жағдайларға көп кезіктіретін басу процесіндегі болатын жағдайлар.
Кәсіпорындағы еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да қалыптық актілердің сақталуын қоғамдық бақылау органдары жүзеге асырады.
Кәсіподақтардың өкілдері өндірістегі жазатайым жағдайларды тексеруге қатысады, еңбекті қорғау жайын, оны жақсарту жөнінде кәсіпорындағы ұжымдық шарттарды көзделген шаралардың орындалуын тексереді және олардың нәтижелері бойынша анықталған тәртіп бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізеді. Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда кәсіподақтар ол жағдай жойылғанша белгіленген тәртіп бойынша жұмысты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге қақылы.
Кәсіпорын әкімшілігі тиісті қалыптық актілермен, белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің, жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруына, нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.
Олардың төмендегідей түрлері белгіленген:
- кіріспе нұсқау беру;
- алғашқы нұсқау беру;
- қайталанған нұсқау беру;
- күнделікті нұсқау;
- арнаулы курстық оқу.
3.2 Еңбек қауіпсіздігінің жалпы ережелері
Жер асты құрылыстарын, метрополитендерді салу барысында қауіпсіздік ережелерін орындау құрылыс алаңындағы адамдардың – зерттеушілердің, жобалаушылардың, жұмысшылардың, бастықтардың және басқалардың яғни барылығының міндеті.
Метрополитендерді, жер асты құрылыстарын тоннельдерді салатын мекемінің қолында осы құрылыстарды салуға арналған техникалық құжаттар яғни – техникалық жоба, жұмысты ұйымдастыруға арналған жоба немесе технологиялық карта болуы керек. Бұл құжаттарда жұмысшылардың өмірінің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғауға, жұмысорнының санитариясына арналған шаралар қарастырылуы міндетті.
Жалпы құрылыс және жүк тасмалдау, құрылыс сатыларын орналастыру, құрылыс алаңын дайындау, қалыптарды және қанқаларды орналастыру, ғимаратты әрлеу және санитарлық жұмыстарды «Құрылыс ережелері мен нормаларына» сәйкес орналастыру.
Құрылыстағы техникалардың барлығын осы техникаларға арналып жазылған ережелерге «Жүк көтеретін крандарды құру және пайдалану ережелеріне » және механизимді жасап шығарған заводдардың ережелеріне сәйкес пайдалану керек. Бұрғылау, қопару жұмыстары «Бұрғылау қопару жұмысының барлығына міндетті ережесі» - не сәйкес орындалуы тиіс.
Жер асты құрылыстарын салушы мекеменің қолында орындалған құрылыс жұмыстарының топографиялық планы болуы керек. Планда жердің геологиялық құрамы мен құрылысы, жабылған (пайдаланылмайтын) бірақ құрылысқа әсерін тигізуі мүмкін құрылыстар олардың жағдайлары, жер асты суын ағызып жіберу, сумен қамтамасыз ету, желдендіру, байланыс, жарықпен, жылумен қамтамасыз ету және жер асты көлігі көрсетіледі.
Құрылыс мекемелерінің жұмыскерлері қауіпсіздік ережелерін жатқа білулері, бұл жаппай орындалуы керек. Метрополитенді техникалық пайдалану ережелерін, токты қосу, ажырату ережелерін, метрополитен құрылысында жұмыс істейтін басқа мекемелердің қауіпсіздік ережелерін орындау метрополитенде жұмыс істейтін адамдардың барлығына бірдей жүктелген міндет.
