Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ ЕРНАР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.39 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Алматы қаласы, Қазақстан Республикасының ең үлкен қалаларының бірі болып саналады, сол себептен, оның экологиялық жағдайы мен қала ішіндегі тасымалдау процессінің бірыңғайлылығы үшін бірінші кезекті метрополитенін салуға тура келді.

Алматы қаласындағы бірінші кезекті метрополитені құламалы жазықтықтың шығарылым конусының қиырындағы кіші Алматы өзені, Весновка және үлкен Алматы өзенінің өзен аралығындағы орналасқан. Жазықтығының ауытқуы: солтүстікке қарай 5 – 7 градус, батысқа қарай

2 – 3 градусқа тең болып келеді.

Метрополитеннің бірінші кезегінің бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыт алып жатыр. Ол Райымбек даңғылынан Форманова көшесін бойлай жүріп, шығыстан батысқа қарай Абай даңғылынан Гагарин көшесіне дейін жол алып жатыр.

Салынатын желінің тікелей депоға алып баратын жолының ұзындығы 8,3 км – ге тең. Станция саны жетеу: Райымбек, Жібек – жолы, Алмалы, Абай, Байқоңыр, Тұлпар және Алатау станциясы. Осы депломдық жобада Алатау станциясы қарастырылады.

Терең аумақтарда жүргізілетін метрополитен станциясының құрылыс жұмыстары жобалық түрде жүріп жатыр және метро салынуының ең қиын жұмыстарына жатады.

Еліміздегі қаржы орталығы болып отырған Алматы қаласында, халықтың тығыз орналасуына байланысты, әлі де қоғамдық транспорттар жеткіліксіз. Жолдарда әр уақытта көлік кептелістері орын алуда, ауаға көмірқышқыл газы көп тарауда, бұл қала экологиясының нашарлауына әкеп соқты. Сондықтанда Метрополитенді салу арқылы экономикалық жағдайы мен қала ішіндегі тасмалдауды бірыңғайлы ету маңызды мәселе болып отыр.

1 Алматы метрополитен аймағының геологиялық сипаттамасы мен жер асты құрлыстары туралы жалпы мәлімет

1.1 Алматы метрополитен аймағының геологиялық жағдайы

Алматы қаласында метроның құрылысы 1988 жылы басталды және қазіргі уақытта жұмысты "Алматы метро кұрылыс" ашық акционерлік қоғам жүргізіп жатыр. Оның құрамына ТОО "№1 туннельді отряд" кіреді.

ТОО "ДП" №1 туннельді отряд келесі нысаналардың құрылысын жүргізеді:

"Райымбек" – станциясы, "Депоға жолы", “Жібек – Жолы” станциясының, “Алмалы” станциясының сол жақты қайта айдау туннелі: “Алмалы” станциясының – ылди жүрісі, "Жібек-Жолы" станциясының ылди жүрісі, "Алмалы" станциясының сонымен қатар “Байқоныр” станциясының 112 Бис оқпаны. (1-сурет)

1-сурет. Шолу картасы

      1. Геологиялық құрылымы

Ауданның геологиялық құрылымына палеозойдан осы заманға дейінгі әртүрлі жастағы шөгінділер кіреді. Палеозой шөгінділер 2000 м тереңдікте жатыр. Ол карбонның эффузивті шөгінді қабатынан тұрады. Палеозойды қызыл түсті құмырадан, саздардан, аргилиттерден, құмтастармен қабатталған мергелдерден және әк тастардан тұратын палеоген-неогенді жастағы көлді шөгінділердің қалың қабатты жабады.

Палеоген-неогенді шөгінділер 400 – 500 м. борпылдақ төрттік шөгінділрмен жабылған. Жеке бөлікшелерде дөңбектаскесекті щөгінділер кездеседі.

Аудан тектоника тау аралық ойпат түрінде болып келген. Үзілме тектоника каледон кезеңінде түзілген. Алматы және Боралдай жүйелерінің жарылымдары жанасатын жерінде ойпат құрылым жағынан тектоникалық сынаға сәйкес келеді (2-сурет). Қала сыртындағы палезой жік қабаты жарылымдардың күрделі жүйесімен бөлінген. Жоғарғы борпылдақ жабынында тау жыныстардың ығысулары байқалады.

2-сурет. Геологиялық карта

Ғылыми-зерттеу және жобалы конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін қорыту негізінде Алматы қаласының территориясы сейсмикалық аудандау күші бойынша сейсмикалық активтілігі 9 және одан да жоғары баллды екі ауданнан тұрады.

Сейсмикалық 9 баллды бірінші аудан мына шекаралардан түрады:

Солтүтікте – Райымбек даңғылы, шығыста – кіші Алматы өзені, оңтүстікте – төменгі тау бөктері, батыста – қаланың Боралдай шегі.

Бұл аудан қойтасты – малтатасты шөгінділердің дамуымен сипатталады. Гидрогеологиялық жағдайлар бойынша аудан тасымалдау аймағына жатады.

П ауданы сейсмикасы 9 баллдан жоғары территориялардан тұрады. П аудыны Райымбек даңғылынан солтүстікке қарай Алматы қаласының бір бөлігін қамтиды. Солтүстікке қарай төрттік шөгінділердің жоғарғы бөлігіндегі қойтас-малтасты материалдардың құрамы азаяды және құмнын мөлшері мен қалыңдығы саздақ қабаттар өседі.

Ірі кесекті шөгініділер қалыңдығы 4 м – ге дейінгі жабынды саздармен кей жерлерде шөкпе саздарымен жабылады.

1.1.2 Құрылыс алаңының физикалық - географиялық жағдайлары

Бірінші реттен метрополитен құрылыс аудандары Іле Алатауының солтүстігінде орналасқан, кіші және үлкен Алматы өзендерінің ағып өту аумағында.

Соңғы жылдары Алматы қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда, әдеуір үлкен тұрғындық массивтер соғылуда, қалада жеңіл, тамақ және машинажасау өндірістері дамыған. Алматы қаласының батыс пен шығыс жақ беткейлерінде ұзынан жатқан ауылдарды көруге болады. Бұл жерде бастысы Алматы облысының ауыл шаруашылығы қарастырылған және жер бяеу, мал шаруашылығы, бау – бақша шаруашылықтары кең дамыған.

Халықтардың ұлттық құрамы аралас. Аудандарда транспорттық барлық түрі жақсы дамығын теміржолдың, автотранспорттық және әуелік.