Қорытынды
Зерттеу жұмысының барысында жинақталған ақпараттар зерттеу сұрақтарына толықтай жауап беруге мүмкіндік берді. Сол себепті, зерттеу жұмысы сапалы, нәтежиелі әрі сәтті болды.
Зерттеу барысында мал шаруашылығының деңгейі ғана анықталып коймай, мал шаруашылығының одан әрі дамуына деген бағыттар айқындалды. Отандық өнімнің нарықтағы сұранысын арттыру үшін тауар сапасы мен бағасы басты кедергі болып тұрғандығын анықтадық. Бұл қорытынды мал шаруашылығының болашақтағы дамуына ұсыныс ретінде қарастырсақ та болады. Ал,зерттеу жұмысының нәтежиелері бойынша мал шаруашылғының ары қарай дамуына кедергі болып тұрған мәселелер: мемлекеттік бағдарламалардың жаңа өзгерістердің қажет етуі, бөлінетін ақша мен оның дұрыс жұмсалмауы аықталды. Сол себепті, мал шаруашылығының дамуы үшін құрылған бағдарламалар өзгертіліп, жаңаруы керек. Ол өзгерістер Елбасының 100 нақты қадам жұмысында көрсетілуде. Бұл бағдарлама алдыңғы жұмыстардың толыққанды және өзгертілген түрі. Жаңа бағдарламалар елді қазіргі жағдайына нақты арналған және ел дамуына әсері жоғары. Осыған байланысты, олардың жүзеге асуы ұтымды болмақ.
Зерттеу жұмысы кезінде жинақталған мәліметтер осы жұмыстың қорытындысын жазуға септігін тигізді. Жасалынған әдістер бірін-бірі толықтырып, зерттеу жұмысына екіжақты көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Алынған екі әдістің жауаптары жеке-жеке бағаланып, қарастырылды. Кейбір тұстары сәйкес келіп, жүргізіліп жатқан бағдарламалардың әсерін көрсетіп тұрды.
Зерттеу барысында жүзеге аспаған әдістерге келсек, олардың қолданылуы зерттеу жұмысының сапасын біршама арттырар еді. Мысалығы: сауалнамада басқа өңірдің сұхбатталушысы болғанда, басқа да ұсыныстар алар едік.
Зерттеу жұмысының тағдауыма өзімнің қызығушылығым жатқандықтан, осы салада өз білімімді арттырып, одан бөлеккөзқарасыма әсер етті. Зерттеу жұмысын жазбас бұрын Қазақстанда мал шаруашылығы деңгейін әлсіз деңгейде деп қарстыратын едім, кейіннен мал шарушалғы деңгейі айтарлықтай дамыған және жетекші дамыған елдерден үлгі алып, қалыспауда. Болашақта мал шаруашыылығы Қазақстанның экономикасының дамуында басты рөлді ойнайтын салалардың бірі болмақ. Мемлкеттің де бұл саланың дамуына жүргізіп жатқан жұмыстары болшақта оң әсерін бермек.
Осы зерттеу жұмысын жазу барысында мен тек өз білімімді арттырып қоймай, зерттеу қабілетімнің жақсаруы, яғни сараптау, ақпаратты өңдеу секілді қасиеттерім дамыды. Одан бөлек мал шаруашылығының Қазақстанда маңызды салалардың бірі екендігін түсіндім және басқада қазақстандықтарды осы саланы дамытуға, отандық өнімді қолдануға шақырамын.
Қолданылған ресурстар:
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0
http://www.ontustik.stat.gov.kz/kz/archive-kaz/881-7855566
http://ontustik.gov.kz/kk/kategorii/selskoe-hozyaystvo
http://mgov.kz/kz/napravleniya-razvitiya/zhivotnovodstvo/
http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/46293-sybaga-bagdarlamasy-sharualardyn-kasibin-urkendetude
