А зерттеусұрақтары
Мал шаруашылығы- ауыл шаруашылығында мал өнімдерін алуға бағыттталған саласы. Адамның күнделікті өмірінде азық-түлік маңызды болғандықтан дүние жүзінде барлық мемлекеттер көп мөлшерде ауыл шаруашылығына қаражат бөледі. Мысал ретінде АҚШ жылына 20млрд доллар ақша бөліп, өз елін тұтастай азық-түлікпен қамтамасыз етіп, шет елдерге экспорттап жатыр.Қазіргі күнде Қазақстанда барлық мал шаруашылығының 87% жеке меншік иелігінде және сол қаражаттың көбісі субсидия түрінде бөлінеді. Көрсетілген көмек отандық тауарларға деген сұраныстың артуына ықпал етеді. Асыл тұқымды мал түрін арттырып, олардан алынатын өнім сапалы, арзан және ұдайы сұраныста болуын қамтамасыз етеді.
Шет елдермен салыстырғанда осы мәселе мал шаруашылығының одан әрі дамып, қарқындауына кедергі болып тұр. Бөлінетін қаражаттың аз болуы, ондағы мемлекеттік қолдау мен жеңілдіктердің аздығы мал шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізуде. Жаңа технологиямен аз қамтылуы отандық өнімнің бағасының бір саты қымбат болуына әкеледі. Қарапайым еңбек күшінің орнына автоматтандырылған техника қолданар болсақ өнімнің бағасы арзандай түсер еді. Сол кезде халыққа қол жетімді болып, тек Республика көлемінде емес, шет елде де үлкен сұранысқа ие болар еді. Қазіргі күннің өзінде елімізде Австрия, Венгрия,Германия және Нидерланды елімен асыл тұқымды мал(2) түрін алуға келісім жасалынған. Елімізде “ҚазАгроҚаржы” АҚ ірі қара мал етінің өнімділігін арттыру мақсатында 2011-2014жылдар аралыында 40380 бас ірі қара жеткізіліпті. Ауыл шаруашылығы министрлігіне тіркелген 55 ірі жеке шаруа қожалықтары, барлығы 7541 орта шаруашылықтар бар. Сол ірі шаруашылықтарда 2014-2015 жылдар аралығында 6628 етті тұқымды мал түрлері сатылып алынған. Осы асыл тұқымды негізгі экспорттаушы мемлекеттер Ресей, Австралия, Ақш және Украина елдері болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы өңірінде асыл тұқымды мал саны 643 болса, барлық мал саны 50711-ді құрап отыр. Ал Оңтүстік Қазақстан облысына толығырақ тоқтала кетсек: (4)ірі мүйізді қара малдың саны 1008,4 мың, қой-ешкі 4782 мың, жылқы 244,4 мың, түйе 25,2 мың, құс 2113,2 мың басты құрап тұр. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы қой мен сиыр шаруашылығы бойынша алғашқы орындарда тұр. Оларды өңдеп, ішкі сұранысты қамту үшін облыс көлемінде ірі кәсіпорындар жұмыс жасайды. Олар: : «Сайрам Сүт», «Қазығұрт», «Нәрлен», «Шымкент Құс», «Шардара балық зауыты» жатады. Олар туралы қосымша ақпараттарды өздерінің сайттарынан және бағаларын дүкендерден біле алдым. «Сайрам Сүт» ЖШС жылына 7200 тонна сүт өңдеп, 30 түрлі сүт өнімдерінің түрлерін ұсынады.
Басқада өгдіріс орындарының бағаларын салыстырып өтсем:
-
ОҚО
Басқа облыс
Ресей
1л сүт
220тг(Алтын Дән)
225 тг( Алматы, «Айналайын»)
196 тг
1кг сиыр еті
1100тг
1250 тг
1535 тг
1кг тауық еті
865
769 тг
723 тг
Ол құрылып жатқан мақсаттарға тікелей байланысты. 2012 жыдын өзінде 18,7 млрд теңге ауыл шаруашылығында кіші және орта бизнесті дамытуға арналған несиелендіру ауыл шаруашылығы кешендеріне көмек көрсетілді. Осы сияқты бағдарламалар алға қойылған жоспарларды тез аяқталуына ықпал етуде. 2011-2015 жыдар ішнде «ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын» бар болғаны 11 айда аяқтай алдық.
Сол кездің өзінде облыста 43 ет, 39сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары, 402 мал бордақылайтын орындары жұмыс істеген. Орындалған жоспар арқасында ет өндіру 4% пайызға(162мың), сүт – 1,8% артып (625мың) тоннаны құрады. Қазір «АГРОБИЗНЕС-2020» бағдарламасы жұмыс жасап, (3)12бюджеттік бағдарлама бойынша 20,2млн теңге субсидия бөлініп жұмыс жасауда.(5)
