С зерттеу қортындысы
Зерттеу қорытындыларын жазу барысында әрбір жүргізілген 3 кезеңнің қорытындылары жеке-жеке ескеріліп қорытындыланды. Жинақталған мәліметтер мемлекеттік деңгейдегі мал шаруашылығының нақты деңгейін көрсете алмайды, себебі зерттеу жұмысында тек Оңтүстік Қазақстан облысының ғана азаматтары қатысты. Бірақтан, өңірлік айырмашылықтар болғанымен де, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бағдарламалар бірдей болғандықтан зерттеу жұмысының қорытындыларын теңдей дәрежеде қолдана аламыз. Ал мәліметтердің шынайлылығына келсек, 1 кезеңде ғаламтордан алынған мәліметтер сенімді желілерден алынып, ал қалған екі кезеңде шынайы адамдардан алынып, зерттеудің практикалық кезеңі жүзеге асты. Мәліметтердің сапасына келсек, тақырыпты барлығы дерлік түгел біледі және бұл саладан хабардар болғандықтан, өз ойларын ашық түрде жеткізе алды.
Зерттеу барысында алынған мәліметтер зерттеу жұмысының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік берді.
Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығынан алынатын өнімдері қаншалықты сұранысқа ие?
Бастапқы биология сабағынан алған біліміміз бойынша әр адам күніне кем дегенде 200-300грамм ет не сүт өнімдерін күнделікті рационында қолдану керек екендігін білеміз. Оған жұмыртқа, қаймақ, ірімшік сияқты азық-түліктер жатады. Бұл адамның өсіп жетілуіне қажетті дәнді-дәрумендер: ақуыз, майлар мен көмірсулар. Адам денсаулығына маңызды болғандықтан, оларды күнделікті қолдану қажет. Ал, олардың халыққа қолжетімді болуы, тек мал шаруашылығының дамуы емес, халықтың денсаулығының жақсаруы дегенді білдіреді.
Одан басқа мал шаруашылығынан жүн алынып киім жасау өндірісінде тұрақты қолданылады. Арзан және қолжетімді болғандықтан, мал шаруашылығынан түсетін өнімдер үнемі сұраныста болады. Ал, бірақтан сұраныс әр жақта әр келкі. Мысалы, ауылда көбіне қолдікі деп жергілікті өнімдерді қолданады, қалалық жерлерде аралас. Шетелдік тауарлар мен отандық тауарлар түрлері бірдей десе де болады.Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығы дамып, жетекші экономикалақ аймақ болғандықтан, облыс ішінде ірі өндіріс орындары бар. Оларға: «Сайрам Сүт», «Қазығұрт», «Нәрлен», «Шымкент Құс», «Шардара балық зауыты» сияқты ел ішідегі ең ірі өндіріс орындары сапалы азық-түлік шығарып, қуаты тек облыс ішінде емес, Қазақстан, тіпті шет елдерге экспорттарға жетеді. Тауар сапалы және аразан болғандықтан, үнемі сұранысқа ие.Атап өткен ірі өндіріс орындарының ғаламторда жеке сайттары болмағандықтан, болса да нақты өнімді экспортталуы туралы ақпарат таба алмадым. Бірақтан, өткен жылдардағы қысқаша статистикалар болғанымен, өздерінің нақты растауы болмағандықтан, оның шындығына күмәндәніп, жаза алмадым.
Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығынан түскен өнім шет елден келетін өнімдермен бәсекелестікке қабілетті ме?
Жоғарыда айтып кеткенімдей, облыс көлемінде ірі кәсіпорындар бар. Мемлекеттің жүргізіп жатқан бағдарламалары арқасындамал шаруашылығы дамуда. Осы бағдарлама аясында мемлекеттік көмек көрсетіліп, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы субсидиялануда. Бұл көмектің бәрі мал шаруашылғының жағдайын жақсартуға, өндірістерді автоматтандыруға, жаңа технологияны енгізуге атқарылуда. Одан бөлек мамандардың жетіспеушілігі де байқалады. Қазір жастар бұл саланы перспективсіз көріп таңдамайды. Мемлекттен жүргізіліп жатқан істердің басты көздейтін мақсаты отандық өнімнің тек ел ішінде емес, шет ел нарығында жүру үшін жағдай жасалуда.
Қазіргі күннің өзінде кейбір ірі өндіріс орындары шет елдерге тауарларын шығаруда, бірақтан ол көлем салстырмалы түрде өте аз. Экспорттауды арттыру үшін мемлекеттік көмекті қажет ететін кәсіпорындар саны көп. Кедергі болып тұрған мәселер қатарына жұмыстың көп бөлігі қолмен жасалынуы, мал шаруашылығы құралдарының қымбат болуы. Сол себепті мал шаруашылығы өнімдері қымбат және жаңа технологияның аз қолданылуы өнімнің сапасына кері әсерін тигізуде.Соған байланысты өнімге деген сұраныс аз болып жатыр. Қуантарлық жайт, ол жыл сайын отандық өнімге деген сұраныстың артуы, яғни мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істеуі.
Мал шаруашылығынан түскен өнім елдің дамуына қаншалықты үлесін қосады?
Ел дамығандығын көрсететін көрсеткіштердің бірі ол экономикалық дамығандығы. Ал, экономика экспрот пен импорттың өзгеруіне тәуелді. Экспорт пен импорт өскен сайын экономикалық даму орнайды. Бірақтан, экспорттың үлкен көлемде болуы экономикада үлкен рөл ойнайды. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда экспорт импорттан көп болғанымен, оның көп бөлігін шикізат, әсірісе мұнай құрап отыр. Мұнай қайта қалпына ұзақ уақытты алады және оның табиғатқа зияны үлкен болғандықтан, болашақта қолданылуына шектеп орнатып не оның таусылып қалмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті, біздің экономикамыз мұнайға тәуелді болып тұр. Ал, азық-түлік және мал шаруашылығынан түсетін өнімдер бар болғаны 9%-ды құрап тұр. Болшақта экспорттың, әсіресе мал шаруашылығының өнімдерінің өсуі Қазақстанның экономикасының тұрақты және тәуелсіз өсуіне кепілдік береді.
