Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12В Ануарұлы Санжар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.08 Кб
Скачать

B Зерттеу әдісі

Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты ақпарат жинақтау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Қазақстандағы мал шаруашылығы жайлы ғаламтордан ресми және заңнамалы құжаттарды, мал шаруашылығына арналған бағдарламалар қорытындылары, мал шаруашылығы жайлы статистикалық мәліметтер және бұрыңғы зерттеулер нәтежиелері қарастырылды. Осы кезеңде жинақталған мәліметтің көп бөлігі негізгі бөлімнің А зерттеу сұрақтарында сипатталынған болатын. Екінші кезеңде мал шаруашылығы жайлы халықтың пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізілді. Үшінші кезеңде мал шаруашылығына байланысты жүргізіліп жатқан бағдарламалар мен жоспарларды бағалау мақсатында жеке кәсіпкерден сұхбат алынды.

Зерттеудің бірінші кезеңі Қазақстандағы мал шаруашылығы жайлы негізгі ақпарат жинақтауға және зерттеу жұмысының қай бағытта жүретіндігін айқындайды.

Мал шаруашылығы жайлы ақпарат жеткілікті болғанымен, кейбір ақпарат көздері сенімді бола алмады. Бірақтан, мал шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан 2020 Агробизнес сияқты бағдарламалардың көрсеткіштері ресми сайттардан алынып және мал шаруашылығымен бірнеше жыл айналысып жүрген, тәжірибесі мол мамандардың мақалалары мал шаруашылығының жағдайын анықтауда қолданылды. Осы кезеңнің қорытындылары мал шаруашылығының тұрақты түрде дамып келе жатқандығын айқындады. Сонымен қатар, бұл кезең мал шаруашылығына байланысты бағдарламалар мен қаржыландыру көлемінің айтарлықтай өскендігін көрсетеді. Алдыңғы зерттеулер қорытындысы бойынша, мал шаруашылығы ел экономикасының дамуына,мемлекеттің халықтың кіші және орта бизнеспен көбірек айналысуына үлкен үлесін қосып жатқандығы анықталды.

Зерттеу жұмысының екінші кезеңінде 10-40жас аралығындағы қоғам өкілдерінен мал шаруашылығы жайлы сауалнама жүргізілді. Бұл кезең зерттеу жұмысының практикалық кезеңінің бастамасы болды. Бұл әдістің артықшылығы сұхбатталушы адамның пікірін жеңіл түрде анықтауға мүмкіндік беруі, ақпараттардың мол түрде жинақталуы және сауалнамаға қатысушылардың көптігі. Сауалнамаға келсек, сауаланаманың ең алғаш сұрақтары сұхбатталушының жеке ақпараттары, оның жынысы мен жасы, яғни қоғамдағы орны. Содан соң, Қазақстандағы мал шаруашылығы жайлы ойларын білу мақсатында 5 сұрақ қойылды. Сұрақтар құрылымы жағынан оңай, нақты тақырыпқа байланысты болды. Сұхбатталушыға қойылған сұрақтар мал шаруашылығының деңгейін, мал шаруашылығынан түсетін өнімдердің қолданылуы мен әсер етіп жатқан факторларды білу мақсатында қойылды. Сауалнамаға жалпы алғанда 30 адам қатысты. Ал сауалнаманың өзі surveymonkey.com сайтында алынып қорытындылары сонда сақталды.

Сауалнама нәтежиелерін сараптау барысында, ұқсас көзқарастар топталып, қарама-қарсы тұжырымдар айқындалды. Сауаланама барысында келесі ерекшеліктер анықталды:

Сұхбатталушылар мал шаруашылығының деңгейін былай жауап қайтарып анықталды.

Мал шаруашылығының деңгейі

Жауап берушілердің пайыздық көрсеткіші

1

Жоғары деңгейде

13,33%

2

Қанағаттандырарлықтай

63,33%

3

Әлсіз

23,33%

Сұхбатталушылардың көбісі қазіргі кезде Қазақстанда мал шаруашылығының деңгейі қанағаттандырарлықтай деп жауап берді.

Сұхбаттталушыдан Қазақстанның мал шаруашылығы ішкі сұранысты қалай қамтылатынын туралы сұрағанда былай жауап қайтарды:

Мал шаруашылығының ішкі сұранысты қамту деңгейі

Жауап берушілердің пайыздық көрсеткіші

1

Қамти алады

56,67%

2

Онша емес

30%

3

Әлі жоқ

13,33%

Сұхбатталушылардың көп бөлігі мал шаруашылығының ішкі сұранысты толықтай қамти алады дегенді таңдады.

Жоғарыда айтылғандай үшінші бөлімде жергілікті жеке кәсіпкерден сұхбат алынған болатын. Сұхбатқа қатысушы жеке кәсіпкер Түймебеков Қанат Рапатиллаұлы мал шаруашылығымен он жылдан астам уақыт айналысып, осы салада мол тәжірибесі бар. Сұхбат жүргізу арқылы зерттеу жұмысына қажетті құнды ақпараттар мен мәліметтер жинап, Қазақстаннның қазіргі кездегі мал шаруашылығының деңгейін анықтауға, мемлекеттен бөлінетін көмек пен қолдау мөлшерін анықтауға мүмкіндік берді.Нақтырақ келгенде, осы саламен айналысатын адам болғандықтан бұл сала туралы нақты мәлімет және кіріспедегі сұрақтарыма жауап ала алдым. Сұхбатта қойылған сұрақтар Қазақстандағы және Оңтүстік өңірдегі мал шаруашылығының қазіргі деңгейі, мал шаруашылығының дамуына көзқарасы, мемлекеттен көрсетілетін көмек пен мемлекттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде қойылып, сұрастырылды. Сұхбатталушының маңызды жауаптары: Елбасының жүргізіп жатқан бағдарламаларының орындалуын атап, айтып кетті. Бағдарламалар мен жобалар жұмыс істеп, ел экономикасының дамуына үлесін қосып жатыр деп, «АГРОБИЗНЕС-2020» бағдарламасын мысалға келтірді. Мал шаруашылығымен айналысу ел экономикасының дамуында маңызы қандай?-сұрағына жауабы:«Ел экономикасының дамуына мал шаруашылығының қосар үлесі жоғары деп, мал шаруашылығынан түсетін өнім тек ішкі сұранысты қамтымай шет елдерге шығып жатса, бұл өте жақсы болар еді»деп жауап қайтарды. Оңтүстік Қазақстан облысының экономиканың дамуына қосар үлесі, нарықтағы рөлі?-деген сұраққа жауабы:«Оңтүстік Қазақстан облысының қосар үлесі мен мүмкіндіктері жоғары»,деп айтып кетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]