Шымкент қаласы
Физика-Математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Бөлім: қазақстан эконмикасы
Тақырып: Экономикалық дамуға әсер ететін факторлар
Тақырыпша: ‘‘Оңтүстік өңірдегі мал шаруашылығынан түскен өнімдер республиканарығында қаншалықты маңызды’’
(2666 сөз)
Орындаған: Ануарұлы Санжар _________
(аты-жөні, қолы)
Жетекші:Әміртай Эльмира Төлебайқызы
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:_________________________
(аты-жөні, қолы)
Шымкент2016ж
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
А зерттеусұрақтары 4
B Зерттеу әдісі 5
С зерттеу қортындысы 7
С бағалау 9
Қорытынды 11
Кіріспе
Қазқстан дүние жүзі бойынша аумағынан 9 орынды алатын, Еуразия кіндігінде орналасқан алпауыт мемлекет. Халқы саны 17 миллионды құрайтын Қазақстан жыл сайын дамып, дүниежүзілік деңгейде әр түрлі қырынан көрінуде. Өзінің қайталанбас табиғаты мен әр алуан жан-жануарлар түрімен танымал. Индустриялды, технологиялық жағынан қатты дамымаса да шаруашылық жағынан айтарлықтай дамыған. Елдің географиялық орналасуы да шаруашылықпен айналасуға тиімді болып келеді. Климаты қатты суық та, қатты құрғақ та емес. Соған байланыстыелдің табыс көзінің бірі шаруашылық болып тұр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы тұрақты түрде дамып келеді. Елдің солтүстігінде бидай өссе, оңтүстігінде мақта мен күріш өсіріледі. Алынатын астық ішкі сұранысы мен сыртқа экспортталып мемлекеттің экспортының 9%(1) құрап отыр. Ал, екінші шаруашылықтың түрі мал шаруашылығы. Республиканың барлық төңірегіндегі өсірілетін мал шаруашылығынан түскен өнім халық сұранысына толықтай жауап беруде. Әсіресе өзім тұратын Оңтүстік Қазақстан облысы Республика ішінде шаруашылық дамыған негізгі аудандардың бірі және мал шаруашылығынан түсетін өнім халық сұранысын қаншалықты қамтамасыз етіліп жатқанын білгім келіп, осы тақырыпты таңдамуыма өз қызығушылығым себеп болды. Және де осы тақырыпқа байланысты қосымша зерттеу сұрақтарым болды.
1. Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығынан алынатын өнімдері қаншалықты сұранысқа ие?
2. Оңтүстік Қазақстанда мал шаруашылығынан түскен өнім шет елден келетін өнімдермен бәсекелестікке қабілетті ме?
3. Мал шаруашылығынан түскен өнім елдің дамуына қаншалықты үлесін қосады?
Мені қызықтыратын осы сұрақтар тақырыпты ашуға, зерттеу жұмысының сапасын арттыруға өз көмугін тигізіп қоймай, осы тақырыпқа байланысты өз қызығыушылығымды қанағаттандырады. Бұл тақырыптың өзектілігі жер шарында тұратын халықтың ұдайы артуы және дүние жүзінде шамамен 1,2млрд адам аштықта болуы. Жыл сайын бұл мәселелер артуда, болашақта ғалымдар тамақ үшін соғыс болуы мүмкін дегенді болжап отыр және де мал шаруашылығынан түсетін өнім Қазақстанның экономикалық дамуына қаншалықты үлес қосып жатқаны, бұл мәселе болашақта және қазірде Қазақстанды қызықтыратын, дамытатын өзекті сала болыр отыр. Одан бөлек, болашақта өзім жеке кәсіпкер ретінде осы сала табысты болғандықтан айналысқым келеді. Ол тек табыс емес, мемлекеттің дамуына үлкен үлес болар еді. Соны білгім келіп жоғарыдағы сұрақтарғажауап беруге кіріспе бөлімінде жауап беріп көрейін.
Негізгі бөлім
