- •5В050900 «Қаржы»
- •1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
- •1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
- •2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарының қалыптасу және жұмсалуының даму жағдайы
- •2.1.Ұлттық қор қаражаттарының қалыптасуын талдау
- •2.2.Ұлттық қор қаражаттарының жұмсалыну бағыттарын талдау
- •2.3Ұлттық қор активтерiн басқару
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін төмендету мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру болып табылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономианың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген бөлігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамсыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары коньюктура-сының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық тбыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады: -шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың бекітілген жылдық көлемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде; -шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруден түскен түсімдер мөлшерінде; -шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде.
Жергілікті бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.
Ұлттық қорды тиімді басқару мақсатпен Қазақстан Республикасының Президенті маңында кеңесші орган-Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес құрылады. Бұл орган қорды тиімді пайдалану мен оның құралдарын қаржы активтеріне жайғастыру бойынша ұсыныстар жасайды. Осы Кеңесті құру мен құрамын анықтап , оның ережелерін бекітетін Ел Президенті.
Кеңсе келесі функцияларды атқарады: -қорды қалыптастыру мен пайдалануының тиімділігін ұлғайту жөнінде ұсыныстар жасайды және дәйектейді; -қорды пайдалану бағыттар мен көлемдері жөнінде ұсыныстар қарастырады және жасайды. -қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да мүліктер тізбесі жөнінде ұсыныстар жасайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1.Есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға, есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп бекітеді;
2.Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқару мен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
3.Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4.Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5.Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бұхгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
6.Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1.Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
2.Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
3.Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
4.Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатнда Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
1.2.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау және бекіту
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің және шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі тауар, сонымен қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп 3ші қосымшада бейнеленген.(3 қосымшаны қара)
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану есепті құру ҚР Үкіметінің құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі басқа да мәліметтер келтіріледі.
Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен кейін ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны басқару жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген аудит нәтижесі бойынша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:
Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
