- •5В050900 «Қаржы»
- •1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні
- •1.3.Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары
- •2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарының қалыптасу және жұмсалуының даму жағдайы
- •2.1.Ұлттық қор қаражаттарының қалыптасуын талдау
- •2.2.Ұлттық қор қаражаттарының жұмсалыну бағыттарын талдау
- •2.3Ұлттық қор активтерiн басқару
ҚР-НЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ
Қаржы және есеп кафедрасы
«ҚР-ң ұлттық қоры: қалыптасуы мен пайдаланудың өзіндік ерекшелігі»
тақырыбындағы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
5В050900 «Қаржы»
Орындаған: Бегеев Б.Ж
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к , аға оқытушы
Ахметова Г.И
Ақтөбе 2016
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3-4
1. Бөлім ұлттық қорды қалыптастастырудың қайнаркөзі........................................5
1.1. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі ұлттық қордың ролі мен мәні..................5-6
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту................................................................................................................6-7
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары............................7-9
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарының қалыптасу және жұмсалуының даму жағдайы..........................................................................11
2.1.Ұлттық қор қаражаттарының қалыптасуын талдау....................................11-14
2.2.Ұлттық қор қаражаттарының жұмсалыну бағыттарын талдау..................14-15
2.3Ұлттық қор активтерiн басқару...............................................................................
Қорытынды......................................................................................................20-21
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................22
Қосымшалар..................................................................................................23-29
Кіріспе
Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі. Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан, «голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Тақырыптың өзектілігі- Ұлттық қор болмаса жалпы осы Қазақстан Респупликасының дамуы жүзеге аспайды. Осы ұлттық қордың көмегімен көптеген операциялар орындалады. Ұлттық қор жалпы ел эканомикасына әрдайым ықпалын тигізіп отырады.Ұлтық қорда ақша қоры көп болса, яғни эканомикалық даму ахуалы жоғары болады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып-Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі,қалыптасуын,ерекшелігін,пайдалану мақсатын анықтау болып табылады. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Републикасының Ұлттық қордың қалыптасу және пайдалану ерекшеліктері туралы жазылған.
Осы курстық жұмысты жазу барысында басты назар келесі мән-жайларға аударылды:
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың алатын ролі
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану
Ұлттық қордың кірісі мен шығысын құқықтық реттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
Ұлттық қордың құрылуының негіздерін қарастыру
Қазақстандағы Ұлттық қордың орнын анықтау
Қазақстан Республикасындағы Ұллық қордың ерекшеліктеріне тоқталу
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі қаржы ресурстары мен ақшалай қорлар, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қор – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні Ұлттық қордың басты назарды ұстайтын нысандары: табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік бюджеттің кіріс-шығысы, олардың тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен және оның негізінде ақшалай қорларды жасаумен, оларды қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруды бақылайтын қаржылық бақылау.
Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор, құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Кулпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және тағы басқалар. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
Бұл курстық жұмыста Ұлттық қордың мәнін, оның экономикадағы рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын толықтай және де көбірек қамтылды.
1.бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі
