- •6М050802– «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
- •Малдың өсіп-жетілуі (Онтогенез)
- •Мал селекциясының негізгі әдістері
- •Селекцияның негізгі генетикалық өлшемдері
- •Мал тұқымы туралы ілім
- •Мал өсіру әдістері
- •Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Азыќ ќоректілігін баѓалау жєне ќұнарлы азыќтандырудыњ ѓылыми негіздері
- •Тұқым асылдандыру жұмысы – малды жетілдірудің кешенді жүйесі
- •Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •¦Сынылѓан єдебиеттер тізімі
- •Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді механикаландыру
- •Азық әзірлейтін машиналар мен жабдықтар
- •Азықтаратқыштар және ферма ішіндегі транспорт
- •Азық сақтайтын қоймалар мен жабдықтар
- •Ауылшаруашылық малдарын саууды механикаландыру
- •Сүтті алғашқы өңдеуді механикаландыру
- •Мал сою және тері өңдеуді механикаландыру
- •Қой қырқу және жүнді бастапқы өңдеу жұмыстарын механикаландыру
- •Ферма мен жайылымдарды сумен қамтамасыз етуді механикаландыру
- •Мал қораларында микроклимат жасау қондырғылары
- •Малды күтуге қажет жабдықтар
- •Көң мен саңғырық жинау, тасымалдау және қайта жарату
- •Фермалардағы қондырғыларды пайдалану және техникалық сервисті ұйымдастыру
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Мал акушерлігі және көбею биотехниясы
- •Табиғи ұрықтандыру және буаздықтың физиологиясы
- •Туу және туғаннан кейінгі кезең физиологиясы
- •Шәуетті сұйылту, сақтау және тасымалдау
- •Қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіріп-қондыру
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Зоогигиена және мал объектілерін жобалау негіздері ауа гигиенасы
- •Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
- •Су және оған қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Малды жазда бағып-күту гигиенасы
- •Жеке зоогигиена
- •Қой гигиенасы
- •Шошқа гигиенасы
- •Тауарлы балықтарды қолдан өсіру және жетлдір гигиенасы
- •Ара гигиенасы
- •Малды көліктермен тасымалдаудың зоогигиеналық талаптары
- •Еңбек гигиенасы мен малшылардың жеке гигиенасы
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
- •Жылқының ата-тегі, қолға үйрету және өзгерту
- •Жылқы экстерьері, интерьері және конституциясы
- •Жылқы тұқымдары
- •Жылқы өнімдерін өндіру технологиясы
- •Тебінді жылқы шаруашылығының технологиясы
- •Тренинг және жылқыларды ипподромда сынау технологиясы
- •Жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмысы
- •Жылқы шаруашылығындағы мемлекеттік шаралар
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы
- •Сүт өндіру технологиясы
- •Ет өндіру технологиясы
- •Асылдандыру жұмысы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін өндіру технологиясы
- •Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негіздері
- •Қой тұқымдары және тұқым топтары
- •Қой өсіру және жұптау әдістері, генетикалық негіздері
- •Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологнясы
- •Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары
- •Ауыл шаруашылық құстарын өсіру
- •Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқаларын инкубациялау
- •Ауыл шаруашылық құстарының толықтырғыш топтарды өсіру
- •Ересек құстарды күтіп-бағу
- •Құстарды азықтандыру ерекшеліктері
- •Жұмыртқа өндіру технологиялық процесі
- •Құс етін өндіру технологиялық процессі
- •Құсты сою және құс өнімдерін өңдеу
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Мал шаруашылығы кәсіпорындарын, өндіріс үйлері мен құрылыстарын жобалау, оларды салу және пайдалану үшін санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу. Құрылыстарды орналастыру мен салуға және бас жоспарға қойылатын талаптар. Мал шаруашылық және ветеринарлық объектілердің технологиялық жобалану нормалары және олардың мал саулығын сақтауда, өнімділіктерін арттыруда атқаратын ролі.
Фермаларды (кешендерді, құс фабрикаларын) салу үшін бөлінген жерлерге (участок) қойылатын талаптар негізінде өндірістік және қосалкы жүйелер мен құрылыстарды орналастыру. Санитарлық қорғаныс аймағы. Санитарлық арақашықтықтар. Әр топтағы ауыл шаруашылық малдарына арналған қоралардың жобалануы, оның құрылысы және пайдалануының аймақтық ерекшеліктері. Мал қорада реттелетін микроклимат пен зоогигиеналық жағдайлардың мал организмі төменділігін арттыруға және өнімділігін жоғарылатуға тигізетін әсері.
Мамандандырылған шаруашылықтарда, өндірістік кешендер мен құс фабрикаларында мал шаруашылығы қора-жайлары құрылысына және пайдалануына қойылатын зоогигиеналық талаптар.
Құрылыс материалына, олардың жылу сақтау сапасына және қоршаған бөлшектері конструкциясының ылғалдылық режиміне санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау (негізі, ірге тасы, қабырғасы, төбесі, шатыры, есіктері, терезелері, едені т.б.).
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған қоралардың жылу теңгерімі. Мал қорасын жылыту жүйесі. Мал қораларын желдету.
Қораларды желдетуің теориялық негіздері. Мал қораларының табиғи және жасанды желдету жүйесі, оларды гигиеналық тұрғыдан бағалау. Желдеткіш құрылыстарын пайдалану режимі және оның күтімі.
Ауыл шаруашылық малына арналған қоралардың еден құрылысы мен ағын су құбыры жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Мал астына төсейтін төсеніш материалдары, олардың қасиеттері және оларды гигиеналық тұрғыдан бағалау. Төсеніштерді қолдану әдістері. Малдарды төсенішсіз қораларда ұстағанда оның еденіне қойылатын талаптар. Көң мен саңғырықтан тазарту, өңдеу, залалсыздандыру, сақтау, дайындау және пайдаланудың технологиялық жобалау жүйесінің нормалары. Көң мен сұйық садыраны жинау, сақтау, пайдалану, бағалау.
Топыраққа койылатын санитарлық-гигиеналық талаптар және оны санитарлық тұрғыдан қорғау.
Топырақ биосфераның маңызды элементі. Топырақтың механикалық құрамы, физикалық қасиеті және олардың гигиеналық маңызы. Топырақтың химиялық құрамы,оның өсімдік құрамында пайда болатын химиялық элементтер мен басқада қоспаларға, жер асты суына, мал азығына және мал организміне тигізетін әсері. Биогеохимиялық аймақтар туралы түсінік (ілім). Биогеохимиялық энзоотияға қарсы алдын алу шаралары. Топырақтың биологиялық қасиеті. Індет және гельминт аурулары қондырғыштарын малға жұқтыру факторы есебінде топырақтың атқаратын рөлі. Топырақты санитарлық тұрғыдан бағалау. Топырақтың өздігінен тазалануы және осы үрдістің санитарлық-гигиеналық маңызы.Топырақты санитарлық тұрғыда қорғау.
Мал азығына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар және мал азықтандыру гигиенасы.
Малды биологиялық қоректі азықтармен азықтандырудың гигиеналық маңызы және малдың ауруға қарсы табиғи төзімділігін арттырудағы рөлі. Диеталық азықтарды дайындау және пайдалану. Мал азығын сақтау, тасымалдау және азықтандыру алдында жүргізілетін зоогигиеналық тексеру жұмысы.Азық сапасын төмендететін себептер.
Мал азығын зерттеудегі негізгі зоогигиеналық әдістер. Олардың жоғары сапалылығын бағалау.Құрамында механикалық заттар және металл сынықтары араласқан, суықтан үсіген азықтардан болатын мал ауруларының алдын алу шаралары.
Мал азығының құнарлылығы, оның протеин, амин қышқылдары минералды заттар мен витаминдер құрамы. Мал азығы арқылы аурулардың алдын алу шаралары.
Малды кұрамында улы өсімдіктер, пестицидтер және тыңайтқыш қалдықтары кездесетін азықтандырымен улануының алдын-алу шаралары. Мал азығынан микробтар, улы саңырауқұлақтар (микотоксикоз), жәндіктер және қамба зиянкестерімен ластануы салдарынан пайда болатын ауруларды алдын алу шаралары.
Сапасы төмен мал азықтарын зиянсыздандыру және залалсыздандыру әдістері.
Құрамында цианогенді гликозидтері бар картопты, пісірілген қызылшаны, азықтық бұршақтарды, бидай және қара бидай кебектері, күнжара мен шротты немесе түйе бұршақты, люпинді жоңышқаны, фотодинамикалық субстанциялық азықтарды гигиеналық тұрғыдан дұрыс пайдалану.
Әр түрлі малды жасына, өндірістік тобына қарай азықтандырудың зоогиг иеналық кестесі мен ережелері. Құрама жем жасайтын зауыттарға, азық цехтарына, азықтандыру алаңдарына, астауларға және азық даярлау, тарату жабдықтарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар.
