Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Шәуетті сұйылту, сақтау және тасымалдау

Сұйылтуға, сақтауға және ұрықтандыруға арналған шәует көрсеткіштері.

Шәуетті сұйылтудың маңызы. Сұйылтқыштардың құрамы және қасиеттері. Әр түлік малдың шәуетін, әр түрлі температурада сақталуына байланысты дайындалған орталардың құрамы. Ортаны дайындау кезінде антимикробтық препараттарды және дәрумендерді пайдалану. Ортаны және препараттарды биологиялық бақылау. Шәуетті сұйылту дәрежесін анықтау. Шәуетті сұйылту кезінде қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар.

Шәуетті мұздатып-қатырудың теориялық негіздері. Сұйылтылған шәуетті сақтау әдістері. Шәуетті тасымалдау.

Қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіріп-қондыру

Шәуетті енгізуді биологиялық негіздеу. Сиыр, саулық, бие және мегежінді ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру техникасы. Ұрықтандыру уақыты және шәуетті енгізу реті. Әр түлік малды ұрықтандыруға арналған шәует мөлшеріндегі спермилер саны.

Эмбрионды көшіріп-қондырудың мәні және міндеттері. Эмбрионды көшіріп-қондыру кезіндегі жұмыс кезеңдері. Донорлар мен реципиенттерді таңдау және дайындау. Ұрғашы малдың жыныстық қызметін артыру және сәйкестендіру үшін гормоналдық препараттарды тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі және теориялық негіздері. Донорлардың күйге келгенін анықтау. Донорды қолдан ұрықтандыруға аранлған шәует мөлшері. Эмбрионды шайып алу және оның сапасын морфологиялық бағалау. Эмбриондардың өміршеңдігіне ықпал ететін факторлар. Эмбрионды арнайы ортада өсірудің мәні және өсірілген эмбриондардың сапасын бағалау. Эмбрионды сақтауға арналған орталардың және криопротекторлардың сипаттамасы. Эмбриондарды криосақтаудың нобайы және тәртібі. Эмбрионды мұздатып- қатыру және сақтау әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Ш.Қ. Қалтаев, М.Н. Жоланов, Б.Д. Жукин. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы. Оқулық. Талғар 1995.

  2. М.Н. Жоланов, Қ.У. Қойбағаров, О.Т. Төребеков. Мал акушерлігі және гинекологиясы. Оқу құралы. Агроуниверситет 2005

  3. Студенцов А.П., Шипилов В.С., Никитин В.Я и др.; Под. ред. Никитина В.Я. и Миролюбова М.Г. - 7-е изд.; перераб. и доп. Ветеринарное акушерство, гинекология и биотехника размножения - М.: Колос, 2000.

  4. М.Н.Жоланов, О.Т.Туребеков, Қ.У Қойбагаров. "Асылдандыру орталығы жағдайында аушылшаруашылық малының ұрығын алуға, мұздатып-қатыруға, сақтауға және бағалауға арналған нұсқау". изд. "Астана" 2003г.

  5. Студенцов А. П. и др. Ветеринарное акушерство и гинекология М.: Агропромиздат, 1986

  6. В. Я. Никитин. Практикум по акушерству, гинекологии и биотехнике репродукции животных.М: Колос 2002

  7. Шипилов В.С., Зверева Г.М., И.И. Родин. «Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменению с/х животных». Агропромиздат 1988 г.

Зоогигиена және мал объектілерін жобалау негіздері ауа гигиенасы

Мал саулығы туралы түсінік. Мал саулығын бағалау тәсілдері. Мал организмі табиғи төзімділігінің гигиеналық маңызы. Организмнің резистенттік (төзімділік) факторлары: ауруларға қарсы тұру қабілеттілігі, гуморальдік реттеу деңгейін анықтау.

Ауаның құрамы мен қасиеттері. Ауаның гигиеналық, маңызы және физиологиялық рөлі.

Ауа температурасы. Табиғи орта мен организм арасындағы жылу алмасу. Жылу алмасудың бұзылуы: гипер және гипотермия. Жоғары және төменгі температураның мал организмі мен төзімділігіне тигізетін әсері. Әр түрлі түліктерге арналған қолайлы температура көрсеткіштері.

Ауа ылғалдылығы. Гигрометриялық көрсеткіштер, Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының жиналу көздері. Мал организміне жоғары және төменгі ауа ылғалдылығының тигізетін әсері.

Әр түрлі ауыл шаруашылық малына арналған қолайлы ылғалдылык. көрсеткіштері. Мал қораларындағы ауаның жоғары және төменгі ылғалдылығын болдырмау үшін қолданылатын қарсы шаралар

Ауа козғалысы. Ауа козғалысының мал организміне тигізетін әсері. Жел өті және оның гигиеналық маңызы. Әр түрлі жыл мезгіліне қарай мал қораларындағы қолайлы ауа қозғалысының жылдамдык мөлшері.

Ауа қысымы және оның мал организміне әсері, Тау ауруының алдын алу шаралары. Ауаның қолайсыз жағдайларына қарсы малды шынықтыру. Күн сәулесінің құрамы және оның қасиеті. Мал организміне жарық сәулесінің, инфрақызыл және ультра күлгін сәулелерініц әсері. Мал қораларындағы қолайлы табиғи және жасанды жарықтылықтың гигиеналық маңызы. Малды инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерімен сәулелендірудің санитарлық-гигиеналық маңызы.

Ауадағы газдар. Атмосфераның құрылымы және оған қысқаша сипаттама. Атмосфералық ауа құрамы. Ауаның гигиеналық маңызы мен физиологиялық рөлі. Мал қораларындағы ауаның газ құрамы және оның ластануының негізгі көздері. Зиянды әсер етуші газдардың рұқсат етілетін мүмкіндік құрамының шоғырлану мөлшері (көмір қышқыл газ, көмір тотығы, аммиак, азоттық тотықтар, күкірт сутегі, метан және т.б.), олардың мал организміне әсері. Зиянды әсер етуші газдардың шоғырлануына қарсы қолданылатын шаралар.

Ауаны аэроиондау және оның мал организміне әсері. Ауадағы жасанды аэроиондардың гигиеналық маңызы.

Мал қораларындағы ауада шаң-тозаң, биологиялық және инфекциялық аэрозольдар, олардың гигиеналық маңызы.

Мал қораларындағы ауада шаң-тозаң мен микроорганизмдердің шекті нормасы. Ауаның шаң және микробтармен ластануын төмендету әдістері. Өндірісте кездесетін түрлі шу, олардың мал организміне әсері, оған қарсы шаралар.