Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Азық сақтайтын қоймалар мен жабдықтар

Көк балаусаны консервілеудің мәні. Витаминді шөп ұнын және сабақты азықтарды дайындау жүйесінің есептеулері. Сүрлем және пішен сақтайтын қоймалар. Сүрлемді және шөпті қоймадан алуды механикаландыру.

Фермерлік (жекеменшік) шаруашылықтың азық алаңдарындағы технологиялық жабдықтар.

Ауылшаруашылық малдарын саууды механикаландыру

Машинамен мал сауу тәсілдері және физиологиясы. Сүт бөлу процесі мен сауын машинасының өзараәрекеттесуі. Сауын аппараттарының жұмыс істеу реті. Шағын және жекеменшік фермаларға сауын қондырғыларын таңдау тәртібі. Ауасыздық жүйесінің жабықтары. Вакуум сорғыштарының жұмысы, құрылысы, өнімділігі. Сауын аппараттары мен қондырғылары. Қондырғылары: олардың түрлері және қызметі. Байлаулы немесе байлаусыз күтіп баққанда қолданылатын сауын қондырғылары. Автоматтандырылған қондырғылар: “Тандем”, “Елочка”, “Карусель” және т.б. Құрылысы, жұмысы, техникалық сипаттамасы және реттеулері, қолдану ережелері. Қауіпсіздік ережелері. Шағын сауын қондырғыларының жұмыс ерекшеліктері. Бие, қой, ешкі және түйе сауатын сауын аппараттары мен қондырғыларының ерекшеліктері.

Сүтті алғашқы өңдеуді механикаландыру

Сүтті өңдеуге қойылатын МемСт талаптары. Сүттің құрамы. Сүтті алғашқы өңдеудің технологиясы. Тазалау, суыту, сақтау, тасымалдау жұмыстары: қолданылатын құрылғылар, машиналар және қондырғылар. Суытқыш техниканы қолдану. Сүтті суытуға қолданылатын қондырғылар. Машиналардың жұмыс істеу ретінің берілген шартқа сәйкес келетінін анықтау. Жасанды суық жасау қондырғылары: құрылысы, жұмысы, техникалық сипаттамасы, реттеулері. Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері. Сүтті пастерлеу. Пастерлеу тәсілі және оған қажет жабдықтар. Сүтті стерилдеу. Жылу алмастырғыштар. Сүтті қаптау, сақтау және сату қондырғылары.

Мал сою және тері өңдеуді механикаландыру

Малды есеңгірету бокстары мен конвейерлері, олардың өлшемдері. Тері алу және оларды консервілеуге қажет жабдықтар. Тері өңдеу жүйесіне қажет техникалық қондырғылар. Қаракөл қозыларын сою, терісін алу және өңдеу ерекшеліктері.

Қой қырқу және жүнді бастапқы өңдеу жұмыстарын механикаландыру

Қой қырқу технологиялары. Қырықтық машинкалары, құрылысы, жұмыстық принципі, реттеулері, техника-экономикалық сипаттмалары. Жетек көрсеткіштері. Электр – қырықтық агрегаттары, құрылысы және жұмысы. Қой қырқуды ұйымдастыру. Қырқым пункттерінің жабдықтары және оларды пайдалану. Жүнді класқа бөлу. Жабағы жүнді тасымалдау. Сұрыптау столдары, жұмысы. Сұрыпталған, жуылмаған жүнді престеу Тайланған жүнді сақтау қоймалары және жабдықтары.

Ферма мен жайылымдарды сумен қамтамасыз етуді механикаландыру

Су көтеретін қондырғылардың түрлері мен құрылысы. Судың физика - механикалық және ішімдік құрамы. Су көтергіш машиналар мен қондырғылар, оларды әртүрлі фермаларда пайдалану. Жайлымдарды сумен қамтамасыз етудің ерекшеліктері. Мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз ету сұлбасы. Мұнаралы және мұнарасыз су көтергіштер. Тұрақты, жылжымалы автосуаттар.

Мал қораларында микроклимат жасау қондырғылары

Микроклиматтың өлшемдері. Желдету, ауа тазарту және ауаны салқындатуды сәйкестендіру желілері. Желдеткіштің, ауа тазалағыштың, калорифердің, жылытқыштың, ауасалқындатқыш – кондиционерлердің құрылысы. Жас төлдерді сәулемен жылыту жабдықтары, құрылысы.