Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Амарбаев А. Биология ягнят многоплодных мясо-сальных овец. Наука КазССР. Алма-Ата, 1975.

2. Бальмонт В.А. Опыт использования гетерозиса в овцеводстве. Алма-Ата,Кайнар, 1968.

3. Басовский Н.З., Ерохин А.И. и др. Племенная работа. Справочник. М.: ВО Агропромиздат, 1988г.

4. Васильев Н.А., Целютин В.К. Овцеводство и технология производства шерсти и баранины. М., Агропромиздат, 1990

5. Гольцблат А.И., Ерохин А.И., Ульянов А.Н. Селекционно-генетические основы повышения продуктивности овец. М., Колос., 1981 г.

6. Касымов К.Т. Воспроизводство стада в овцеводческих комплексах. Алма-Ата, Кайнар, 1981г.

7. Құсаинов А.К., Нуров И.А. Қой өсірушінің анықтамалығы – Алматы, Қайнар, 1992.

8. Мухамедгалиев Ф.М. Развитие овцеводства в Казахстане. Алма-Ата Наука КазССР, 1979г.

9. Николаев А.И., Ерохин М.А. Овцеводство. - М.: Колос, 1987.

10. Джапаридзе Т.Г., Зарытовский В.С. Овцеводство. –М., Колос. – 1983.

11. Вениаминов А.А. и др. Справочник овцеводства.М.: Россельхозиздат, 1977г.

12. Цырендондоков Н.Д. Основы овцеводства. М., Росагропромиздат, 1989г.

Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологнясы

Жұмыртқалағыштық және жұмыртқа салмағы. Жұмыртқаның түзілуі, құрылысы және химиялық құрамы. Әртүрлі құстардың жыныстық жетілуі. Жұмыртқалағыштық динамикасы, жұмыртқалау алшақтығы, ырғағы, жұмыртқа өнімділігіне әсер ететін факторлар. Жұмыртқалағыштық пен жұмыртқа сапасын арттыру жолдары.

Ересек құстар мен балапандарының жалпы құс етін өндірудегі маңызы. Ет өндіретін әртүрлі құстардың балапандарының өсу ерекшеліктері. Еттің химиялық құрамы, қоректік дәрежесі, дәмділігі. Құстардың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Құстардың ет өнімділігін арттыру жолдары. Өсіп-өну сапасының өнімділікпен байланыстылығы. Құстардың жұмыртқа өнімділігін көтеруде күтіп-бағу сапасын арттырудың маңызы. Құстардың жұмыртқалағыштығы олардың өсіп-өну сапасын сипаттайтын көрсеткіш.

Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары

Құс тұқымдарын шығару. Құстың жаңа түрлерін құс шаруашылығында пайдалану. Құстардың тұқымдарын жіктеу негіздері. Негізгі құс тұқымдары, тұқымдық топтар, оларға сипаттама (өнімділік бағыты, шығарылған жері, тегі, дене пішініндегі ерекшеліктері, өнімділік сапасы).

Ақ леггорн- негізгі тұқым. Қоңыр жұмыртқа өндіру үшін пайдаланатын тауық тұқымдары. Корниш және ақ плимутрок, австролорп, сусекс, москвалық, еревандық, полтавалық, қырғыздық тұқымдары. Үйрек тұқымдары мен топтары: пекин үйрегі, украин үйрегі, жүрдек үнді үйрегі. Мускустік үйрек, ''Медеу'' кроссы. Қаз тұқымдары мен тұқымдық топтары: холмогор, үлкен сұр қаз, кубань, горький, Ромен, тулуз, ланд, рейн және қытай қаздары. Күрке тауық тұқымдары мен тұқымдық топтары: қола күрке тауық, ақ кең кеуделі күрке тауық, қола және ақ солтүстік кавказ күрке тауығы, ақ москвалық күрке тауық. Мысыр тауығы тұқымдық топтары: ақ сібір және загорск ақ кеуделі мысыр тауығы. Жапондық бөдене. Етті кептерлер.

Ауыл шаруашылық құстарын өсіру

Асылдандыру жұмысының құс шаруашылығынан алынатын өнімдерді молайту, олардың сапасын жақсарту, өзіндік құнын төмендетудегі маңызы.

Құс тұқымдарын асылдандыруда генетика жетістіктерін пайдалану. Құс өсіру әдістері. Құс түрлерін будандастыру. Құс іздері мен кросстары. Селекциялық-генетикалық станцияларда, асыл тұқымды құс зауыттарында, репродукторларда тұқым асылдандыру жұмысының ерекшеліктері және міндеттері. Бәсекелік сынау станциясының маңызы.

Құстардың әр түрін өсірудегі жыныстық арақатынас. Қораздарды пайдалану мерзімдері. Құсты таңбалау. Құстың шығу тегін есепке алу. Құсты қолдан ұрықтандыру. Асыл тұқымды құс шаруашылығы мен репродукторлық шаруашылықтарда құсты күту ерекшеліктері. Асыл тұқымды құстарды есепке алу, бағалау. Асылдандыру есебін жүргізу, оларды бағалау және алынған жазбаларды өңдеу, есептеу техникаларын пайдалану.