Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Қой өсіру және жұптау әдістері, генетикалық негіздері

Қой асылдандырудағы популяциялы-генетикалық негіздері. Генетикалық және паратиптік өзгергіштік, оның практикалық селекциядағы маңызы. Қойдың негізгі шаруашылық белгілеріне және сол тұқымның жаңадан пайда болған қасиетіне ие болушылық.

Жаңа пайда болған қасиетке ие болу коэффициенті. Селекциялық белгілердің корреляциясы. Таза тұқымды мал өсіру - генофондты сақтау және тұқым жетілдірудің негізгі әдісі. Ата ізбен, ата ізаралық (линиямен, линияаралық) кросспен өсіру. Инбридинг және топкроссинг. Тұқымаралық будандастырулар: сіңіре будандастыру, үнемі өсіру, еңгізе будандастыру, өндірістік және ауыспалы будандастыру.

Қой іріктеу және жұптау. Қой тұқымқуалаушылық белгілерін жақсартудың негізгі әдістері - іріктеу және жұптау. Әртүрлі өнім бағытындағы қойды іріктеудің маңызды талаптары. Қойды шығу тегіне қарап іріктеу. Селекциялық белгілеріне қарай баға беріп, іріктеп алу. Қойға ұрпағының сапасына байланысты баға беру және іріктеу. Әртүрлі өнімділік бағытына сәйкес қой шаруашылығында ұрпақ сапасына баға беруді ұймдастырудың ерекшеліктері. Қой шаруашылығында жұптау әдістері. Біртекті және әртекті, жекелей және кластық (топтық) жұптау.

Қой шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістері және жоспары. Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау және қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу. Қойға ен салу. Асылдандыру жұмысында есептеу техникасын қолдану. Әртүрлі категориялы шаруашылықтарда асылдандыру жұмысының ерекшеліктері. Аймақта, шаруашылықтарда мал тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау. Асылдандыру жұмыс жоспарының негізгі жағдайлары.

Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Қой шаруашылығын мамандандыру. Қой өсіру салаларын нарықтық экономика жағдайында прогрессивтік технологияға көшірудің алғы шарттары.

Қой көбейту биологиясы. Күйек алуды ұйымдастыру: тиімді шағылысқа даярлау. Қойларды бірінші шағылысқа жіберу жасы. Шағылыстыру түрлері. Қойды қолдан ұрықтандыру. Ірі фермалар мен қой кешендері жағдайында және жеке шаруа қожалықтарында ұдайы өсіруді ұйымдастыру.

Қой төлдетуді ұйымдастыру. Республикадағы әртүрлі аймақтарда қой қоздату мерзімі. Қойларды, қораларды, азықтарды, төсеніштерді және қүрал-жабдықтарды қой қоздату науқанына әзірлеу. Қой қоздату мерзіміне қосымша жұмыс қолын (сақманшылар) бөлу. Қой қоздаған кезде саулықтар мен төлдердің күтімі. Қозыларға ен салу.

Қозыларды өсіру. Сүттену кезеңінде қозыны азықтандыру ерекшеліктері, сақман ұйымдастыру. Қозы өсіру тәсілдері (енесімен бірге, қораларда, алаңдарда және т.б.).

Еркек қозыларды пішу. Биязы және биязылау жүнді қозылар құйрығын кесу. Қозыларды енесінен айыру техникасы мен мерзімі және оларды өсіру. Қойға арналған азықтың сипаттамасы. Жынысына, өнімділігіне, физиологиялық жағдайына байланысты қой азықтандыру ерекшеліктері. Азық дайындаудың тиімді әдістері және азық әзірлеу: майдалау, ұсақтау, түйіршіктеу, брикеттеу, әртүрлі қоспалармен байыту. Қойды қыста азықтандырып күтіп-бағу. Қыстық азық, онымен азықтандыру тәртібі және әдісі. Күн тәртібі. Қойларды күтіп-бағу. Қойды жайып бағуды ұйымдастыру. Қойды қыста жаю.

Жынысына және жасына қарай қой азықтандыру нормасы және рационы. Қойдың қыс мезгілінде азыққа деген қажеттілігін анықтау.

Қойды жазда азықтандыру, күтіп-бағу. Табиғи және көп жылдық екпе дақылдар жайылымын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Әртүрлі жайылымдарда қой жаю техникасы. Жайылымда қой суаруды ұйымдастыру. Жайылымға деген қажеттілікті анықтау. Жайылымда қойды күтіп-бағу.

Қойды күтіп-бағуға арналған қоралар және оларды жабдықтау. Қой қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар.

Қой бордақылау (жайып-семірту) - қой етін өндіру және ет сапасын жақсартудың, қозы жүнін, терісін көбейтудің басты қоры болып табылады. Қой етін өндіру. Бордақылау түрлері: бір орында семірту, жайылымда бағу және жеделдету (интенсивті). Қой бордақылауда пайдаланатын азықтар. Қой бордақылау мен жайып семірту техникасы: мал жасын, жынысын, қондылығын еске ала отырып отарлар (топтарды) құру; жайып-бағу мерзімі, рационы, еңбек ұйымдастыру. Бордақылауды және жайып-семіртуді бақылау.

Қой саууды ұйымдастыру: сауу мерзімі, сауу орны (пункт) және оның құрал-жабдықтары. Қойларды машинамен сауу, сүтті өңдеу мен есепке алу.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қой қырқу мерзімдері. Қой қырқуға керекті құрал-жабдықтар, қырықтықшыларды және бөлмелерді дайындау. Қой қырқу орны (пунктінің) жұмысын ұйымдастыру. Қой қырқу тәсілдері. Қойларды қырқымға дайындау. Жүннің таза шығымы мен сапасын анықтайтын зертхана ұйымдастыру.