Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін өндіру технологиясы

Қой шаруашылығы өнімдерін танып, білу төмендегі жүйе бойынша жүргізіледі: биологиялық негіздері, қалыптасуы, түрлі факторлар әсерлері, бағалау әдістері, жіктеу және алғашқы өңдеу. Жүн туралы түсінік. Тері морфологиясы. Жүннің пайда болуы және өсуі. Жүн талшығының морфологиялық және гистологиялық құрылысы. Жүн талшықтарының типтері. Жүн топтары. Жабағы (тұтас) жүн және оның элементтері Шайыр және таза жүн шығымы. Жүннің химиялық құрамы. Физикалық - механикалық және технологиялық қасиеттері, жүн ақаулығы, ластануы, олардың себептері және алдын-ала болдырмау шаралары. Қойдың жүн өнімділігін арттыруда: азықтандыру, бағып-күту, генотип және басқа факторлардың тигізетін әсерлері. Қой еті өнімділігі туралы түсінік. Қой ұшасы, оның әрбір анатомиялық бөлігінің тағамдық маңызы. Ұшаның морфологиялық құрамы және қой етінің химиялық құрамы. Еттілік қасиетінің қалыптасуы мен ұша сапасына тигізетін әсері. Қой терісі туралы түсінік. Мехтық, тондық және былғары жасауға арналған қой терілерінің ерекшеліктері, оларды жіктеу және тауарлық бағалау. Қой терісінің сапасына әсер ететін факторлар. Қой терісіне қойылатын стандарттық талаптар. Тондық қой терісі шикізатын сату. Елтірі туралы түсінік. Қаракөл елтірісінің ерекшеліктері. Елтірінің негізгі қасиеттері, оларды бағалау әдістері. Қаракөл қозыларының елтірілік типтері. Елтірінің түр-түсі және реңі. Қаракөл қойларын селекциялау және оларды өсіріп бағу. Іріктеу. Қаракөл қозыларын бонитировкалау.

Қой сүтінің тағамдық құндылығы, құрамы және оның қасиеттері, қой сүтін сүтсірне (сыр) жасауға пайдалану. Саулықтың сүттілігіне әсер ететін факторлар. Қой сүттілігін бағалау.

Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негіздері

Жүн. Жүнді стандарттау және жіктеу. Жүн дайындау стандарты. Жүнді кластау (жүнді классқа, класс тармақшаға бөлу). Отар бойынша жүн сапасын анықтау. Жүн үлгілерін алу, жуу, кептіру, теңдеу, таңбалау, сақтау және тасымалдау.

Қойдың ет өнімі. Қой қоңдылығын анықтау. Сояр алдындағы тірілей салмағы. Сою техникасы. ұша және сойыс салмағы, сойыс шығымы. Қазастанда бағылып-өсірілетін әртүрлі қой тұқымдарының еттілік коэффициенті және оларды союға дайындау.

Елтірі. Қозы сою, елтірі сылу тәсілдері және май сылу. Елтіріні тұздап кептіру (консервілеу) тәсілдері (құрғақ тұздау, сулап тұздау, қышқылды тұздау және ашыту), құрғату, тазалау, қабаттап жинап қою. Қоймаға қабылдау кезінде тұздалған қаракөл елтірісін сорттау.

Тондық тері өнімі. Шаруашылықта алғашқы өңдеу: тұздап кептіру және теріні сақтау.

Мәйек. Дәрі және сыр дайындау кезіндегі оның маңызы. Қаракөл қозыларын сою кезіндегі оның маңызы. қаракөл қозыларын сою кезінде мәндір алу. Оны сақтау, сорттау. Тұздап кептіру және арнаулы

Қой тұқымдары және тұқым топтары

Тұқым және тұқым топтары туралы түсінік. Әртүрлі тұқымдар және олардың негізі. Қой тұқымын зоологиялық және өндірістік жіктеу. Қойдың жекелеген тұқымдарын және тұқым топтарын төмендегі жүйе бойынша айыра білуге болады: қой тұқымының шыққан жері мен уақыты, шығару әдістері, тұқымдар тараған аудан. қазіргі жағдайы (күйі): сыртқы пішіні (экстерьері), өнімділігі, биологиялық ерекшеліктері, типтер сипаттамасы, аталық ізі (линиялары), жоғары мал көрсеткіштері. Жұмыс бағыты және тұқымды жетілдіру келешектері. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар және олардың жетістіктері, алдыңғы шаруашылықтарға енгізу. Биязы жүнді қой шаруашылығының қысқаша тарихы. Биязы жүнді қой өсіруде Қазақстандық ғалымдардың ролі. Биязы жүнді қой тұқымдарының жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді бағыттары. Жүнді бағыттағы қой тұқымдары: грозный, ставрополь. Жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдары - аскания, алтай, кавказ, советтік меринос, солтүстік қазақ мериносы, оңтүстік қазақ мериносы.

Етті-жүнді бағыттағы қой тұқымдары: прекос, қазақтың биязы жүнді қойлары, қазақтың архармериносы.

Биязылау жүнді қой тұқымдарының қысқаша тарихы (ТМД елдері мен Қазақстандағы). Осы қой саласын жеделдетудің маңызы. Биязылау жүнді қой тұқымдарының жалпы сипаттамасы. Бяизылау жүнді қой тұқымдар бағыты.

Ұзын жүнді биязылау қой тұқымдары және тұқым топтары: линкольн, ромни-марш, корридель, солтүстік кавказ, тяньшань, дегерес, ақжайық; қазақтың етті-жүнді - зауыттық типтері: қалшеңгіл, ақсеңгір, шу; қазақтың кроссбред жүнді тұқымы-шығыс Қазақстандық және оңтүстік-шығыс типтері, солтүстік Қазақстандық етті-жүнді қойлары. Қысқа жүнді етті-жүнді қой тұқымдары және тұқым топтары: шропшир, гемпшир, қазақтың гемпшир типі (қазақтың тез жетілетін етті тұқым тобы). Жүнді-етті биязылау қой тұқымдары және типтері: цигай қойы, цигай қойының қазақ типі, фин ландрасы.

ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы ұяң жүнді қой тұқымдарының қысқаша тарихы. Ұяң жүнді қой тұқымдары: алай, сараджы, тәжік, қазақтың ұяң жүнді қой тұқымдары (Қарғалы, Ақтөбе, Байыс).

Ұяң жүнді қой тұқымдары мен тұқым топтарының негізгі бағыттары: тондық, елтірілік, етті-майлы. Қылшық жүнді қой тұқымдары: гиссар, еділбай, қазақтың құйрықты қойлары және ақ жүнді жаңаарқалық типі, сарыарқа құйрықты қой тұқымы. Шөл және шөлейтті аймақтарындағы қой етін молайтуда етті-майлы қойлар маңызы. Жергілікті және саны аз қой тұқымдарын аман сақтаудың маңызы. Қаракөл қой тұқымы және олардың зауыттық типтері (Задарья, Гурьев, Талас, Түгіскен, Әлімтау, Темір, Байырқұм, Тартоғай, Сырдарья). Ешкі тұқымы Қазақстанда ешкі тұқымдарын аудандастыру. Жабайы ешкілердің генофонды мен саны аз ешкі тұқымдарын сақтау маңызы.