Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Сүт өндіру технологиясы

Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарда бағып-күту тәсілі. Мал азығымен қамтамасыз етуді анықтау. Мал азығын дайындау мен тарату, табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану әрі екпе көкмайсамен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету жолы. Мал қиын жинау, шығару және сақтау. Сауу тәсілдері. Сүтті тазалау, дайындау, әрі өткізу жолдары. Ветеринариялық-санитарлық шаралар. Малдарды байлап немесе бос ұстау үшін топқа бөлу тәсілдері. Табынның құрылымы және әртүрлі маманданған шаруашылықтардағы олардың ерекшеліктері. Сүтті өндірістік негізде өндіру технологиясы, оның зоотехникалық және экономикалық негіздері, осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктері.

Циклограмма жөніндегі түсінік. Сүт өндірудің үздіксіз-цехтық технологиясы, сиырдың әр цехта болу уақыты, сиыр орындарын есептеу.

Сүтті өндірістік кооперативтік, шаруа қожалық (фермерлік) т.б. шаруашылықтарда өндіру технологиясы.

Ет өндіру технологиясы

Малды бордақылау. Малды өсіру, жетілдіру және бордақылау жөніндегі түсініктер. Бордақылаумен шұғылданатын шаруашылықтарының түрлері және оларды төлдермен қамтамасыз ету ерекшеліктері; дайындау, сұрыптау, тасу. Циклограмма туралы түсінік. Бордақыланатын малдарды әртүрлі бағып-күту жағдайындағы операцияларды экологиялық және экономикалық негізде бағалау. Малды қант өндіру технологиясы қалдықтарымен (сығынды, барда) бордақылаудың ерекшеліктері. Сақа малдарды бордақылау ерекшеліктері. Малды жайып семірту. Мамандандырылған етті ірі қара шаруашылықтарындағы «сиыр-бұзау» технологиясының ерекшеліктері. Бордақыланған малдарды өткізу.

Фермерлік (жекелеген) шаруашылықтарда малдарды өсіру және бордақылау ерекшеліктері.

Асылдандыру жұмысы

Мал өсіру тәсілдері. Ірі қара селекциясы. Асылдандыру жұмысының ірі қара мал өнімін көбейтудегі маңызы. Асылдандыру жұмысының өз елімізде және шет мемлекеттерде дамуы. Мал өсіру тәсілдерінің асыл тұқымды және тауарлы шаруашылықтарда қолданылуы. Сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы бұқалар мен сиырлардың негізгі және қосалқы селекциялық белгілері. Селекциялық белгілердің өзгергіштігі, тұқым қуалаушылығы, қайталануы және өзара байланыстылығы. Жоғары өнім көрсеткіштердің селекциялық маңызы.

Бұқалар мен сиырларды сұрыптау схемасы: генотипі (шығу тегі, тұқымдылығы, ұрпақ сапасы) және фенотипі бойынша.

Сүтті және етті ірі қараны сұрыптау. Сүт және ет бағытындағы бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау және жұп таңдау тәсілдері. Сұрыптаудың нәтижелерін талдау. “Аталық із” және “Аналық ұя”-мен жұмыс жүргізу. Инбридинг пен гетерозисті қолдану.

Селекциялық асылдандыру жұмысы. Кең көлемді селекция және оның қолданылуы. Асылдандыру жұмыстарының әртүрлі шаруашылықтардағы ерекшеліктері. Асылдандыру жұмыстарының есебі.

Ірі қара тұқымы мен табынының селекциялық жұмыстарын жоспарлау. Селекциялық жұмыста компьютерді пайдалану. Асыл тұқымды малдардың көрмесі, аукционы, мемлекеттік мал асылдандыру кітабы.

Селекциялық жетістіктерді бекіту.

Әлемдік генофондты ірі қара мал тұқымдарын асылдандыру үшін пайдалану.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Төреханов А.Г., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы. Оқулық. Алматы 2005.

  2. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. Ірі қара шаруашылығы. Оқу құралы. Алматы 2006.

  3. Арзуманян Е. А., Бегучев А. П.,Соловьев А. А., Фандеев Б.В., Скотоводство. /Под ред. Е. А. Арзуманяна/. – М.: Колос, 1984.

  4. Алимжанов Б.О. Интенсификация производство молока и говядины. – А.,1961.

  5. Востриков Н.И., Бельков Г.И., Туников Г.М. Технология про­изводства говядины на промышленной основе.- М.: Агропром­издат, 1988.

  6. Всяких А.С. Производство молока на промышленной основе. –М.: Колос,1984.

  7. Даленов Ш.Д., Каримов Ж.К., Жомартов М.Т. Скотоводство, технология производства молока и говядины. Учебное пособие. г.Алматы, 2001.

  8. Изилов Ю.С. Практикум по скотоводству. – М.: Агропромиздат, 1988.

  9. Искакбаев Б.Б. ’’Ірі қара шаруашылығы’’ – А.: Қайнар,1996.

  10. Каримов Ж.К. ’’Қазақстанның сүтті сиыры’’ – А.: Қайнар, 1979.

  11. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.К ’’Ірі қара шаруашылығы’’– Костанай, 1996г.

  12. Лобанов В.Т. Практикум по племенному делу. – М.: Агропром­издат, 1988.

  13. Панкратов А. А., Орлов А. В., Руднев О. С. Производство говя­дины на промышленной основе. – М.: Колос, 1984.

  14. Ружевский А. Б., Рубан Ю. Д., Бердик А. П. Породы крупного рогатого скота,- М.: Колос, 1980.

  15. Эрнст Л. К., Кравченко Н. А, Солдатов А. П. И др. Племенное дело в животноводстве. /Под.ред. Н. А. Кравченко/. – М.: Агропромиздат, 1987.

  16. Даленов Ш.Д., Кинеев М.А. Казахский южный тип черно-пестрого скота «Сайран». Алматы, Бастау 2009.

  17. Даленов Ш.Д. Методы расчетов основных показателей по животноводству. Алматы, Бастау 2009.

  18. Государственные племенные книги крупного рогатого скота молочных, комбинированных и мясных пород.

  19. Журналдар ''Жаршы'', ''Ізденіс'', ''Молочное и мясное скотоводство'', ''Животноводство'', ''Зоотехния'' және т.б.