Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Жылқы тұқымдары

Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары. Оларды аудандастыру жүйесі.

Салт мінетін тұқымдары: араб, ахалтеке, иомуд, таза қанды салт мінетін, терск, кабарды, карабаир, украин мініс жылқылары. Салт мінетін және жегуге арналған тұқымдары: дон, буденный, қостанай, көшім, жаңа қырғыз жылқылары. Жартылай таза қанды және спорттық Шығыс Европа тұқымдары: тракенен, ганновер, венгер жылқылары.

Желісті тұқымдары: орлов, орыс, америка стандартбредті, француз жылқылары.

Ауыр жүк тартатын тұқымдары: владимир, советік, орыс жылқылары. Жергілікті жылқы тұқымдары: дала /монғол, бурят, қазақ, баш құрт/, орман /якут, тавдин, вятка/, тау /алтай, қырғыз, локай/. Жылқы тұқымдарының ауыл шаруашылығындағы маңызын ескере отырып, олардың әр тұқымына зоотехникалық сипаттама беру: таралу аймағы: қайда, қашан, қандай жағдайда және қандай әдістермен шығарылған /экстерьерлік ерекшеліктері, дене өлшемдері, индекстері, тірілей салмағы/, түртүсі, жұмыс қабілеттілігі, ет және сүт өнімдері, тұқымаралық типтері, аталық із және аналық ұясы. Тұқым асылдандыру жұмыстарының негізгі бағыты. Алдыңғы қатардағы шаруашылықтар. Жылқы тұқымдарының даму болашағы.

Жылқыны ұдайы өсіру және күтіп-бағу технологиясы.Жылқының көбею ерекшеліктері. Жыныстық жетілуі, шағылыстыру жасы, айғыр мен биені асылдандыру және тұқым жақсарту жұмысына пайдалану мерзімі. Биенің жыныс циклінің заңдылығы, күйлеу мен овуляция кезеңдерін айқындау әдістері. Бие шағылыстыру мерзімі мен тәсілдері: қолмен, үйірде, қорада. Биені қолдан ұрықтандыру, эмбрионды ауыстырып салу /трансплантация/. Жылқының жыныстық белсенділігі, айғыр шәуетінің сапасы және биенің ұрықтану қабілеті. Жылқы зауыдтарында, ұжымдық, кооперативтік, фермерлік шаруашылықтарындағы шағылыс науқанын әзірлік жұмыстары, оны өткізу.

Айғыр мен биені шағылысуға дайындау және оларды азықтандыру, күтіп бағу. Биенің буаздық мерзімі, құлындауы. Биенің буаздығын алдын ала анықтау тәсілдері, оның маңызы. Бие шағылыстыру және құлындау кездеріндегі жүргізілетін құжаттар. Буаз биені азықтандыру, күтіп бағу, жұмысқа пайдалану, іш тастаудың алдын алу. Бие мен құлынға көрсетілетін алғашқы көмек. Құлынның өсіп жетілу заңдылықтары. Құлынды енесімен бірге бағу. Сауында бие мен құлынға берілетін қосымша азық түрлері. Құлынды енесінен айыру мерзімі мен тәсілдері, оларды өсіру. Төлді қыс мезгілінде бағу, азықтандыру, топтап серуендету. Құлын-тайларды бағу, азықтандыру. Төлдің өсіп жетілуін бақылау. Еркек құлындарға белгі салу, піштіру жасы, оның мақсаты. Жылқы өсіретін қора-жайлар.

Жылқының жұмыс қабілеті және оларды пайдалану

Жылқының жұмыс қабілетін анықтайтын факторлар: жасы, бойы қоңдылығы, дене құрылысының типі, тұқымы, темпераменті, жұмысқа дайындығы, жаратылуы, жаттықтандыруы, азықтану деңгейі, күтімі мен бағымы. Жылқының жұмыс қабілеті, күші, жылдамдығы, қуаты. Жылқыны әр аймақтағы ұжым, кооперативтік және фермерлік шаруашылық жұмыстарына және көлік ретінде пайдалану. Жылқы жұмыстарын жоспарлау, есебін жүргізу. Жұмыс аттарының жұмыс көлемінің есебі мен нормасы. Жұмыс аттарын азықтандыру, суғару, күтіп-бағу, тазалау, тағалау және тұяқтарын ақаулардан сақтау. Жылқыларды пайдалану. Жылқыны жұмыста пайдаланудағы еңбек қорғау және қауіпсіздендіру техникасы. Жылқыны жегуге пайдалану. Бір атты және қос атты жегу. Жегу әбзелдері, олардың конструкциялық ерекшеліктері, пайдалану және сақтау. Жылқыны салт мінуге және жүк артуға пайдалану. Ер-тоқым түрлері, олардың құрылысы. Жылқы ауыл шаруашылық жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану жолдары.