Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080200 TPPG KAZ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
344.58 Кб
Скачать

Қой гигиенасы

Еліміздің әр түрлі аймақтарының табиғи климаттық ерекшеліктеріне байланысты фермалар мен кешендерде қой өсіріп, бағу жүйелері. Мамандандырылған шаруашылықтарда қой өсірудің технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары.

Қойды қорада, қора-жайылымда, жайылым-қорада және жайылымда бағу гигиенасы. Қойды қыста бағу гигиенасы.

Қой қораларына гигиеналық талаптар және олардың әр түрлі климат аймақтарына орай құрылыс ерекшеліктері. Қой қораларының типтері мен сиымдылықтары. Қой қораларының ішкі жабдықтарына қойылатын талаптар. Жылы қоралар.Базды қалқан қоралар. Катондар. Қой санын өз төлімен ұдайы толықтырудың гигиеналық талаптары. Жүн алу бағытындағы қойларды бағып-күту мен азықтандырудың гигиеналық талаптары. Қой қырқу ережелері, Жүн сапасын арттыру шаралары.

Төл алудың гигиенасы мен төлді жылы қорада өсіру. Қозыларды сақманда және базда бағу тәсілдері. Қозыны енесінен айырудың гигиеналық талаптары. Отар толықтыруға арналған төл өсіру гигиенасы.

Қой мен ешкі сауудың негізгі зоогигиеналық ережелері.Қой бордақылау мен жайып семіртудің зоогигиеналық шаралары және оны шаруашылықта ұйымдастыру.

Шошқа гигиенасы

Шошқа күтудің жүйесі мен әдістері. Шошқаны фермалар мен кешендерде бағып-күтудің технологиялық жобалау нормалары мен оларға қойылатын гигиеналық талаптар. ІІІошқа қораларына қойылатын гигиеналық талаптар, оның сиымдылығы және құрамы. Шошқа қораларының типтері.

Шошқаны станокта, жүретін серуен алаңы бар және осындай алаңы жоқ, клеткалы-батериялы қораларда күтіп- бағуды гигиеналық тұрғыдан бағалау. Әр топтағы шошқаны станокта және басқада қондырғы жабдықтарда орналастыру. Қабан бағу, азықтандыру және күту гигиенасы. Буаз және суалмаған мегежіндерді күту, азықтандыру және күту гигиенасы. Буаз және суалмаған мегежіндерді күту, азықтандырудың санитарлық-гнгиеналық талаптар, бұл талаптарға торайлардың өмір сүру, бейімділігі мен ауруларға қарсы төзімділігі қасиетіне тигізетін әсері.

Шошқаны торайлату және жаңа туған торайларды күту гигиенасы Енесін еметін торайлар мен енесінен ажыратылған торайларды азықтандыру және күту гигиенасы. Торайларды енесінен ажырату және табын толықтыруға арналған жас торайлар өсіру гигиенасы.

Жылқы және түйе гигиенасы.Жылқы және түйелерді бағудың жүйесі мен әдістер. Жылқы және түйелерді бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары.Жылқыны қорада, үйірде бағу гигиенасы мен жазғы жайылымдарды пайдалану ерекшеліктері. Жылқы және түйе қорасының құрамы, сиымдылығы мен типтері. Жылқы және түйе қорасына қойылатын гигиеналық талаптар. Жылқы және түйе санын өз төлімен ұдайы толықтыру гигиенасы. Буаз бие, түйе мен айғыр күтудің және азықтандырудың санитарлық-гигиеналық тәртіптері. Биені және түйені машинамен, қолмен сауу тәртіптері. Құлын мен бота өсіру гигиенасы. Енесін еметін құлын мен ботаны күту және азықтандыру гигиенасы. Құлынды және ботаны енесінен айырғандағы зоогигиеналық талаптар. Жұмыс аты мен түйені дұрыс пайдалану. Ат пен түйені пайдалану кезінде тері және тұяқтарды жарақаттанудан сақтау шаралары.

Жегу. Ат жегу саймандары мен әбзелдерін күту. Бордақыланатын және жайып семіртілетін жылқы мен түйелердің гигиеналық режимі.

Ауылшаруашылық құстарының гигиенасы. Ауыл шаруашылық құстарын бағу жүйелері және оларды гигиеналық бағалау. Мамандандырылған шаруашылықта және құс фабрикаларында құс бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары. Құс қораларына қойылатын гигиеналық талаптар және әр түрлі құстарға арналған құрылыс ерекшеліктері. Құс қораларының сиымдылығы мен құрамы.Құс қораларының жабдығы.

Әр түрлі құстарды өндірістік технология жағдайна, қысқы және жазғы кезеңдерде азықтандыру, оларды күту гигиенасының ерекшеліктері. Құстарды жаятын алаңда және су қоймаларында баққанда қойылатын гигиеналық талаптар. Тауықтардың жұмыртқалаушы өндірістік топтарын еденде және клеткалық жағдайда бағу гигиенасы. Құстарды қалың төсенші бар қорада бағу ерекшеліктері. Инкубаторға арналған жұмыртқалар мен инкубациялау режиміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Балапанды еденде және клеткада бағу гигиенасы.

Әр түрлі құс балапандарын азықтандыру, бағу және күтудің гигиеналық талаптары. тауық күрке тауық, үйрек және қаз балапандарын жазда бағу гигиенасы. Етке арналған әр түрлі құс балапандарын жазда бағу гигиенасы. Асыл тұқымды және қосалқы шаруашылықта, сонымен қатар құсты қолда күту, азықтандыру, өсіру, бағудың негізгі санитарлық-гигиеналық талаптары. Құс кәсіпорындарын қорғау.

Қоян және терісі бағалы аңдар гигиенасы. Қоян және терісі бағалы аңдарды күтудің жүйелері. Қоян және терісі бағалы аңдарды фермалар мен кешендерде бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеиалық талаптары.

Қоян және терісі бағалы аңдарға арналған құрылыстарға (қоян қоралары, шедтер т.б.) қойылатын гигиеналық талаптар. Клеткалар мен торлы қоршаулар (вольер), олардың құрылысы, жабдықтары және орналасуы. Азық-жем дайындалатын бөлмелерге, жабдықтарға және қолданылатын құралдарға (инвентарь) қойылатын талаптар.

Әр түрлі және әр жастағы қояндар мен терісі бағалы аңдарды күту, бағу, сондай-ақ азықтандыру ерекшеліктері. Көжектер мен аң күшіктері сандарын ұдайы толықтырып өсру гигиенасы. Мамандандырылған шаруашылықтарда қоян және терісі бағалы аңдарды іріктеу, ұдайы аң санын толықтыру, өсіру мен оларды бағып күтуге қойылатын гигиеналық талаптардың ерекшеліктері, оларды қорғау.