Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Құтты болсын!

Дүниеге сәби келсе, келін түсіп жатса той-думандатып атап өтетін салт бұрыннан қалыптасқан. Көрші- қолаң, ағайын-туыс, жора-жолдас қуанышымен бөлісетін, жылы лебіздерін білдіретін кез – осы. Арнайы үлкен қуанышпен бөліскен ағайынына қонақтары тек бұл сөзді айтып қана қоймай, жақсы тілектерін білдіріп, байғазыларын берген. Шамаларына қарай сыйлықтарын береді. Той-думандарға келген қонақ үйге кіре бере «Құтты болсын!» сөзін айта кіреді. Қуанышқа ие болып жатқандарға әрбір жақындарының осындай жылы лебіз білдірулері міндеттей болып кеткен, әрі ағайын-туыстың арасындағы сыйластықтың куәсі. Бұл сөзді жаңа үйлі-жайлы болып, жаңа затты болып жатқанда, келін түсіргенде айтады.

Қазақ әрбір сәтті күнге, қуанышқа, мәжіліске, тойға келгенде «құтты болсын» деп игі сөзді қосып айтады. Жаңа қоныстанып жатқандарға «қоныс құтты болсын» деп жөн сұрасады. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын!», «төрт түлік ақты болсын» деуді ұмытпаған жөн.

Құттықтау сөз көбіне-көп үлкен дастарқан басында айтылады. Дастарқан басында айтылатын жақсы сөздің де өз ереже, шарттары бар. Жиналған қауым тамақ ішу үшін емес қуанышты шын ниеттен қабылдап, игі тілекпен келеді.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Қазақ ғарышкерлері

12 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №12 «Іскерлік» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Шағын бизнеспен айналысам деген адам алдымен өз рухани мүмкіндігін анықтап алуы қажет.

2

Іскерлік – қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, кәсіптік міндеттеріне жауапсыздықпен қарау.

3

Қазіргі кезде бірыңғай әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар бар.

4

Басшы әйел ең алдымен психолог, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Қысқы Азияда ойындары – Қазақстан жетістігі

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Танымал тұлғалар

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстан Республикасының рәміздері

Елтаңба

Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторлары – Ж.Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңбамыздың негізі – шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – күн шеңбері. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз оның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Ту

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі – Мемлекеттік Ту. Оның авторы – суретші Ш. Ниязбеков. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түсті таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындықтың белгісі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын білдіреді. Қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етіп тұрғандай. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек – алтын түсті.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Менің сүйікті ісім

13 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №13 «Әлемдегі ең бай адамдар» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Билл Гейтс Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы.

2

Гейтстің өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсысы тек $20 млн. алады.

3

Карлос Слим Қытайдағы ең бай адам деп саналады.

4

Слимнің бизнесі телекоммуникациямен байланысты.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Қазақстанның туристік орындары – әлемге танымал

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Әдептілік - әдемілік

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

Ақша

Шырғалаңы шыңырау мына дүниеде пенденің қай-қайсысы үшін де ақшаның маңызы ерекше екені хақ. Көп адамның жақсы өмір сүруіне жағдай жасайтын да осы – ақша. Адамдардың көбі дерлік «мол ақша тапсам» деген қиял-арманмен күн кешеді. Бірі – отбасымды асырауға, игі істердің ұйытқысы болу үшін деп ақша керек деп табады. Ал кейбіреулер ақшаға деген шексіз, көзсіз ынтызарлықтың жетегінде жүріп кете барады. Не дегенмен, ақша адам баласына оңай келе қоймайды. Ақша адамзатқа үш түрлі жолмен келеді: біріншісі – адал еңбек, маңдай термен, екінші – түрліше қараңғы әрекеттер нәтижесінде, үшіншісі – бағың жанғанда ғана. Қайсысын алып қарасақ та, оңай жол емес екені анық. Яғни күтпеген жерден туысыңнан мұраға қыруар ақша қалу, лотереядан ұтыс шығу және т.б. сияқты бақытты жағдай, екінің бірінің басына бұйыра бермейді. Адал еңбекпен келген ақшада адамның табан еті, маңдай тері тұр!

Алайда сынақ дүниеде басты мәселе ақша емес деп білемін өзім! Адам баласы ат басындай алтынға да сатып ала алмайтын дүниелер бар. Адам баласы қолда барға қанағат білдіріп, ақшаны үнемдей білгені дұрыс. Ақшаны үнемділікпен жұмсау керек.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Жасыл ел

14 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №14 «Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Байланысудың ең тиімді құралдарының бірі – телефон.

2

Жердің қай түкпірінде отырсаңыз да, қалаған адамыңызға қоңырау шалып, хабарласу мүмкін емес.

3

Қазақстандық физик Александр Грэхем Белл телефонды 1976 жылы Алматыда ойлап тапты.

4

Сөйлесуден бөлек, ұялы телефондар бізге хабарлама мен суреттерді жіберуге мүмкіндік береді.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Адал дос табу – қиын.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Театр

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).