Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Спорт жетістіктері

Қазақстанда спорттық барлық түрі дамыған. Көптеген ұлттық спорт ойындары бар. Көкпар, бәйге, қазақша күрес, аударыспақ сияқты ұлттық ойын түрлерінен жиі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.

Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшыларымыз бар. Мәселен, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүниежүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров – күрестен олимпиада чемпионы. Бекзат Саттарханов – Сидней олимпиадасының чемпионы.

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар әр түрлі жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.

Біздің команда қысқы Наганада өткен олимпиадалық ойында 100 команда арасында 11-орынды жеңіп алды. Атлантада біз 180 команданың ішінен 26-орын алдық. Сиднейдегі спортшыларымыздың жеңісі Қазақстанға даңқ әкелді.

ХХХ жазғы олимпиада ойындары қазақ спортшылары үшін сәтті болды. Қазақстан спортшылары бұрын соңды болмаған жетістіктерге жетті. Тәуелсіз ел тарихында алғаш рет қоржынымызда 6 алтын медаль. Олимпиаданың алтынын алған Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майа Манезаға үлкен үміт артқан спортшыларымыз сенімді ақтады. Илья Илин екі дүркін олимпиада чемпионы атанып, әлемдік рекордты жаңартты. Ел қоржынын қола медальды грек-рим күресінде өнер көрсеткен палуан Даниял Гаджиев және боксшы қыз Марина Вольнова әкелді.

№17 мәтін

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Дене жаттығулары организмді алдын-ала сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады. Дененің әртүрлі мүшелерінің қызметін дұрыс атқаруы, тамақ қорыту, қан айналу, жүректің соғысы, ми мен өкпе-бауырдың саулығы өз қолыңызда. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”, «Ас ішуге құнығу – айуандық, асқа құлықсыздық – есерлік» деген халқымыз.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2050” жолдамасында азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн: дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлықтың көп таралуы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай әдістемелерді ұсынды. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» – алақан, «джок» – табан) деп аталды. Бұл әдістеме арқылы ағзаның кез келген бөлігіндегі кеселді емдеуге болады.

18 мәтін

Бисердің шығу тарихы

Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен таралған. Бисер әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап, өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Мысалы алқа, тұмарша, сырға, білезік, белдік, сөмкелер де әшекейлеп тоқылады. Сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Өйткені, бұл – жеңіл үйренілетін өнер. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан».

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдарды жастар мен орта жастағы әйелдер тағады. Алуан түрлі бисерден әшекейленген киімдер, аяқ киімдер, сөмкелерді жиі кездестіруге болады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін бойтұмар, алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді. Бұндай бұйымдарды тұтынатын қыздардың саны күн сайын артып келеді.

19 мәтін