Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Адам мен табиғат

Адам мен табиғат егіз. Табиғаттың адамға берері мол. Тек соны түсіне білуің керек. Өзге адамдардан жақсы қасиеттерді үйренгенің сияқты, табиғаттан да үйренуге болады.

Топырақтан үлгі ал. Неге десең, ол өте кішіпейіл және ол – бүкіл тіршілік атаулының қайнар бұлағы. Құлпырған гүл де, жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады. Бірақ мынаны ұмытпа: топыраққа не ексең, сол шығады. Қалай баптасаң, солай өседі. Ең бірінші таудан сабырлықты үйрен. Тау орнынан тапжылмай тұрғанмен, оның іші қазынаға толы. Бүкіл байлық содан табылады. Жердің тепе-теңдігін сақтап тұрған да таулар. Сен де адамзаттың тыныштығын сақта. Басында мәңгілік қар жататын таулар, бір жақтан өмірден көргені мен түйгені мол, шашына ақ түскен кемеңгер қарияларға ұқсайды. Әлемдегі ауаны тазартатын да таулар. Сен де адамзатты жаман қасиеттерден тазарт. Оларға ақ жүрегіңді, мөлдір махаббатыңды сыйла.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Достық

8 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №8 «Ұлттық валюта – теңге» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Ерте замандарда теңгелерді Ақтау қаласында басып шығарған.

2

Ұлттық валютамыз 2000 жылдан бастап енгізілді.

3

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.

4

Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Тауға саяхат жасау

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин).

Туған жер

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин).

Телефонның шығу тарихы

1875 жылы Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді.

Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Қазір әлемде ұялы телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады: жай ұялы телефон, смартфон, ұялы, бейнетелефон.

Жай ұялы телефонда қонырау шалу-қабылдау, СМС, соңғы кездерді фото-бейнекамера, интернет, ММС, блютуз деген сияқты функциялары бар. Уақыт өткен сайын функциялары да көбейіп барады.

Смартфон құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялары бағдарлама ретінде жасалынған. Сол себебті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін-бірі көріп, сөйлесуге болады.

Пішініне қарай ұялы телефондар моноблокты, жайылмалы, сырмалы, сенсорлық телефон болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта ұялы телефон балада да, жасөспірімде де, үлкендер мен қарттарда да бар. Себебі ол – қазіргі заман талабы.

(«Өнертапқыштар энциклопедиясы»)

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Ана махаббаты

9 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №9 «Қазақ ғарышкерлері» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Талғат Мұсабаев Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, авиация институтын бітірген.

2

Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

3

Айдын Айымбетов ғарышта оншақты ғылыми эксперимент жүргізді.

4

Талғат Мұсабаев – ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкер.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Жастар ғаламторға тәуелді

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).