- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
«Байқоңыр» ғарыш айлағы
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр». «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.
1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты, ол тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин болатын. Ал 1991 жылы 2 қазан күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды.
«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Менің Отаным – Қазақстан
№6 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №6 «Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Қазақстанның өркендеуі – білім-ғылым саласына тікелей байланысты. |
|
|
2 |
Қазақстан минерал қоры бойынша әлемде соңғы орында. |
|
|
3 |
Қазақстан болашағының дамуына мұнай, газ кешенінің ешқандай қатысы жоқ. |
|
|
4 |
Қазақстан табиғи газдың қоры бойынша әлемде 15-орында екен. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).
Мамандық таңдау – жауапты іс. Келісесіз бе?
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Әлемдегі ең бай адам
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
Адамның табиғатты тануы
Ата-бабаларымыз аң-құстар арқылы да айналадағы құбылыстардың сырын аңғарып, құпиясын ұға білген. Бізге жеткен ата ұрпақтың пайымдауы бойынша: шағалалар көл үстінде ұшып жүріп тоқтаса, артынша ауа райы бұзылады. Ал егер шабақ балықтар су бетіне шығып қайта сүңгіп жүрсе, онда ізін суытпай жаңбыр болады.
Ашық күнде қарлығаштар ұшып, жүруін тоқтатса, онда көп ұзамай дауыл тұрады. Жазда шегірткелер шырылын тоқтатып, жым-жылас болып айналада тыныштық орнаса, онда жақын арада жаңбыр жауады. Қыста ақбөкендер жайылымын тастап, басқа жаққа жосылып кете бастаса немесе сексеуіл тоғайы мен құм төбелерді паналаса, онда ол жерде көп ұзамай боран соғады, көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады, күн батарда аспанның солтүстігі қоңырқай тартса, жел тұрады.
«Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты» деп олардың орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райын болжаған. Үркерге қарап уақыт белгілеп, күзетшілердің кезегін ауыстырған. Темірқазыққа қарап жолаушының түнгі бағытын айқындаған. Желмаясын желдіртіп халқына Жерұйық іздеген Асан қайғы бабамыз әр өңірдің қадір-қасиетін қапысыз айтқан. «Алты күнге ат семіртіп мінетін жер екен», «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған» деген сөздері – табиғат пен адамның тіл табысуының ең бір үлкен айғағы, қалыптасқан экологиялық мәдениеттің қағидалары.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Отандық туризм
№7 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №7 «Мемлекеттік рәміздер тарихынан» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Мемлекеттік Елтаңба мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға салынбайды. |
|
|
2 |
Мемлекеттік Әнұранды салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде орындайды. |
|
|
3 |
1996 жылы 4 маусымда ресми рәміздеріміз туралы заң қабылданды. |
|
|
4 |
Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер: Ж.М.Мәлібеков, Ш.Ы.Уәлихан. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).
Адамның қазіргі жағдайдағы ең басты мәселесі – ақша. Келісесіз бе?
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Өнер тарландары
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
